Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
973.82 Кб
Скачать

6. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша.

«Жасыл ел» сұрақтары:

1. Ақан серінің шын аты кім? (Ақжігіт)

2. Ақанның тазысын ата. (Көкжендет)

3. Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипатына сүйеніп айтты?

4. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып жүрген бала кім? (Шашубай)

5. Қазақ халқының «Ас» дәстүрі жайлы не білесің?

6. Ақанның мылқау баласы кім? (Ыбан)

7. «Құлагер тағдыры» картинасының авторы кім? (Мұратбек Жоламанов )

8. Ақанның бүркітінің аты. (Қараторғай)

9. «Құлагер» фильміндегі Ақан ролін сомдаған актер кім? (Қ. Сатаев)

10. Ақан алғаш қай жерден сауат ашты? (молдадан)

11. Құлагер қатысқан жарыс бәйгенің қай түріне жатады? (Аламан)

12. Бәйгенің түрлерін ата.

13. Шығармадағы ұлттық өнерлерді ата.

Міне, шығарма соңындағы Құлагердің өлімі, Ақанның басқа да алған жарларының бірінен соң бірі қайтыс болуы, Базаралы деген тазысы, Көкжендет деген қаршығасы, Қараторғай атты қыран бүркітінен айрылуы оның жанын жегідей жеп, жүрегін сыздатып, өмірден түңілуіне әкеледі. Өмірінің соңында елден оқшауланып, елсіз тауда жалғыз күнелтеді. Ақан жанын түсінбеген қараңғы ел оны «жынданды» деп есептейді. Осылайша Ақан өмірінің аяғында трагедиялық ауыр хал кешіп, 1913 жылы дүниеден өтеді.

Үйге тапсырма: «Құлагер-омыртқамның ішіндегі жұлыным-ай» (ойтолғау)

Бағалау: «Бағалау парақшалары» арқылы

Сабақ № 5 күні:

Сабақ тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіре отырып, Тұманбай Молдағалиев өмірі меншығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу;

Дамытушылық: Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, мәтіннің тілі мен әлемін таныту, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,

Тәрбиелік: Шығарманың тәрбиелік жақтарын ұғыну, адамгершілік, адалдық қасиеттерді дәріптеу.

Сабақ түрі: Жаңа шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тірек-сызбалар пайдалану,сұрақ-жауап, түсіндіру, ойталқы.

Сабақтың көрнекілігі: Т.Молдағалиевтың суреттер топтамасы, хронологиялық кесте, тапсырмалар, нақыл сөздер, естеліктер, кітаптар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Назарларын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

С.Жүнісов өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз.Шолу жаса.

ІІІ Жаңа сабақ мазмұны

2.Т.Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы

а)Хронологиялық кесте

1935жылы 20наурызда

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» ауылы

1956 жылы

ҚазМҰУ-дың филология факультетін бітірді «Пионер», «Лнеиншіл жас»баспаларында бастайды.

1973 жылы

Бас редактор болады

1992 жылы

Физули атындағы Халықаралық сыйлық табыс етілді

2012жылы

өмірден қайтты.

Шығармалары:өлең, поэма, көптеген кітаптары шықты.

Сазгерлігімен, аудармашылығымен де танылған.

Кітаппен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Мағынасын ашу сұрақтары

1.Шығарма кімге арналған?

2.Қандас бауырлар, оралмандар дегеніміз кімдер?

3.Ақын бойынан қандай сезімді байқадыңыздар?

4.Қазіргі таңда қазақ халқының саны қанша?

Мұғалімнің толықтыруы:Шығарма 1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына орайлас жазылған. Ақын ертеректе қазақ халқының басына ауыр күндер туғанда ел асып кеткен қандас-бауырларымыз туралы жазады. Еліміз егемендік алғаннан кейін сол кісілер елімізге қайта оралып жатыр.Елбасы ол кісілерге үлкен қолдау көрсетіп жатыр.

Сатылай талдау

Автор: Т.Молдағалиев

Тақырыбы: Бауырлар

Идеясы: әлемнің әр түкпірінде жүрген қандас бауырларға тілек

Жанр түрі: лирика

Көркем тілі. поэзия

Өлең құрылысына талдау:шумақ, бунақ, тармақ, ұйқас, буын.

Көркемдік ерекшелігі: эпитет, теңеу

Тәрбиелік мәні: қандас бауырларымыз шетте жүрсе де өздерінің

салт-дәстүрін, тілін, дінін ұмытпаған.Қазақты қадір тұтқан.

Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Өлеңде көтерiлген

проблема

Проблеманың ашылуы

туралы шумақ

Өлең техникасы

Оқушы ой-тұжырымы

Шетте жүрген қандас бауырларымызды тарихи Отанына шақыру

Менiң жерiм мына жер-сенiң жерiң...

9 шумақты,

4 тармақты,

3 бунақты,

11 буынды қара өлең ұйқасына құрылған

«Туған жерге туың тiк», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]