Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
973.82 Кб
Скачать

III. Ойтолғаныс

«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

Жағымды кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

Періште, Алла тағала,Адамата, Хауана

Ібіліс(сайтан)

Жақсы әрекет

Жаман әрекет

Адамды жаратуы, жақтаушысы,жұмаққа кіргізуі

Адамата мен Хауаананы азғырып жеміс ағашын жегізуі, көре алмаушылығы

Төмендегі діни термин сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.

Алла, азан, айт, амин, иман, зекет,құран, тәкбир, сәжде.

IV. Сабақты қорытындылау

1. Адаматаны жаратудағы Алланың ойы қалай?

2.Адамды Алла қалай жаратты, оның тұңғыш есімі кім?

3.Теріс жолға салушы кім?

4.Алланың Ібіліске берген жазасын айт.

V. Үйге тапсырма

Мәтінді толық оқу. Дінге байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.

VI.Бағалау.

«Өзін-өзі бағалау» парағы қолданылады.

Сабақ тақырыбы: Сымайыл

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Діни мифтік әңгімелердің құрылысына талдау жасай отырып, «Сымайыл» әңгімесінің тақырыбын, идеясын,тәрбиелік мәнін ашқызу.

2.Дамытушылық: Оқушы ойын белгілі бір мәліметтер арқылы дәлелдеуін, кейіпкердің іс-әрекеттеріне сай баға бере білуін, өз ойын ашық жеткізе білуін дамыту .

3.Тәрбиелік: Хикаят мазмұны арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: жаңа білім беру

Сабақ әдісі: баяндау, талқылау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, тіл

Көрнекілігі: имандылық туралы мақал, нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

Құран Кәрім, Адамата туралы білетіндерін сұрау.Жазған мақалдарын оқыту.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыз «Сымайыл» әңгімесі. Әңгіме екі бөлімнен тұрады.Бүгін бірінші

бөлім бойынша жұмыс жасаймыз.Сабақ мақсаты қойылады.

Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Сұрақтар арқылы мағынасын ашу.

1.Шығарма не туралы?

2.Қай жанрға жатады?

3.Қандай сөздер жиі қайталанып тұр?

Тақтаға жоспар ілінеді және оқушыларға жоспар желісімен әңгімелету.

1.Ибраһим-Сара-Ажар арасы.

2.Бала үшін Ажарға үйленуі.

3.Өмірге бала келді.

4.Қызғаныш.

5.Ибраһимнің әйелінің айтқанын істеуі.

6.Ибраһим пайғамбардың зары.

Мұғалімнің толықтыруы.Бұл шығармада алланың аты жиі кездесіп тұр. Себебі

Ибраһим дінге берілген, аллаға сенетін адам.Ол әйелінің айтқанын істеп, Ажарды

елсіз жерге апарып тастағанда,тек бір аллаға тапсырады.Бұл жерде Сараның көре

алмаушылығы, қызғанышы айтылады.

Топтық жұмыс

1-топ: шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу.

2-топ: шығармадағы сөздіктермен жұмыс.

3-топ: шығармадағы жер,су атауларын теріп жазу.

Топтар бір-біріне сұрақтар дайындайды.

IV. Сабақты бекіту

«Түсініктеме» күнделігі

Әңгімелеу

Сипаттау

Пайымдау

Не болды?

Қандай?

Неліктен?

Шығармашылық жұмыс

«Адалдық, адамдық жол Құраннан басталады» ойтолғау.

V. Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

1.Әңгіме неге Сымайыл деп аталған?

2.Сымайылдың қандай күнәсі бар?

3.Үлкендердің әрекеті дұрыс па, бұрыс па?

4.Елсізде қалған Сымайылдың тағдыры не болады деп ойлайсыздар?

VI.Үйге тапсырма

Әңгімені толық оқу, екінші бөлімді қосымша оқып келу тапсырылады.

Жақсылық, шыдамдылық туралы нақыл сөздер жазып келу.

VII.Бағалау.

Сабақ тақырыбы: Зәмзәм

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік:Зәмзәм әңгімесінің құрылымына талдай жасай отырып, бала тағдырының Алла рақымымен оң шешілетіндігін оқушыға түсіндіру.

2.Дамытушылық:ой елсенділігін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оушының тіл байлығын, сөздік қорын байыту.

3.Тәрбиелік: мейірімділікке, имандылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау және жазу

Пәнаралық байланыс: география, тарих

Көрнекілігі: сызбалар, кестелер,интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]