Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
t_1241_zhiribelik_da_1171_dylar_2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33.52 Кб
Скачать

10. Сұйық қорек ортасына себу жасау.

Қорек ортасына себуге универсальды құрал болып бактериологиялық ілмек (пласмасты бір рет қолдану немесе металдан жасалған көп реттті қолданатын) табылады. Сонымен қатар, себуге арнайы бактериологиялық инені қолданады, ал Петри тостағаншасында себу жүргізуге – металдан, әйнектен немесе пласмассадан жасалған шпатель қолданады. Ілмекпен қатар сұйық материалдар себуге пастерлік және градуирленген пипеткалар қолданады. Микробтармен манипуляция жүргізудің барлығы стерильденген от жалынының жанында орындалады. Сұйық қорек ортасына себу жасау кезінде зерттелетін затты (бактерия) қорек ортасына салып, араластырамыз. Термостатқа 37С-та 24-48 сағ қоямыз. Бактериялар сұйық қорек ортасында тұнба түрінде, қорек ортасының бетінде пленка түрінде және диффузды түрде өсіп шығады.

12. Зерттелетін материалдан вирустарды бөлу үшін тауық эмбрионын жұқтыру ережелері мен әдістері.

Зақымдамас бұрын тығыз қабықшамен (скорлупа) ауа кеңістігінің үстін спиртпен немесе йодпен өңдейді. Жұмыртқаның доғал жағының ортасынан тесік жасап, сол арқылы иненің немесе Пастер пипеткасының көмегімен зерттелетін затты амнион қуысына енгізу. Тесікті парафинмен бітеу. Зақымдалған эмбрионды термостатқа қою, онда белгілі бір ылғалдылық сақталады. Инкубация уақыты зерттелетін вирустың қасиетіне байланысты. Толық емес

13. Шыны бетіндегі агглютинация реакциясы

Шыны бетіндегі агглютинация реакциясын, диагностикалық агглютинерлеуші сарысуының бір ерітуімен қойылады, оның титрына байланысты 1:10, 1:25, 1:50 және 1:100 қатынасын құрайды.Заттық шыныны карандашпен 2 бөлікке бөледі.Бір бөлікке бір тамшы натрий хлориді изотоникалық ерітіндісін, екіншісіне- бір тамшы сарысуды тамызады. Сосын ілгекпен әрбір тамшыға бактерия дақылының біраз мөлшерін қосып, әрбір тамшыда біркелкі масса түзілгенге дейін шеңберлі қозғалыспен араластырады. Шыныны спиртовка бетінде жоғары ұстап, 2-4 мин қыздыруға болады. Реакция тез жүреді. Тамшыда агглютинт дәдерінің пайда болуын бақылайды. Нәтижені 3-5 мин кейін шығарады.

14. Пробиркада агглютинация реакциясы.

Алдымен сары сулардың ерітулерін дайындайды, олар титрына байланысты 1:50, 1:100 немесе 1:1000 құрайды. Сосын сары сулардың ерітулер сериясын қатардағы алдыңғы пробиркадан келесі пробиркаға 1 мл-ді тасымалдау арқылы жасайды. Соңғы пробиркадан 1 мл ерітілген сары суды бірдей көлемді сақтау үшін алып тастайды. Бақылау пробиркасына (контроль антигена) 1 мл натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісін құяды. Сарысу ерітілген әрбір пробиркаға және бақылау пробиркасына пастер пипеткасымен 1 мл 3 млрд микроб денелері бар 2 тамшы бактерия массасын енгізеді. Пробиркаларды шайқап, термостатқа 2 сағатқа 37С қояды, сосын 1 тәулік бөлме температурасында сақтайды. Агглютинация реакциясының нәтижесін бақылау пробиркасынан бастап, ақырын шайқап, әрбір пробирканы кезекпен бағалайды.

Агглютинация реакциясының интенсивтілігін келесі белгілер бойынша анықтайды: ++++ толық агглютинация – аггютинат хлопьясы нағыз мөлдір сұйықтықта, +++ толық емес агглютинация – хлопья әлсіз палесцирлеуші сұйықтықта, ++ жартылай агглютинация – хлопьяны көруге болады, сұйықтық аздап лайланған, + әлсіз, күдікті агглютинация- сұйықтық өте лайлы, ондағы хлопьялар көрінбейді, - агглютинация жоқ, сұйықтық біркелкі лайлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]