Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

7. Құқтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.

құқықтық қатынастар деп құқықтық норма негізінде пайда болған, оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін білдіретін қоғамдық қатынастардың бір түрі. Құқықтық қатынастардың белгілері:

1.Құқықтық қатынастар құқықтық норма негізінде пайда болады;

2.Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін болады;

3.Құқықтық қатынастар саналы ерікті сипатта болады.

4.Құқықтық қатынастар мемлекетпен кепілденеді және қажетті жағдайларда оның күштеу шараларымен қорғалады.

Құқықтық қатынастардың құрылымы үш элементтен тұрады:

1) Құқықтық қатынастың субъектісі;

2) Құқықтық қатынастың объектісі;

3) Құқықтық қатынастың мазмұны.

Жеке тұлға мен ұйым құқықтық қатынастың қатысушысы болуы үшін олардың құқық субъектілігі болуы керек. Құқық субъектілік бұл жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерге ие болуы және оларды жүзеге асыру мүмкіншілігі. Құқық субъектілік екіге бөлінеді құқық кабілеттілік және әрекет кабілеттілік. Егер құқық кабілеттілік жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіншілігі болса, онда әрекет кабілеттілік жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мүмкіншілігі.

Жеке тұлғада құқық кабілеттілік туғаннан пайда болады және ол қйтысболғанда жойылады. Ал әрекет қабілеттілік жеке тұлға белгілі бір жасқа толғанда пайда болады. Әрекет қабілеттілік үшке бөлінеді:

- толық, яғни 18 жастан басталады;

- жартылай, яғни 14 пен 18 жас аралығын қамтиды, бұл кезде тұлға тек ұсақ мәмілелерді ғана жасауға мүмкіндігі бар, ал ірі мәмілелерді жасау үшін ата-анасының рұқсаты керек;

- шектелген, яғни адамның денсаулық жағдайына байланысты, оның құқықтарын шектеу.

Ұйымда құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік мемлекеттік тіркеуден өткен кезде пайда болады. Осы арқылы жеке тұлғаның құқық субъектілігімен ерекшеленеді.

Құқықтық қатынастың объектісіне мыналар жатады:

- материалдық құндылықтар (ақша, зат және т.б.);

- материалдық емес құндылықтар (адамның құқықтары, оның беделі және т.б.);

- жеке тұлғаның әрекеті (жұмысқа орналасу және т.б.);

- рухани қажеттіліктер (театрға, кітапханаға және т.б.).

Құқықтық қатынастың мазмұнына қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері жыйынтығы жатады.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

Реттейтін құқықтық қатынастар – субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соғай сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: Мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек тағы басқа құқықтық қатынастар.

Қорғайтын құқықтық қатынастар – субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.