Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
973.82 Кб
Скачать

IV.Сабақты бекіту

Екі топқа мынандай сұрақ беріледі. «Қазіргі кезеңде әр түрлі діндердің пайда болу себебі неде??»

1- топ: Қазақстан көпұлтты мемлекет.Сондықтан әр ұлттың өзіндік діні бар,еліміздің тыныштығын сақтау үшін дінге шектеу сауға болмайды.

2- топ: Қазір неше түрлі діндердің шығуы, олрдың жан түршігерлік әрекеттеріне көзімізді жұмып қараймыз ба? Жоқ дінге тоқтам салу керек. Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мұсылмандық дінді ғана ұстаулары керек. Теріс діндерден бойымызды аулақ ұстайық.

Мұғалімнің шешімі: өз дініміз бен тілімізді көтерейік. Жанымыз бен тәнімізді таза ұстайық. Әр мұсылман бойынан мейірім, қайырым, адамгершілік қасиеттері табылсын.

V. Сабақты қорытындылау

1. Құран Кәрім қай тілде жазылған?

2. Құран кімге, қалай уахи түсті?

3.Құран Кәрімде қанша сүре бар?

4.Құранда қандай мәселелер қамтылған?

5. Құран кімнің кезінде тұңғыш рет кітап болып басылды?

VI. Үйге тапсырма

1.Мәтінді оқу, мазмұндауға дайындалу.

2. Дін туралы мақал - мәтел, нақыл сөздер жазып келу

3.Абай, Шәкәрім шығармаларынан дінге қатысты өлең шумақтарын жаттап келу

VII. Бағалау

Сабақ тақырыбы: Адамата

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік:Алла тағаланың Адамды жаратуы туралы деректермен таныстыру,Адамата мен Хауаана, Ібіліс туралы түсініктерін кеңейту.Қазіргі таңдағы тіліміздегі діни терминдердің қолданысын ашу.

2.Дамытушылық: Мәтінге талдау жасай отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау және жазу.

Пәнаралық байланыс: дінтану, тарих, қазақ тілі

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, зейіндірін сабаққа аудару. Сыныпты топпен отырғызамыз.

I. Қызығушылықты ояту

Айналайын Адам Ата, Хауа ана,

Алдыменен қайсың едің бастаған?

Әлде сен бе, айналайын, Хауа ана,

Қауызын ашқан гүлге ұқсап қараған?

Сыныпқа сұрақ. «Адам қалай жаратылды?»

Жеке, жұпта, топта тақылайды.

Жауаптары тыңдалады. (топырақтан, маймылдан, алла тағала т.б.)

II. Мағынаны ашу.

Үнтаспадан құран сүресінен үзінді тыңдалады. «Адамның жаратылуы»

Сыныппен талқылау.

Жаңа сабақ хабарланып, мақсаты қойылады.

Кітаппен жұмыс

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы

Сөздікпен жұмыс

Екі топқа жекелеген жұмыс

1- топ шығармаға сюжетті композициялық талдау жасайды.

Әңгіменің композициясы

  1. Басталуы: Алла тағалының алты күнде Адаматаны жаратуы

  2. Дамуы: Періштелердің жаратылуы, олардың Адаматаға қызмет қылуы

  3. Шиеленісуі: Ібілістің әрекеті, аллаға күпірлік етуі

  4. Шарықтау шегі: Адамата мен Хауаананың жұмақты мекен етуі, тыйым салған ағаш жемісін жеп, Алланың әміріне қиғаштық жасауы.

  5. Шешімі: Алланың Адамата, Хауаана, ібілісті пәни дүниеге түсіруі.

2- топ шығармаға сатылай талдау жасайды.

Тақырыбы: Адамның жаратылуы

Идеясы: Адамның жақтаушысы періштелер, азғырушысы ібіліс

Тәрбиелік мәні: дініңе берік болу, аллаға күпірлік қылмау,жақсы мен жаманды айыра білу.

Көркемдік ерекешелігі: діни терминдер-сахаба, уаһи, хафиз т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]