Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
973.82 Кб
Скачать

1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

II. Үй жұмысын сұрау: үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнын сұрау

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы – тұрмыс-салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс-салт жырлары деп атайды

Тұрмыс (күнделікті өмір), салт (дәстүр).

Тұрмыс-салт жырларының тағы бір түріне бесік жыры, тұсаукесер жыры, жар-жар, тойбастар, беташар, бата-тілек, жоқтау жатады.

Тұрмыс-салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп. Төрт түлік мал қазақ халқының күнкөрісінің көзі болған.

Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы адам баласы өзінің де малға ерекше қарайтындығын білдіреді.

1.Тапсырмалармен жұмыс:

  • Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру

марқасқа – нағыз мықты, зор

жолды жігіт – жолы болған жігіт

бұрынғының жолымен – дәстүрге айналған салт

құнан қойып шайлатып – шайдың өзіне құнан қой сою

сәрсенбі – қазақтардың түсінігінде жақсы істі бастайтын сәтті күн деп есептелген

қотан – қой жататын жер

тілдің желі – тілдің қуаты, күші

  • Салт өлеңдерін мәнерлеп оқыту

  • Мағынасын ашу

  • Әдебиет теориясы бойынша түсінікті дәптерлеріне жазғызып қою

Тұрмыс-салт жырлары – халықтың тұрмысы мен салтына байланысты туған жырлар. Олар еңбек пен кәсіпке, әдет пен ғұрыпқа байланысты тақырыпта сол мазмұнда айтылады.

Бәдік жырлары – әр түрлі ауруларды емдеу ниетімен айтылатын тақырыпта сол мазмұнда айтылады.

  • «Мен өз халқымның салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын құрметтеймін» атты тақырыпта шығарма жазғызу

IV.Сабақты бекіту, қорытындылау:

Тұрмыс-салт жырлары дегеніміз не?

Тұрмыс-салт жырларының қандай түрлері бар?

Тұрмыс-салт жырларына нелер жатады?

V Бағалау: Білімдеріне қарап баға қою

VI .Үйге тапсырма беру:

Мазмұндау, салт өлеңдері мен бата-тілек жырларының біреуін жаттап келу

Әдебиет 5-сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал жайындағы өлең -жырлар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: жан-жануарларға байланысты өлең жырлар жайында ұғындыру, ауыз әдебиетінің көне түрі тұрмыс-салт жырлары туралы білім беру;

2. Тәрбиелігі: көркем әдебиетті сүйіп оқуға, әдебиет өнерін бағалай білуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылығы: мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын дамыту; ұлттық сана, ұлттық тәлімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тұрмыс-салт жырлары жайлы әдебиеттер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка, жаратылыстану

Пайдаланылған әдебиет: қазақ тілі (оқулық)

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2. Үй жұмысын сұрау: үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен сабақта өтілген тақырыптың мазмұнын сұрау,өлеңді жатқа сұрау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]