Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214.1 Кб
Скачать

88.Конституцияның жалпы қағидалары.

Біріншісі, конституцияның үстемдігі – оның жоғарғы заңдық күші. Ол дегеніміз: Конституцияның нормалары басқа құқық салалары үшін дерек көзі; нормативтік актілерді тек Конституцияда көрсетілген органдар ғана қабылдай алады; нормативтік актілердің барлығы Конституция нормаларына сәйкес болуы қажет; мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар, бірлестіктер Конституция нормалары мен баптарын бұзбай сақтауға міндетті. Конституцияның үстемдігі сол Конституцияның өзімен бекітіледі.

Екіншісі, Конституцияның құрылтайлық сипаты. Конституция мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды, бекітеді.

Үшіншіден, Конституцияның тура және тіке әрекеті. Конституцияның нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін міндетті болып есептеледі.Конституцияның нормалары сотта құқық субъектілері өз құқықтарын қорғау үшін пайдаланылады.

Төртіншіден, Конституцияны қабылдау не оған толықтылулар мен өзгертулер енгізу, тек Конституцияда бекітілген ерекше жолмен, яғни конституцияның дәрежесіндей заңдық күші бар актінің көмегімен және ол актіні қабылдауға құзіреті мен құқы бар органның еркімен жүзеге асырылады.

Бесіншіден, Конституция ерекше құқықтық қорғауа жатады. Конституцияны құқықтық қорғау дегеніміз конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы.

89.Міндеттемені қамтамасыз ету әдістері.

Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Әдістері:

  1. Айып төлеу - кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең кең тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасымалдау, мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарда ол ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жалдау және т.б.) қолданылады.

Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсім.

  1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады (АК-тің 299-бабы).

Кепілдің екі түрі болады:

а) ипотека;

ә) кепілзат.

Ипотека кепілге салынган мүлік кепіл салушының немесе ушінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл турі.

  1. Кепіл болушылық. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы баска жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жактың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді (АК-тің 330-бабы). Кепіл болушылық кезінде борышқордың несие берушісі мен кепіл болушысы арасында шарт жасалады

  2. Ұстап қалу. Егер несие берушіде борышқорға берілуі керек мүлкі бар болатын болса, ол (кредитор) борышқор осы мүлікке төленетін ақы міндеттемесін мерзімінде орындамаған жағдайда, міндеттеме толығымен орындалғанға дейін мүлікті ұстап қалуға құқылы. Ұстап қалу әдісі сонымен қатар мүлікке төленетін ақыға немесе басқа да шығындардың орнын толтыруға байланысы жоқ міндеттемелерді орындауларды қамтамасыз ете алады, бұл жағдайда тараптар кәсіпкерлер ретінде әрекет етеді.

  3. Кепілдік. Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағдайларда қоспағаңца, басқа жақтың (борышқордын) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міңдеттенеді. Кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін. Кепілдік дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша борышкор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас болып табылады. Негізгі міндеттемеге қатысты кепіл беруші әрқашан үшінші жақ болады (АК-тің 270-бабы)

  4. Кепілпұл. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемінің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілген ақшалай сома кепілпұл деп аталады. Кепіл пұл туралы келісім оның негізгі міндеттемесінің сомасы мен түріне қарамастан жарамсыз болудан сақтану мақсатында жазбаша жасалады.

  5. Банктік гарантия. Несие мекемесі (гарант) басқа тұлғаның (принципиал) өтініші бойынша несие беруші принципиалға (бенефициар) ақшалай соманы міндеттеменің шарттарына сәйкес төлеуге беретін жазбаша міндеттеме.