Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
973.82 Кб
Скачать

5.Сабақты бекіту, қорытындылау:

Жұмбақ дегеніміз не?

Жұмбақтардың қандай түрлері бар?

6. Бағалау: Білімдеріне қарай баға қою

7. Үйге тапсырма беру: Жұмбақтарды жаттап келу және мазмұндау.

Сыныбы: 5- сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қорқыт атаның түсі»

Сабақтың міндеті мен мақсаты:

А) Білімділігі: мәтіннің мазмұнын түсіндіру, оқушылардың шығармашылық , танымдық қабілеттерін нығайту, өздігінен жұмыс істей білуге машықтандыру.

Ә) Тәрбиелігі: жауапкершілікке, сауатты және ұқыптылыққа, көркем жаза білуге тәрбиелеу.

Б) Дамытушылығы: логикалық ойлауды, сөйлеу, қиялды және ауызекі сөйлеу мен жазба тілді дамыту.

Сабақтың түрі: жазба жұмысы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, талдау, әңгімелесу

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка

Пайдаланылған әдебиет: Мазмұндамалар жинағы, 5-9сыныптар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Мазмұндаманы оқып, түсіндіру

3. Мазмұндаманы жазғызу

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма беру

6. Бағалау

1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2. Мазмұндаманы оқып, түсіндіру:

Қорқыт атаның түсі

Күндердің күнінде бойы өсіп, бұғанасы қатқан Қорқыт түс көреді. Түсінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие қарт аян береді: «Уа, Қорқыт, тұр! – дейді. – Сен бір аспап жаса. Аспабың алты жасар нар атанның жілігіндей болсын, шанағы бақырдай болсын, тиегі ортекенің мүйізінен болсын, ішегі бесті айғырдың құйрығынан болсын. Аспабыңның аты қобыз болсын. Сол қобыз қиялыңа қанат, жолыңа шырақ, жаныңа араша болар!»

Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянса, көкірегі күйге толып, көмейінен сөз саулағандай халде екен дейді. Сол бетінде қобыз жасауға кірісіп, әулиенің қойған барлық шарттарын орындайды. Сонан соң қобызды қолына алып, құлағын бұрап, қияғын шалып көрсе, сарнап қоя береді. Әлгі көкірегін кернеген күй қобызына көшіп, аспан асты сазды сарынға бөленеді. Ұшқан құс, жүгірген аң, ескен жел – бәрі сүттей ұйып, қобыз күйін тыңдайды.

  • Оқушыларға қорқыт ата туралы қысқаша мәлімет беру.

  • Бұрын кездеспеген сөздердің мағынасын ашу, тақтаға жазып қою

бұғана – адамның дене мүшесі, бел омыртқа

нар атан – бір өркешті түйе малы

бақыр – 1)тайпақ ыдыс,

2) күміс тиын.

ортеке – тау теке

бесті айғыр – бес жасар еркек жылқы

қияқ – ішек

3. Мазмұндаманы жазғызу:

  • Оқушыларға мәтінді екі-үш қайтара оқу

4.Сабақты бекіту, қорытындылау:

Қорқыт деген кім?

Қорқыт атаның түсінде не деп аян береді?

5.Үйге тапсырма беру:

Қорқыт ата туралы деректер жазып әкелу

6.Бағалау:

Әдебиет 5- сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер

Сабақтың міндеті мен мақсаты:

А) Білімділігі: оқушыларға ертегілер туралы түсінік беру; ертегілердің ерекшеліктері жайында ұғындыру.

Ә) Тәрбиелігі: көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу.

Б) Дамытушылығы: мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: оқулық

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, жаратылыстану

Пайдаланылған әдебиет: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев Қазақ әдебиеті, 5 - сынып, Алматы «Атамұра» 2010ж.

Сабақтың барысы:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]