
- •1. Бухгалтерлік есеп қағидалары .
- •2. Шоттар туралы түсінік, олардың құрылымы және ашылу тәртібі.
- •Пассивтік шот
- •3. Басқарушылық шешім қабылдау процесіндегі бухгалтерлік есептің мазмұны.
- •4. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, оның мазмұны мен құрылымы.
- •5. Бухгалтерлік есеп концепциялары туралы түсінік.
- •6. Шаруашылық операциялары негізінде баланста болатын типтік өзгерістер.
- •7. Есеп ақпараттары – өндірісті басқарудың негізі. Бухгалтерлік есептің пәні және оның атқаратын қызметі.
5. Бухгалтерлік есеп концепциялары туралы түсінік.
Бухгалтерлік есеп концепциялары: кәсіпорын қаржы есептілігін жүргізу мақсаты, бух/к есеп ақпараттарының сапалық сипаттамасы, қаржы есептілік элементтері, өлшеу критерийлері мен басқа да принциптер.
Қаржы есептілігінің негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар беру. Қаржы есептілігі инвестициялық және несие беру жөнінде шешім қабылдауға болатын ақпараттар, кәсіпорынның келешек ақша кірісі, кәсіпорын басшылары жұмысын бағалауға қатысты ақпараттар береді.
Тоқсандық, жылдық қаржы есептілігі кәсіпорын жөнінде ақпарат таратудың негізгі көзі. Қаржы есептілігінің элементі дегеніміз – қаржы есептілігінде көрсетілетін баптар тобы. Қаржы есептілігі концепциясы жеті элементті тағайындағы. Олар: активтер, міндеттемелер, меншік немесе акционерлік капитал, кірістер, шығыстар, пайда, зиян. Бірінші үш топ (активтер, міндеттемелер мен меншік немесе акционерлік капитал) баланста көрсетіледі, ал қалған элементтер: кіріс, шығыс, пайда мен зиян кәсіпорын пайда немесе зиян есептілігінде көрсетіледі.
6. Шаруашылық операциялары негізінде баланста болатын типтік өзгерістер.
Кәсіпорында жүзеге асқан әрбір шаруашылық операциясы не мүліктің мөлшерін, не оның қалыптасу көздерінің шамасын немесе бір мезгілде мүліктің де, оның қалыптасу көздерінің де мөлшерін өзгертеді. Бұл орайда өзгеріс өсу жағына, сондай-ақ кему жағына қарай болуы мүмкін, баланс валютасы да өзгереді. Кәсіпорында жасалатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың активі мен пассивінің мөлшеріне әсер ету белгісіне қарай төрт түрге бөлінеді.
Бірінші типтік операциялар мүлік құрамын өзгертіп, яғни актив аралық өзгеріс болады. Бұл жағдайда баланстың валюталық сомасы өзгеріссіз қалады. Мысалы, кәсіпорын кассасына есеп айырысу шотынан чек бойынша 500000 теңге алынды. Бұл шаруашылық операциясы баланстың екі бабына әсерін тигізеді: касса және есеп айырысу шоты. Бұл шаруашылық операциясының жүзеге асырылуы кассадағы ақша қаражаттарының 500000 теңгеге кемігендігін білдіреді. Бірақ баланстың валюталық сомасы өзгеріссіз қалады. Дт 1010 +500000
Кт 1030 – 500000
Шаруашылық шығындарына, операция мұқтаждықтарына, іссапарға есеп беруге қолма қол ақша берілді. Дт 1250 Кт 1040,1050
Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінен түскен ақша Дт 1010 Кт 1210
Екінші типтік операциялар мүліктің қорлану көздерін өзгертеді, яғни пассив аралық өзгеріс болады. Бұл жағдайда баланстың валюталық сомасы өзгеріссіз қалады. Мысалы, кәсіпорын жеткізушілермен келіп түскен материалдар үшін 800 мың теңге банктің қысқа мерзімді несисі арқылы есеп айырысты. 3310-Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз; 3010-Қысқа мерзімді банк несиесі. Дт 3310 -800000
Кт 3010 + 800000
Зейнетақы қорына еңбекақыдан ақша ұсталды Дт 3350 Кт 3220
Еңбекақыдан жеке табыс салығы ұсталды Дт 3350 Кт 3120
Үшінші типтік операциялар мүліктерді де олардың қорлану көздерін де өзгертеді. Бұл жағдайда өзгеріс арту жағында болады. Мысалы, бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға спонсорлық көмек ретінде бағасы 250 мың теңге тұратын негізгі құралдар келіп түсті. Бұл шару.опер баланстың екі бабына әсер етеді: негізгі құралдар және өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер. Дт 2411-2419 +
Кт 6220+
Жеткізушілерден тауар келіп түсті Дт 1330 Кт3310
Есеп айырысу шотына қысқа мерзімді банк несиесі келіп түсті Дт 1030 Кт 3010
Төртінші типтік операцияларда бір мезгілде мүлікті де олардың қорлану көздерін де өзгертеді. Бұл жағдайда өзгеріс кему жағында болады. Мысалы, кәсіпорын есеп айырысу шотынан 800 мың геңге банктің қысқа мерзімді несиесі өтелді. Бұл жағдайда: есеп айырысу және қысқа мерзімді банк несиесі. Дт 3010 Кт 1030
Ақша қаражаттары зейнетақы қорына аударылды Дт 3220 Кт 1030
Жеткізушілге есеп айырысу шотынан қарыз қайтарылды Дт 3310 Кт 1030