- •1. Бухгалтерлік есеп қағидалары .
- •2. Шоттар туралы түсінік, олардың құрылымы және ашылу тәртібі.
- •Пассивтік шот
- •3. Басқарушылық шешім қабылдау процесіндегі бухгалтерлік есептің мазмұны.
- •4. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы.
- •5. Бухгалтерлік есеп концепциялары туралы түсінік.
- •6. Шаруашылық операциялары негізінде баланста болатын типтік өзгерістер.
- •7. Есеп ақпараттары – өндірісті басқарудың негізі. Бухгалтерлік есептің пәні және оның атқаратын қызметі.
7. Есеп ақпараттары – өндірісті басқарудың негізі. Бухгалтерлік есептің пәні және оның атқаратын қызметі.
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оныңкөмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қолар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.
Сонымен, бухгалтерлік есептің пәні болып мүліктер мен олардың қорлану көздерінің байланысы және кәсіпорын шаруашылық процесіндегі оның айналысқа түсуі табылады. Бухгалтерлік есептің объектілерінің құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.
Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы б/ша есеп айырысу, өнім өндіру және сату поцестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.
Бухгалтерлік есептің негізгі ерекшеліктері:
Қатаң құжаттылығы;
Уақыт б/ша біртұтас және үзіліссіз жүргізілуі;
Өзіндік пәні және әдістерінің болуы;
Кәсіпорынның соңғы қаржы нәтижесін анықтауы;
Мүліктер мен олардың қорлану көздерін ақшалай өлшем бірлігінде көрсету.
Бухгалтерлік есептің міндеттері:
Толық әрі шынайы ақпараттар қалыптастыру (шаруашылық процесі және кәсіпорынның қаржы нәтижесі жайында, оның пайдалары, яғни инвесторлар, кредиторлар, салық және банк органдары, серіктес кәсіпорындар мен сатушылар және сатып алушылардың және т.б. пайдаланушылардың негізделген басқарушылық шешім қабылдауы үшін);
Кәсіпорын мүліктері мен олардың қорлану көздерінің материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бекітілген нормалар және сметаларға сәйкес пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету;
Кәсіпорын шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайлы дер кезінде хабардар ету;
Кәсіпорын ішкі резервтерін ашып, оларды жұмылдыру.
