- •1.Мемлекеттің негізгі түсінігі мен белгілері.
- •2. Мемлекеттің пайда болуы: экономикалық және әлеуметтік мәселелері.
- •3.Құқтық мемлекеттің түсінігі мен белгілері.
- •4.Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері.
- •5. Құқықтың маңызы. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •6. Нормативті-құқтық актілердің түсінігі мен құрылымы.
- •7. Құқтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •8.Құқтық ілім мен құқтық мәдениет.
- •9.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
- •10.Құқық бұзыушылықтың түсінігі және түрлері
- •11.Конституция құқығының пәні және түсінігі
- •12.Конституциялық құқықтың жүйесі.
- •13.Қазақстан Республикасының түсінігі мен мазмұны.
- •14.Құқықтың шығу теориялары.
- •15.Қр сайлау жүйесі.
- •17.Әкімшілік құқықтың субъектісі.
- •19.Азаматтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •21.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.Азаматтардың деликтақабілеттілігі.
- •22.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде, олардың түрлері.
- •23.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.
- •24.Некеге тұру және некені тоқтату.
- •25.Жас жұбайлардың өзіндік және мүліктік құқығы мен міндеттері.
- •26.Алименттік міндеттемелер
- •27.Қаржылық-құқылық нормалар мен қатынастар.
- •28.Қр салық құқығының түсінігі
- •29.Еңбек құқығының қайнар көздері мен жүйесі.
- •30.Еңбек шарты, түрлері және ерекшеліктері.
- •31.Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Еңбек ақы.
- •32.Табиғат ресурстарының құқықтық режимдері.
- •33. Заңды тұлғаның экологиялық құқық бұзушылыққа жауапкершілігі.
- •34. Қоршаған ортаны қорғаудың құқтық аспектілері.
- •35.Қылмыстық құқықтың принциптері
- •36.Қылмыстық заңның жүйесі мен құрылымы.
- •37.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •38. Қылмыстық жауапкершілік: понятие, основания его наступления.
- •39.Қылмыстың құрамы.
- •40.Қылмыстық әрекет, оның түрлері.
- •41. Жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •44. Азаматық құқықтың объектілері
- •45.Әкімшілік жауапкершілік.
- •46.Қылмыстық жауапкершілік.
- •47.Азаматтық:түсінігі,тәртібі мен алу және жоғалту.
- •48.Азаматтық-құқтық процесстегі тараптар.
- •49.Мәмлелердің түсінігі мен формалары.
- •50.Меншік құқығының түсінігі
- •51.Міндеттемеліктің түсінігімен түрлері.
- •52.Меншік формалары.
- •53.Міндеттемелердің пайда болуы мен тоқтатылуның негіздері.
- •54.Интелектуалдық меншіктің түсінігі
- •56.Азаматтық-құқтық дауларды қараудың мерзімі мен сатылары.
- •57 Экологиялық құқықтың объектісі.
- •58.Сыбайлас жемқорлықтың субъектісі.
- •59.Мемлекеттің шығу теориялары.
- •60. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •61.Қазақстан Республикасының Президентінің құзреті.
- •63. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •64. Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
- •65.Мемлекет формасы (басқару формасы, форма государственного устройства, саяси режим)
- •66.Бюджет құқығы.
- •67.Құқтық жүйенің қайнар көздері.
- •68.Бағалы қағаздар және олардың түрлері
- •69.Қамқоршылыар мен қорғаушылар, патронаттар.
- •70.Қр Конституциялық кеңесі
- •71.Сот билігі: түсінігі, мазмұны.
- •72.Үкіметтің конституциялық құқтық статусы
- •73.Адам мен азаметтың конституциялық құқтары мен бостандығы,міндеттері.
- •74 Сайлау жүйесі түрлерімен түсінігі
- •75. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен қағидалары.
- •76. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздері
- •77.Әкімшілік алдын-алу мен ескерту шаралары.
- •78.Қаржы құқығының әдісі,түсінігі,пәні.
- •79. Мемлекеттік қызметті реттеуші қағидалар.
- •80. Құқық қорғау органаның жүйесі.
- •82. Қр бюджеттік жүйе.
- •83. Экологиялық құқықтың объектісі
- •85.Құқықтық жүйенің субъектісі.
- •86.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар
- •87.Қр ақша реформасы (1924,1947,1961,1993 гг)
- •1922 - 1924 Жж. Ақша реформалары
- •1947 Жылғы ақша реформасы
- •1961 Жылға деноминация
- •88.Конституцияның жалпы қағидалары.
- •89.Міндеттемені қамтамасыз ету әдістері.
- •90.Нормативті-құқтық актілердің иерархиясы.
44. Азаматық құқықтың объектілері
115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
45.Әкімшілік жауапкершілік.
Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы заңға сәйкес Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар: 1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам; 2) заңды тұлға
Лауазымды адамдардың және дара кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке соторындаушылары мен адвокаттардың әкiмшiлiк жауаптылығы:
1. Лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн орындамауынабайланысты әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады.
2. Заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген жеке тұлғалар, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, сол сияқты дара кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлерi, сондай-ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
Құқық бұзушылықты арнайы техникалық құралдар тіркеген кездегі әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері:
1. Әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда, жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа көлік құралдарының меншік иелері тартылады. 2. Егер көлік құралының меншік иесінің хабарламасы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады. Тәртiптiк жарғылардың не арнайы ережелердiң күшi қолданылатын әскери қызметшiнiң, прокурордың әкiмшiлiк жауаптылығы:
1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясының, арнаулы мемлекеттік органдардың және кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерін,бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын, бюджет және салық заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
2-1. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдануға болмайды. 3. Қызмет туралы тәртiптiк жарғылардың осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандардан басқа адамдар осы актiлерде тiкелей көзделген жағдайларда - қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта, ал қалған жағдайларда жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiки жауаптылықта болады. 4. Әкiмшiлiк жаза қолдану құқығы берiлген органдар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға әкiмшiлiк жаза қолданудың орнына, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруi мүмкiн. Заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы:
1. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 2. Егер осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
3. Әкімшілік жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырылатын қызмет түріне, қызметкерлердің санына және активтердің бір жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта не ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікте болады. 4. Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы:
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 1-1. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшілiк жауапқа тартылады. 2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
