Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

4.Тапсырмалармен жұмыс:

  • Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру

зейнет – еңбек рақаты, жемісі, игілік

елгезек – айтқанда екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық

мұрат – алға қойған мақсат, арман, тілек

тәуекел – бір іске жалтақтамай белді бекем буғандық

батпан – қолақпандай, үп-үлкен

мысқал – болар-болмас, азғантай, кішкентай

шөміш-ожау

  • Мақал-мәтелдерді оқытып, мағынасын ашу

  • Берілген сабағатты дәптерлеріне жазғызып, мән-жайын талдау

Абай Құнанбайұлы: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар», - дейді. «Алтын көрсе періште жолдан таяр», «Атың шықпаса, жер өрте», «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» .

  • Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу

5.Сабақты бекіту, қорытындылау:

Мақал дегеніміз не?

Мәтел дегеніміз не?

Мақал-мәтелдердің қандай түрлері бар?

6. Бағалау:Жауаптарына қарай баға қою

7.Үйге тапсырма беру:

Мақал-мәтелдерді жаттап келу және мазмұндау

Әдебиет 5- сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақтың міндеті мен мақсаты:

А) Білімділігі: оқушыларға жұмбақтар туралы түсіндіру; білімдерін арттыру, жұмбақ жасыру да өнер екендігін ұғындыру.

Ә) Тәрбиелігі: көркем әдебиетті сүйіп оқуға, жұмбақтарды пайдалану арқылы әдеби тілді көркемдеп сөйлеуге тәрбиелеу;

Б) Дамытушылығы: мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмбақтар туралы кітаптар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, жаратылыстану

Пайдаланылған әдебиет: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев Қазақ әдебиеті, 5 - сынып, Алматы «Атамұра» 2010ж.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2. Үй жұмысын сұрау: үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнын сұрау

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол-бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал-мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып айтып отырған. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар, мал, жан-жануарлар, адам, оның дене мүшелері, еңбек құралдары, т.б.

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты не табиғат құбылысын тұспалдап айтатын ауыз әдебиетінің бір түрі. Жұмбақ қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де болады.

4.Тапсырмалармен жұмыс:

  • Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру

бір демде – тез арада, лезде, дереу

қайқы – қайқиған, имек

елеуіш – ұн, тағы басқа заттар елейтін елек

желін – сүт қоректі жануарлардың сүт бездері

бордақылау – малды жемге байлау, семірту

көген – қой, қозы-лақтарды мойындарынан желі арқанға қатарлап байлайтын бау жіптер тізбегі

ақыр – астау, науа

Сергіту сәті: үш қатармен мақал-мәтел жарысын өткізу

  1. Көп түкірсе -... . Еңбек түбі - ... . Нар тәуекел – ... .

  2. Ерді намыс өлтірер, Жеті жұрттың тілін біл, Айдағаның бес ешкі,

... ... ...

  1. Қасықтап жинағанды Ұлдың ұяты – әкеге Жаздың бір күні

... ... ...

  • Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу

  • Қарасөз түріндегі жұмбақтар жасыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]