- •1. Бухгалтерлік есеп қағидалары .
- •2. Шоттар туралы түсінік, олардың құрылымы және ашылу тәртібі.
- •Пассивтік шот
- •3. Басқарушылық шешім қабылдау процесіндегі бухгалтерлік есептің мазмұны.
- •4. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы.
- •5. Бухгалтерлік есеп концепциялары туралы түсінік.
- •6. Шаруашылық операциялары негізінде баланста болатын типтік өзгерістер.
- •7. Есеп ақпараттары – өндірісті басқарудың негізі. Бухгалтерлік есептің пәні және оның атқаратын қызметі.
Пассивтік шот
Дебет |
Кредит |
|
Операция баснадағы қалдық |
Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шар/қ операциялары |
Шар/қ қорларының көздерін арттыратын шар/қ операциялары |
Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды |
Шаруашылық операцияларының сомасы кредиті бойынша айналымды құрайды |
|
Операция соңындағы қалдық (операция басындағы сальдо + кредит б\ша айналым – дебет б/ша айналым) |
Сонымен, пассивтік шот б\ша көрсетілетіні:
Шоттың кредиттік жағы б/ша операцияның басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;
Шоттың дебеттік жағы б/ша қалдықтарды азайтатын шар/қ операциялары.
3. Басқарушылық шешім қабылдау процесіндегі бухгалтерлік есептің мазмұны.
Бухгалтерлік есеп – басқарушы ақпараттар жүйесінің қаржы орталығы. Ол басқарушы аппарат пен сыртқы пйдаланушылардың кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы толық мәлімет алуына және кәсіпорын қызметін басқаруда дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік тудырады.
Бухгалтерлік есепті оқу, білім алуға және қажетті басқарушы шешім қабылдауға мүмкіндк туғызады. Есептік ақпарат ұйым және одан тыс жағдайда негізгі шешім қабылдаудың негізі. Ол үш функцияны жүзеге асыруда сандық ақпараттармен қамтамасыз еттеді: жоспарлау, бақылау және жоспарлау.
Жоспарлау – істі жүзеге асыруды қалыптастыру. Олар: мақсат қою, оны жүзеге асыру жолдарын қарасытырып, ішінен дұрысын таңдау. Мұнда бухгалтер қолда бар альтернативтерінің нақты есептілігін білуі қажет. Болашақты жоспарлау үшін болжамды пайда мен ақша қаражаттары қажеттілігі жайлы ақпарат қажет.
Бақылау – нақтылы орындалған жоспарды айқындау процесі. Басқаша айтқанда, істің қаншалықты жоспарға сай екендігін анытау. Бұл сатыда бухгалтерден нақтылы шығын мен кірісің жоспармен салыстырылған ақпаратын күтеді.
Бағалау – шешім қабылдау жүйесін оны әрі қарай жақсарту мақсатында зерттеу процесі. Бұл сатыда көзделген мақсатқа қол жеткізілді ме әлде жеткізіле алмады ма, осының бәрі зерттелініп, егер мақсатқа қол жетпеген жағдайда оның себептері анықталады: жоспардағы немесе бақылаудағы кемшілік немесе мақсаттың дұрыс бұрыстығы анықталады. Бағалау ақпараты жылдық қаржылық есептілікте көрсетіледі.
4. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы.
Баланс сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді. Кәсіпорын балансы, яғни қаржы жағдайы есептіліг негізінде кәсіпорында бар мүліктердің жағдай мен оның құрамындағы өзгерістері мен орналасуы, сонымен қатар, олардың қалыптасу көздері жөнінде ақпараттар алады. Бұл ақпараттар жалпылама ақшалай өлшем бірлігі негізінде белгілі бір мерзімге көрсетіледі. Сонымен, бухгалтерлік баланс дегеніміз кәсіпорынның мүлкін ақшалай өлшем бірлігі негізінде белгілі бір мерзімге екі топпен: орналасу мен пайдаланылуы б/ша және олардың пайда болу көздері б/ша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады. ҚР Қаржы министрлігінің хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансы жасауы тиіс.
Сыртқы түрі бойынша бух\к баланс кесте болып келеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы б/ша, яғни баланс активі, ал оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қолану көздері б/ша, яғни баланс пассиві көрсетіледі.акти впен пассив жинақтарының арсында теңдік болуы тиіс. Бұл баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын 2 түрлі топтарда көрсетілгендігімен түсіндіріледі.
Активтердегі әрбір мүлік және пассивтердегі оның қорлану көздері баланс баптары деп аталады. Балансты құрған кезде бұл баптар алдымен топтарға топтастырылып, содан кейін бөлімдерге бөлінеді. Бух/к баланстың баланс-брутто және баланс-нетто деген үрлері бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттар талабына сейкес баланс-нетто қолданылады. Баланс-неттоның актив жағы екі бөлімнен тұрады: қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер. 1-бөлімге, яғни қысқа мерзімді активтерге мынадай баптар кіреді:
тауарлы материалды қорлар, яғни шикізаттар мен материалдар(1310), дайын өнімдер(1320), тауарлар(1330), аяқталмаған өндіріс(1340);
Ақша қаражаттары: касса(1010), есеп айырысу шотындағы ақша қ/ры(1030), жодағы ақша қар/ры(1020), карт шоттардағы ақша қар/ры(1040);
Дебиторлық қарыздар: алынуға тиісті шоттар: 1210, 1220, 1230, 1240, 1250, 1260, 1270, 1280, 1290;
Болашақ мерзім шығындары.
2 – бөлім ұзақ мерзімді активтерге жататындар:
МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕР: материалды емес активтерге салымдары, патенттер, лицензиялар, бағдарламалармен қамтамасыз ету, ноу-хау, гудвилл, тауар белгілері, маркалар, ұйыдастыру шығындары;
Негізгі құралдар: мерзімі бір жылдан астам материалдық активтер, жер ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көліктер және т.б. алдымен бастапқы құны, содан кейін тозу құны бойынша көрсетіледі;
Аяқтлмаған күрделі құрылыс;
Инвестициялар;
Болашақ мерзім шыындары.
Баланстың пассив жағы, яғни меншік капиталы мен міндеттемелер 3 бөлімнен тұрады: 1- бөлім: Қысқа мерзімді міндеттемелер:
Мерзімі 1 жылдан аспайтын банк несиелері;
Кез келген жеке және заңды тұлғаларынан алынған несие;
Овер-драфт;
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу;
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
Бюджетпен салық түрлері бойынша есеп айырысу;
Болашақ мерзім табыстары.
2 – бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер:
Мерзімі 1 жылдан асқан банк несиелері;
Кез келген жеке және заңды тұлғалардан алынған несиелер;
Мерзімі 1 жылдан асқан кредиторлық берешек;
Алдағы кезең кірітері.
3 – бөлім. Меншік капиталы.
Жарғылық капитал;
Резервтік капитал;
Төленбеген капитал;
Эмиссиялық кіріс.
