Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
973.82 Кб
Скачать

3. Сабақты түсіндіру:

Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы – тұрмыс-салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс-салт жырлары деп атайды

Тұрмыс (күнделікті өмір), салт (дәстүр).

Тұрмыс-салт жырларының тағы бір түріне бесік жыры, тұсаукесер жыры, жар-жар, тойбастар, беташар, бата-тілек, жоқтау жатады.

Тұрмыс-салт жырларының төрт түлік малға, наурызға арналған түрлері бар. Төрт түлік мал қазақ халқының күнкөрісінің көзі болған. Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы адам баласы өзінің де малға ерекше қарайтындығын білдіреді.

4.Тапсырмалармен жұмыс:

  • Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру

  • Төрт түлік малға байланысты өлеңдерді мәнерлеп оқыту

  • Мағынасын ашу

  • Әдебиет теориясы бойынша түсінік сөздерді дәптерлеріне жазғызып қою

Көркемдегіш сөз қолданыстар деп көркем шығармада қолданылған әсерлі сөздерді айтады. Мысалы, «тастан –тасқа секірген», «ай мүйіз», «шағаладай», «ойдан-қырдан армансыз әкеп мата», т.б. сөздер көз алдыңа әдемі суреттер елестету үшін қолданылған. Бұларды белгілі бір затқа не құбылысқа өң беріп, көркемдеп тұр дейміз.

  • Берілген тапсырма-сұрақтарға жауап беру

  • Берілген сабағаттарды оқыту

5.Сабақты бекіту, қорытындылау:

Тұрмыс-салт жырлары дегеніміз не?

Тұрмыс-салт жырларының қандай түрлері бар?

Тұрмыс-салт жырларына нелер жатады?

Наурыз сөзінің мағынасы қандай?

Төрт түлік малдарды кім атайды?

6.Бағалау Жауаптарына қарай баға қою

7.Үйге тапсырма беру

Мазмұндау, төрт түлік малға байланысты байланысты өлең-жырларды жаттап келу

Әдебиет 5-сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Наурыз туралы өлеңдер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

2. Тәрбиелік

3. Дамытушылық:

Әдебиет 5-сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың міндеті мен мақсаты:

А) Білімділігі: оқушыларға мақал-мәтелдер туралы түсіндіру, олардың ерекшеліктері жайында мағлұмат беру;

Ә) Тәрбиелігі: көркем әдебиетті сүйіп оқуға, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы әдеби тілді көркемдеп сөйлеуге тәрбиелеу;

Б) Дамытушылығы: мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, мақал-мәтелдер туралы кітаптар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих,

Пайдаланылған әдебиет: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев Қазақ әдебиеті, 5 - сынып, Алматы «Атамұра» 2010ж

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2. Үй жұмысын сұрау: үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнын сұрау

3.Жаңа сабақты түсіндіру:

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал-мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан: еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер- білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы, т.б.

Мақал-мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады.

Мақал – халық поэзиясының жанрлық түрі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере алатын ықшамды нақыл сөз. Мақалда ой тиянақты болады. Мақалдардың танымдық та, тәрбиелік те мәні зор.

Мәтелде көбінесе айтылатын ойдың ұшығы, тұспалы ғана болады. Мысалы, «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен». Мұндағы ой тиянақты емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]