Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214.1 Кб
Скачать

10.Құқық бұзыушылықтың түсінігі және түрлері

Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

1.Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі.

2.   Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін.

Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:

1.   Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.

2.  Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.

3.  Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.

4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.

Кінәнің екі түрі белгілі:

1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.

2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады.

Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1) Қылмыс. 2) Теріс қылық.

Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмүны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.

Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.

Кылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты — оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік.

2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.

3. Азаматтық құқық бұзушылық — азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты — азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз — азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады