Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат Физ 2-этап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.55 Кб
Скачать

«Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттеріне патологиялық физиология – 2 пәні бойынша емтиханның 2 кезеңінің сұрақтары

«Жүрек қантамыр жүйесі»

1 есеп

20 сағатқа жалғасқан кеудені қысқан ауыру сезіміне шағымданған 50 жастағы науқас А., қарқынды емдеу бөліміне түсті.

Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы. Сырыл анықталған жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, жүректің тоны әлсіреген, біркелкі, ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.с.б.б. ЭКГ- бірінші тіркелімде ырғағы синусты, Q өркеші тереңдеген және ST кешені биіктеген, III тіркелімде айналы белгіде. Қанда АСТ белсенділігі бірден жоғарылаған. Лейкоциттер 12,0 х109/л. Тромбоциттер - 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-дейін).

  1. Есептегі өзгерістер дерттің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?

  2. Дерттің бұл түрінде қанда АСТ-нің белсенділігінің артқанын қалай түсіндіресіз?

  3. Көрсетілген дерттің дамуының негізгі тетігі қандай ?

  1. Есептегі берілген өзгерістер қандай дерт дамығандығын көрсетеді? Миокард инфаркты

  2. Берілген патологияның түрінде қандағы АСТ жоғарылауын қалай түсіндіресіз? Кардиомиоциттердің мембранасы зақымданған кезде АСТ-нің қанға бөлінуімен

  3. Берілген дерт дамуының негізгі тетігі? Коронарлы қантамырлардың тромбозы нәтижесінде кардиомиоциттердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы

№ 2 есеп

Науқас В. 46 жаста, 1,5 сағатқа жалғасқан төсінің артындағы қатты қысқан ауыру сезіміне шағымданып, интенсивті емдеу бөліміне жатқызылды. Анамнезінен: осының алдында бір апта бойы үздіксіз жұмыс атқарған, аз ұйықтаған, көбінесе шылым шеккен, шай және кофе ішкен. Осы ауруға дейін өзін сау адаммын деп есептеген. Спортпен шұғылданған.

Қарап тексерген кезде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тыныс қозғалысының жиілігі-минутына 28 рет, жүрек тоны әлсіреген, ырғағы бұзылған, АҚ 100/70 мм с.б.б. ЭКГ —да жиілігі 360 рет жүрекшенің үзілісті жыпылақтаушы аритмиясы байқалды, оң Гисс аяқшасынан серпіннің өтуі бөгелген, I, AVL, V1–V4–кеуде тіркелімдерінде ST кешені көтерілген. Қан анализінде : лейкоцит - 9,2 х 109/л, басқа көрсеткіштері қалыпты.

  1. Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?

  2. Байқалған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз

  3. Төс артындағы ауыру сезімімен қабаттасатын жағдайдың мүмкіндік себебі не?

  4. Миокардтың зақымданғанын растайтын қосымша қандай тексерулер жүргізу керек?

Науқаста жүректің қай дерті дамыды? Коронарлық жеткіліксіздік, стенокардия немесе стенокардия алды жағдайы (негіздеу: ЭКГ және АҚ өзгерістері), аритмия (негіздеу: жыпылықтаушы аритмияның болуы).

2. Сіздің ойыңызша, сіз атаған дерттердің арасында себеп-салдарлық байланыс қандай? Берілген дерт түрлерінің арасындағы мүмкіндік себеп-салдарлық байланыс мынандай: Коронарлық жеткіліксіздік, миокард ишемиясы  АҮФ түзілуінің төмендеуі  иондық сораптар қызметінің бұзылысы  миокардта дерттік қозу ошақтарының пайда болуы  қозу серпіндерінің өткізілуінің бұзылуы (жыпылықтаушы аритмия) Гисс шоғырының оң аяқшасының бөгеті.

3. Төс артындағы ауырумен сипатталатын жағдайдың ең жиі себебі не болып табылады? Коронарлық жеткіліксіздік кезінде төс артындағы ауырудың ең жиі себебі, миокард ишемиясына байланысты кардиомиоциттерде биологиялық белсенді заттардың жиналуы болып табылады.

4. Миокард зақымдануын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет? Қалыпты жағдайда кардиомиоциттерде болатын қандағы макромолекулаларды: КФК-ның МВ фракциясын және лактатдегидрогеназаның (ЛДГ1) миокардтық шығарылымын анықтау қажет.

3 есеп

Жасөспірім М., 15 жаста, қысым түскенде үзілісті күшейетін жүректегі ауыру сезіміне шағымданды. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың саны төмендегені анықталды.

  1. М-де атеросклероз және инфаркт даму қаупі жоғары ма? Не себепті?

  2. Анықталған дерттің пайда болуы мен дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?

  3. ТТЛП-ге арналған қабылдағыштар санының немесе белсенділігінің төмендеуінің науқаста дерт дамуында патогенездік маңызы қандай?

М.-де атеросклероз және миокард инфаркты даму қаупі жоғары ма? Неге? ТТЛП –ң көтерілуінен, ТТЛП-не қабылдағыштардың белсенділігінің төмендеуінен атеросклероз және миокард инфаркты даму қаупі жоғары

  1. Анықталған патологияның пайда болу мен дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма? Гиперлипопротеинемия - аутосомды доминантты түрдегі кең тараған тұқымқуалайтын ауру, 1:500 жиілікте кездеседі.

  2. Науқас патологиясының дамуында ТТЛП-ге қабылдағыштар белсенділігінің және санының азаюының патогенездік маңызы қандай? Біріншілік ақау ТТЛП-ң қабылдағышының тегінде орналасқан. ТТЛП-ге қабылдағыштар белсенділігінің төмендеуінен, олардың ыдырауы тежеліп, ал ТТЛП –ң кан плазмасындағы саны қабылдағыштар қызметінің төмендеуіне пропорциональды түрде жоғарылайды. Сонымен қатар, бауырда ЖТЛП жойылуы нәтижесінде олардың көп бөлігі ТТЛП-ге айналады. ТТЛП-ң көп болуынан фагоциттеуші жасушалармен ұсталып, әртүрлі аймақтарда жиналып, ксантомалар түзеді. Атеросклероз дамуына әкелетін ТТЛП-ң қантамырлар эндотелиіне өтуі жоғарылайды

4 есеп

Емханаға тексерілуден өтуге 40 жастағы науқас себебі белгісіз артериялық гипертензиямен түсті. АҚ 175/115 мм с.б.б. Бұлшықеттің әлсіздігіне және басының ауру сезіміне шағымданады. Анықталды: полиурия, едәуір гипокалиемия, зәрде 17‑оксикортикостероидтың мөлшерінің жоғарылауы.

1. Осы науқаста АҚ-ның жоғарлауының себебі қандай?

2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?

3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?

1. Берілген науқаста АҚ-ның жоғарылауының болжамды себебі қандай? Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормон түзуші өспесі — әлдостерома.

2. Гипертензия қай тетіктермен дамуы мүмкін? Минералокортикоидтардың көп өндірілуі организмде Na+ жиналуын тудырып, АҚК жоғарылатады; қанда Na+ жиналуы вазопрессорлық түрткілерге шеткері қантамырлардың тегіс салалы ет қабылдағыштарының сезімталдығын жоғарылатады

3. Қорытынды диагнозды қою үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Қандағы әлдостерон деңгейін анықтау. Берілген науқаста деңгейі көтерілген. Осы науқаста бар әйгіленімдер гиперәлдостеронемия нәтижесінде болып табылады

№ 5 есеп

40 жасар туберкулезбен ауыратын науқас З. ентігуге, оң қабырға астындағы ауыруға, шамалы қызбаға шағымданып келді. Бұл шағымдар 4 апта бұрын дамып, біртіндеп үдей түсті. Қарағанда: беті бозғылт және ісінген, ортопноэ, (науқас алға қарай еңкейіп отырады), перкуссияда жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға және оңға 2 см-ге үлкейген, ЖСЖ 100, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., аускультация кезінде: жүрек тондары тұйық, өкпесінің базальды бөлігінде майда көпіршікті сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі минутына 26 рет, мойын көктамырлары ісінген, бауыр қабырға асты доғасынан 3 см-ге шығып тұр, сипағанда ауырады, аяғы домбыққан. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясында жүректің шар тәрізді көлеңкесі байқалады.

1. Науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар ма? Ол туралы не мәлімдейді?

2. Жүрек дертінің түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

3. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.

1. Науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі анықталды ма? Оны не дәлелдейді? Науқаста жүректің толық жеткіліксіздігі. Белгілері: мәжбүрлі жағдай, тахикардия, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар, мойын көктамырларының ісінуі, бауырдың үлғаюы, ісінулер.

2. Жүрек дертінің түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Жүректің УДЗ. Бұл зерттеуде перикард қуысындағы сүйықтық анықталады.

3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі жайында қорытынды жасаңыз. Туберкулезді этиологиялы перикардит нәтижесінде дамыған жүректің толық жеткіліксіздігі.

Жүрек қан тамыр жүйесінің негізгі синдромдарының даму тетіктері мен себептері: жүрек ақаулары, коронарлы жеткіліксіздік синдромы, артериялық гипертензиялар, жіті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

№ 6 - есеп

Науқас В. 46 жаста, бақтағы қарқынды физикалық жұмыс әсерінен нитроглицериннің әсерінен басылған төс артында ауыру сезімі пайда болды. Бұдан бұрын тесіп ауыратын ауыру сезімі физикалық жүктеме кезінде пайда болып, тез басылатын болған. Кешкілік ауыру сезімі қайтадан басталып, ентігу және сұйық қақырықпен қабаттасқан жөтел қосылды.

Қарап тексергенде: науқас орта бойлы, гиперстеник. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары бозғылт көгілдір түспен қабаттасқан. Тыныс жиілігі минутына 42 рет, жүрек соғу жиілігі минутына 120 рет. Тыңдағанда оң және сол өкпесінің бетінен ылғалды әртүрлі мөлшердегі сырылдар естіледіжүректің минуттық көлемі - 1,8 л. Артериялық қандағы оксигемоглобин – 81 %, веналық қанда - 35%. Шеткері қандағы эритроцит - 5,0х1012л-1, лейкоцит -19,0х109л-1. Лейкоциттің өрнек: Б-0, Э-1, Ю-2, П-16, С-62, Л-14, М-5.