- •1.Мемлекеттің негізгі түсінігі мен белгілері.
- •2. Мемлекеттің пайда болуы: экономикалық және әлеуметтік мәселелері.
- •3.Құқтық мемлекеттің түсінігі мен белгілері.
- •4.Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері.
- •5. Құқықтың маңызы. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •6. Нормативті-құқтық актілердің түсінігі мен құрылымы.
- •7. Құқтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •8.Құқтық ілім мен құқтық мәдениет.
- •9.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
- •10.Құқық бұзыушылықтың түсінігі және түрлері
- •11.Конституция құқығының пәні және түсінігі
- •12.Конституциялық құқықтың жүйесі.
- •13.Қазақстан Республикасының түсінігі мен мазмұны.
- •14.Құқықтың шығу теориялары.
- •15.Қр сайлау жүйесі.
- •17.Әкімшілік құқықтың субъектісі.
- •19.Азаматтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •21.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.Азаматтардың деликтақабілеттілігі.
- •22.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде, олардың түрлері.
- •23.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.
- •24.Некеге тұру және некені тоқтату.
- •25.Жас жұбайлардың өзіндік және мүліктік құқығы мен міндеттері.
- •26.Алименттік міндеттемелер
- •27.Қаржылық-құқылық нормалар мен қатынастар.
- •28.Қр салық құқығының түсінігі
- •29.Еңбек құқығының қайнар көздері мен жүйесі.
- •30.Еңбек шарты, түрлері және ерекшеліктері.
- •31.Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Еңбек ақы.
- •32.Табиғат ресурстарының құқықтық режимдері.
- •33. Заңды тұлғаның экологиялық құқық бұзушылыққа жауапкершілігі.
- •34. Қоршаған ортаны қорғаудың құқтық аспектілері.
- •35.Қылмыстық құқықтың принциптері
- •36.Қылмыстық заңның жүйесі мен құрылымы.
- •37.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •38. Қылмыстық жауапкершілік: понятие, основания его наступления.
- •39.Қылмыстың құрамы.
- •40.Қылмыстық әрекет, оның түрлері.
- •41. Жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •44. Азаматық құқықтың объектілері
- •45.Әкімшілік жауапкершілік.
- •46.Қылмыстық жауапкершілік.
- •47.Азаматтық:түсінігі,тәртібі мен алу және жоғалту.
- •48.Азаматтық-құқтық процесстегі тараптар.
- •49.Мәмлелердің түсінігі мен формалары.
- •50.Меншік құқығының түсінігі
- •51.Міндеттемеліктің түсінігімен түрлері.
- •52.Меншік формалары.
- •53.Міндеттемелердің пайда болуы мен тоқтатылуның негіздері.
- •54.Интелектуалдық меншіктің түсінігі
- •56.Азаматтық-құқтық дауларды қараудың мерзімі мен сатылары.
- •57 Экологиялық құқықтың объектісі.
- •58.Сыбайлас жемқорлықтың субъектісі.
- •59.Мемлекеттің шығу теориялары.
- •60. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •61.Қазақстан Республикасының Президентінің құзреті.
- •63. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •64. Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
- •65.Мемлекет формасы (басқару формасы, форма государственного устройства, саяси режим)
- •66.Бюджет құқығы.
- •67.Құқтық жүйенің қайнар көздері.
- •68.Бағалы қағаздар және олардың түрлері
- •69.Қамқоршылыар мен қорғаушылар, патронаттар.
- •70.Қр Конституциялық кеңесі
- •71.Сот билігі: түсінігі, мазмұны.
- •72.Үкіметтің конституциялық құқтық статусы
- •73.Адам мен азаметтың конституциялық құқтары мен бостандығы,міндеттері.
- •74 Сайлау жүйесі түрлерімен түсінігі
- •75. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен қағидалары.
- •76. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздері
- •77.Әкімшілік алдын-алу мен ескерту шаралары.
- •78.Қаржы құқығының әдісі,түсінігі,пәні.
- •79. Мемлекеттік қызметті реттеуші қағидалар.
- •80. Құқық қорғау органаның жүйесі.
- •82. Қр бюджеттік жүйе.
- •83. Экологиялық құқықтың объектісі
- •85.Құқықтық жүйенің субъектісі.
- •86.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар
- •87.Қр ақша реформасы (1924,1947,1961,1993 гг)
- •1922 - 1924 Жж. Ақша реформалары
- •1947 Жылғы ақша реформасы
- •1961 Жылға деноминация
- •88.Конституцияның жалпы қағидалары.
- •89.Міндеттемені қамтамасыз ету әдістері.
- •90.Нормативті-құқтық актілердің иерархиясы.
17.Әкімшілік құқықтың субъектісі.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат).
Әкімшілік құқықтың субъектісінің ерекшелігі- ол басқару саласында болады.
18.Әкімшілік-құқтық нормалардың түсінігі.
Әкімшілік-құқықтық норма –бұл мемлекеттің өктем (заңшығару, атқару) органдары жағынан орнатылған және атқару билік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуші, тиісті, заңды рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері.
Әкімшілік-құқықтық нормалар төмендегі талаптарға жауап беру тиіс:
-заңшығару мен атқару органдардың өктем еркін білдіру нәтижесі болу;
-мемлекет мүдделерін заң приоритеті есебінде белгілей отырып, тиісті жүріс-тұрыс ережелерді анықтау;
-жалпы міндетті сипатта болу;
-мемлекет мойындайтын қайнар көздерден шығу.
Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері мен мазмұны.
Әкімшілік-құқықтық нормалар әр түрлі критерийлер бойынша бөлінуі мүмкін, мысал, төмендегідей:1)мазмұны; 2)субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары; 3)мақсаты (тағайындалуы); 4)қолдану өрісі; 5)заң күші; 6)кеңістік, уақыт, субъектілер бойынша ықпал етудің шектері бойынша бөлінеді.
Мазмұны б/ша: материалды мен іс жургізу нормаларға ажыратамыз
Субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары б/ша: міндеттеуші, тыйым салушы мен рұқсат етушілерге бөлінеді.
Мақсаты (тағайындалуы)б/ша: реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді. Заң күші б/ша: заңшыгару мен заңдарды жүзеге асырушы нормаларға бөлінеді.
Қолдану өрісі б/ша: атқару билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, азаматтардың ұйымдастыру мен іс-әрекеттерін белгілейтін нормаларға бөлінеді.
Кеңістік, уақыт, субъектілерге ықпал етудің шектері б/ша:жалпы міндеттілер мен жүйе ішіндегілерге бөлінеді (соңғылары – тек бағынышты субъектілер үшін ғана міндетті).
19.Азаматтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
Азаматтық құқық қатынастар дегеніміз азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастарды айтамыз.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратамыз:
1) мүліктік қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.
Материалды игіліктермен (мүлікпен,жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар д.а. Мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар.
Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады.М:бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.
Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын,ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.
20.Азаматтық құқықтың субъектісі.
Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет құқығы. Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.
Азаматтардың әрекетқабілеттілігі — азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.
Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері.
Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.
Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.
Акционерлік қоғам - дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциалар шығаратын заңды тұлға болып табылады. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады.
Акциалары тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгінелген өзге дамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық қоғамның өзі шығаратын акциаларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Акционерлерді өздеріне тиесілі акциаларды асқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам ашық болып табылады. Ашық қоғам шығарған акциаларын жабық, жеке және ашық әдістермен орналастыруға құқылы. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) — белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтайқұжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға. Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қатысушыларының саны жүзден аспауға тиіс.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп таңылады .
