Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
973.82 Кб
Скачать

V.Бекіту.1.Әңгіменің кейіпкерлері Барлас пен Байкөкше туралы айтылады.Барлас-Дулат Бабатайұлы туралы айтылады.Байкөкше Балғынбайұлының Абаймен достық қарым-қатынасы әңгімеленеді.

2.Байкөкшенің Абай туралы көрген түсі оқылды.(«Егемен Қазақстан»№188 2/іх.1993ж. Нысанбек Төреқұлов «Биік болмыс». )

3. «Тұжырым»кестесі толтырылды.

Бөлімдер

Абайдың көңіл-күйі

Себебі

Әңгіменің басында

Абай науқас

Ауылдағы кісі

Қонақтар келгенде

Қатты қуанады

Әңгіме тыңдайтынына

Қонақтар аттанарда

Аурудан айығады

Өнерден ем табады

Мұғалімнің жетелеу сұрақтарына оқушылар жауап береді. «Әңгіменің басына Абай неге ауырады?»деген сұраққа оқушылар толық жауап бере алмайтындықтан мұғалім өзі айтуы тиіс.Қою сызықтың ішіндегі жазулар оқушылардың жауабынан соң ілінеді.

«Абай құлан-таза жазылып кеткен ғой»деген сөйлемін оқытып ойды қорыту.Абай нәр алған бұлақтың бастауы ауыз әдебиеті екенін,Абайдың науқастан жазылуына өнердің әсері екенін айта келіп,бізге келген қонақпен,яғни жыршымен таныстырылды. (Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті, «Шабыт»фестивалінің жүлдегерінің орындауында терме тыңдалды.)

VI.Үйге: 1)әңгімені оқу;

2) «Әжем айтқан ертегі» (шығарма).

Сабақ №15-16 « »____ « »________2012 жыл

Сыныбы : 5

Сабақтың тақырыбы:Сәбит Мұқанов «Лашын».

Сабақтың мақсаты: білімділік: Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі»романынан алынған үзіндіні,яғни «Лашын»шығармасын оқыту арқылы құс салу,аң аулау-халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық ерекшелігі екендігін оқушылардың санасына жеткізу;дамытушылық:әңгімеден құстардың қасиетін,мінезін,қай кезде жайылымға шығатындығы жайлы түсіндіре отырып,оқушының танымдық қасиетін дамыту; тәрбиелік: оқушының бойына ұлттық сана-сезім,ұлттық тәрбиені қалыптастыру,елін,жерін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,іздендіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Сәбит Мұқановтың портреті, «Лашын» құстың суреті.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.

2.Үй жұмысын тексеру:үйге берілген тапсырманы тексеру,өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнын сұрау.

1)Абай Құнанбаев кім?

2)Абайдың үйіне келіп түскен ақын қонақтар жайында не білесіңдер?

3)Портрет дегеніміз не?

3.Сабақты түсіндіру.

-Бүгін, балалар, сендер Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романынан алынған үзінді,яғни «Лашын» шығармасымен таныс боласыңдар.Бұл әңгіме оқиғасы, жазушының өз өмірінен алынғандықтан І жақта баяндалады. Жазушы Балтабай аулына мұғалім болып келіп,өзінің бос уақытын аңшы,құсбегі Ахметпен өткізетіндігі туралы шабытпен жазған.Мәтінді оқығанда:жазушының лашын құсты суреттеуін, лашын мен иесі Ахметтің бірін- бірі сонша терең сезініп, түсінетіндіктерін,Ахметтің зеректігін,байқағыштығын,ептілігін суреттеп, баяндап,керемет бейнелеп беруін байқаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]