Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214.1 Кб
Скачать

69.Қамқоршылыар мен қорғаушылар, патронаттар.

Қорғаншылық және қамқоршылық Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Әркениетті қоғам менмемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметініңқаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды үйымдастыру ережесі бекітілген.

Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету, оларды мемлекеттік қолдау балалар уйлері мен интернат мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда 1994 жылы балалар мен жас аналарды қолдау үшін Үміт уйі құрылды, онда жеке басты аналар балаларын қамтамасыз етуге тиісті жағдайлар туғанша уақытша орналастырады.

14 жасқа толмаған балалар қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық 14—18 жастағы кәмелетке толмаған балаларға жасалады. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу қорғаншы немесе қамқоршы адамды тағайындау жолымен іске асырылады. Бұл адамдарды қорғаншылық және қамқоршылық органдары тағайындайды. Көмелетке толған, іс-әрекетке қабілеттері бар азаматтар ғана қорғаншылар және қамқоршылар бола алады. Бұлардан басқа, жеке басының сапасы, жасы, денсаулық жағдайы ескеріледі.

Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері: • баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, рухани және ізгілік адамгершілік көзқарастарының дамуына қамқорлық жасауға құқықты әрі міндетті;

• баланың пікірін, корғаншылық және қамқоршылық органының ұсьшыстарьш ескере отырып, баланы тәрбиелеудін тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге құқықты;

• өзінің қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті. Қамқорлығындағы бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен бөлек тұруларына жол беріледі;

• қамкорлығындағы баланың өкілі болып табылады және заңға сөйкес кез келген азаматтық-кұқықтық мәмілелер жасай алады.

Қамқоршының қорғаншыдан айырмашылығы көмелетке толмаған бала жасына байланысты, өзі дербес жасай алмайтын мәмілелер жасауға келісім береді (мысалы, қамқорлығындағы адамның үйін сату, мұрасынан бас тарту және баскалары).

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз міндеттерін ақша талап етпей тегін орындайды және олардың құқықтарының белгілі мерзімдік сипаты бар. Қамқорлығындағы адам 14 жасқа толғанда оған қамқорлық жасау токтатылады, ал қорғаншы міндетін атқарушы адам көмелетке толмаған баланың қамкоршысы болады. Өз кезегінде, қамқоршылық камкорлығындағы адам 18-ге толғанда немесе ол көмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады.

Патронат — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенін бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен корғаншылык және қамқоршылык органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағыпкұту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады.