Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
973.82 Кб
Скачать

IV.Сабақты қорытындылау

«Ер қанаты-ат» ой толғау

V.Үйге тапсырма

Үзіндіні толық оқу.

І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын қосымша оқу.

VI.Бағалау

Сабақ №3 сынып: 5 «а» күні:

Сабақтың тақырыбы: Құлагер сипаты

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Шығарма желісімен Құлагердің сипатын ашу.

2.Дамытушылық:Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.

3.Тәрбиелік: Жеті қазынаның бірі жылқы туралы ойларын кеңейте отырып, батырлар мінген сәйгүліктердің ерекшелігін арттыру.Салт-дәстүрге баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушыларды сабаққа даярлау.

Үй тапсырмасын сұрау.

Сәкен Жүнісов өмірін әр топтан бір оқушы бастап , екінші жалғастырады. Үйден салып келген суреттерін тексеру мадақтау.

«Автор орындығы» әдісі

Балалар , сендер Сәкен Жүнісов ағаларыңмен кездескілерің келе ме?

Онда ортадағы автор орындығына отыруға кім дайын?

Оқушылар авторға бірнеше сұрақтар қойып , жауап алады.

Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымызда Сәкен Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» шығармасындағы Құлагерге сипаттама береміз. Оқушыларды топқа бөлу.

I.Қызығушылықты ояту

Үнтаспадан Ж.Елебековтың орындауындағы Ақан серінің әні «Құлагер» әнін тыңдату.

Ассоциациялық аймақ құру.

«Жылқы » сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

Соны жазыңдар (тақтаға таза плакат ілінеді).оқушылар әр жерден білгендерін айтады. Бір оқушы немесе мұғалім жазып тұрады

Төрт түліктің пірі

II.Мағынаны ашу

«Болжау картасы»

1. Не болады деп ойлайсың?

2. Себебі.

3. Не болды?

Шығарма желісін оймен жинақтау.

Оқушыларды санау арқылы экспорт топқа бөлу. Әр топқа тапсырма беру.

1 – 4 ретімен санап топқа бөлінеді. №1 оқушылар 1 топқа, №2 оқушылар 2 топқа жиналады. Шығарманы 4 – ке бөліп әр топ оқушыларына беремін. Әр топ оқушылары берілген тапсырманы іштей оқып, мазмұнын өз тобында талдайды, айтып береді. Сонан соң оқушылар бастапқы топқа жиналады. Әр оқушы шығармадағы өзінің оқығанын айтып береді.

Тапсырма:

1-топ: «Құлагер» атқа сипаттама жаз.

Құлагердің иесіне сипаттама жаз.

2-топ: Бапкеріне сипаттама бер.

Шабандозына сипаттама бер.

III.Ой толғаныс

Қазақтың салт-дәстүріне сүйенсек жылқыны төрт түлік, жеті қазына деп айтады. Сол туралы оқушылармен ой бөлісу. Атпен ойналатын қазақтың ұлттық ойындары туралы айту: «Көкпар, Теңге алу, Аударыспақ».

Бәйге жарысы т.б. Елтаңбадағы пырақ туралы сөйлету.

«Төрт түліктің пірі-жылқы» тақырыбында шығарма жазу.

Қорытындылау

Семантикалық кесте

Мақалдар

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз.

Арыстан болсаң жау үшін.

Тәуекел ет те тас жұт,

Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл,

Түлкідей болсын әдісің.

Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл.

Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.

Ажал жетпей өлмек жоқ.

Үйге тапсырма

Шығарманы толық оқу. Сурет салу «Батырлар мінген сәйгүлік»

Бағалау

Сабақ №4 күні:

Сабақтың тақырыбы: С. Жүнісов «Ақырғы бәйге» 3-сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Ақырғы бәйге» әңгімесінен алған білімдерін бекіту;

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды елжандылыққа, адами қасиеттерге, сұлулықты сақтауға және өнерсүйгіштікке баулу;

Дамытушылық: Көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау жасату арқылы

баланың ой-қиялын дамыту;

Сабақтың түрі: Жинақтау, бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: СТО әдістері

Сабақтың көрнекілігі:Ақан портреті, С. Жүнісов «Ақан сері» романы,

І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, элетронды оқулықтар

(«Құлагер» фильмінен үзінді), суреттер, үлестірмелер, т.б.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу: а) Құлагер тобы ә) Көктұйғын тобы

Оқушылар өз топтарының аттарын қорғап шығады)

Сабақ жоспары:

1. Арқаның атақтысы – Ақан (Топтастыру)

2. Салыстыру

3. Семантикалық карта

4. Әдебиет лотосы

5. Соңғы сөзді мен айтайын…

6. Жасыл ел

С. Жүнісов кім? Оның «Ақырғы бәйге» шығармасы қай романнан үзінді? Бұл шығармаға кімнің тағдырын арқау етті?

1. Топтастыру

2. Салыстыру. Балалар, Ақан сері тағдыры жайлы жазған тағы кімдердің шығармаларын білеміз?

(Бейнефильмнен үзінді жасырылады, оқушылар оны шығармадан тауып, «Ақырғы бәйгемен»

Салыстырады. «Аттың сыны», «Бәйге жарысы»)

3. Семантикалық карта

Кейіпкер

Кейіпкер сөзі

Күреңбай сыншы

Батыраштың баласы Мәттақын

Жаршы

Ақан

Мөңке

Құлагер

1

«Ат шаппайды, бап шабады» деген бар есем пе?Құлагердей аттың бабы келіссе, мұның алдына кім түсер?

2

Уа, жарандар, жарандар, бәрің де маған қараңдар, аттарыңа мініңдер, тауға қарай жүріңдер.

3

-Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Құлагерді тым қыспа.

4

Шіркін-ай, құдай тағаланың кәрімен атың сүрінсе, допша домалап, ат үстінен құласаң.

5

Саған жамандық тілеп қайтем, сен қаласың, мен озамын. Қазір сонау бір кезеңде шаңымды да көрмей қаласың.

6

Айдалада жалғыз қалдырмай, жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар. Ризамын саған


Әрине, шығарма Құлагердің мерт болуымен және Құлагер әнінің шығуымен аяқталады. Құлагер әнін кім орындады? (Фильмнен үзінді «Ақан жоқтауы»)

5. Соңғы сөзді мен айтайын...

(Егер, сендер жазушы болсаңдар, осы шығарманы қалай аяқтар едіңдер?)

ІV Сабақты қорытындылау:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]