Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bukh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
29.88 Кб
Скачать

1. Бухгалтерлік есеп қағидалары .

Бухгалтерлік есеп – кәсіпорын шаруашылық қызметі мен адамдар арасында тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік туғызатын байланыстырушы буын. Бухгалтерлік есеп бірегей қағидалар мен әдістерге негізделеді. Бух есеп қағидалары – кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жүйесін құрудың ірге тасы. Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету, кәсіпорынның қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыру болып табылады. ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңына сәйкес есеп саясатын қалыптастырған кезде есептің мынадай қағидаларын сақтау керек:

1. Есептеу - кәсіпорынның кірістері мен шығыстары, олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлі кесепте көрсетіледі.

2. Үздіксіздік, яғни объектілер үздіксізәрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.

3. Түсініктілік қағидасы - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.

4. Маңыздылық, пайдаланушылар негізделген басқару шешімін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы тиіс.

5. Мәнділік, ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.

6. Шындық, ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушыларсене алады.

7. Бейтараптық, қаржылық ақпараттәуелсіз болуы тиіс.

8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбауы үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.

9. Аяқталғандық, растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталған болуы тиіс.

10. Салыстырмалылық, қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдерңндегі ақпаратпен салыстырмалы болуы тиіс.

11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған саясаты мен әдістер, объектілер бір есепті кезеңненкелесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолдануы тиіс. Егер біз бір еесп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуы және негізделуі тиіс.

12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдланушылардың қаржы жағдайы мен, қаржылық – шаруашылыққызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсәз және риясыз көзқарастуғызуы тиіс.

Бұл қағидалар кәсіпорынның есе саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларда сақтамау кәсіпорынның мүліктікжәне қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды.

2. Шоттар туралы түсінік, олардың құрылымы және ашылу тәртібі.

Бухгалтерлік есеп шоттары – шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі. Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштері мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады. Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалй көрсеткіштерге ауыстырылады.

Сыртқы түрі бойынша шот 2 бөлітен тұратын кесте бейнелі. Шоттың сол жақ бөлігі – дебет, ал оң жақ бөлігі – кредит деп аталады.

Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән. Шаруашылық операцияларн шоттарда көрсету үшін құжаттық растау керек. Оған қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.

Шоттар активтік және пассивтік болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.

Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Активтік шоттардағы қалдықтар тек дебеттік болады. Активтік шот

Дебет

Кредит

Операция баснадағы қалдық

Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды

Шаруашылық операцияларының сомасы кредиті бойынша айналымды құрайды

Операция соңындағы қалдық (операция басындағы сальдо+дебет бойынша айналым – кредит бойынша айналым)

Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетіні: шоттың дбет жағы бойынша – операция басындағы және срңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша – қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.

Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]