
- •1.Мемлекеттің негізгі түсінігі мен белгілері.
- •2. Мемлекеттің пайда болуы: экономикалық және әлеуметтік мәселелері.
- •3.Құқтық мемлекеттің түсінігі мен белгілері.
- •4.Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері.
- •5. Құқықтың маңызы. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •6. Нормативті-құқтық актілердің түсінігі мен құрылымы.
- •7. Құқтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •8.Құқтық ілім мен құқтық мәдениет.
- •9.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
- •10.Құқық бұзыушылықтың түсінігі және түрлері
- •11.Конституция құқығының пәні және түсінігі
- •12.Конституциялық құқықтың жүйесі.
- •13.Қазақстан Республикасының түсінігі мен мазмұны.
- •14.Құқықтың шығу теориялары.
- •15.Қр сайлау жүйесі.
- •17.Әкімшілік құқықтың субъектісі.
- •19.Азаматтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •21.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.Азаматтардың деликтақабілеттілігі.
- •22.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде, олардың түрлері.
- •23.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.
- •24.Некеге тұру және некені тоқтату.
- •25.Жас жұбайлардың өзіндік және мүліктік құқығы мен міндеттері.
- •26.Алименттік міндеттемелер
- •27.Қаржылық-құқылық нормалар мен қатынастар.
- •28.Қр салық құқығының түсінігі
- •29.Еңбек құқығының қайнар көздері мен жүйесі.
- •30.Еңбек шарты, түрлері және ерекшеліктері.
- •31.Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Еңбек ақы.
- •32.Табиғат ресурстарының құқықтық режимдері.
- •33. Заңды тұлғаның экологиялық құқық бұзушылыққа жауапкершілігі.
- •34. Қоршаған ортаны қорғаудың құқтық аспектілері.
- •35.Қылмыстық құқықтың принциптері
- •36.Қылмыстық заңның жүйесі мен құрылымы.
- •37.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •38. Қылмыстық жауапкершілік: понятие, основания его наступления.
- •39.Қылмыстың құрамы.
- •40.Қылмыстық әрекет, оның түрлері.
- •41. Жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •44. Азаматық құқықтың объектілері
- •45.Әкімшілік жауапкершілік.
- •46.Қылмыстық жауапкершілік.
- •47.Азаматтық:түсінігі,тәртібі мен алу және жоғалту.
- •48.Азаматтық-құқтық процесстегі тараптар.
- •49.Мәмлелердің түсінігі мен формалары.
- •50.Меншік құқығының түсінігі
- •51.Міндеттемеліктің түсінігімен түрлері.
- •52.Меншік формалары.
- •53.Міндеттемелердің пайда болуы мен тоқтатылуның негіздері.
- •54.Интелектуалдық меншіктің түсінігі
- •56.Азаматтық-құқтық дауларды қараудың мерзімі мен сатылары.
- •57 Экологиялық құқықтың объектісі.
- •58.Сыбайлас жемқорлықтың субъектісі.
- •59.Мемлекеттің шығу теориялары.
- •60. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •61.Қазақстан Республикасының Президентінің құзреті.
- •63. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •64. Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
- •65.Мемлекет формасы (басқару формасы, форма государственного устройства, саяси режим)
- •66.Бюджет құқығы.
- •67.Құқтық жүйенің қайнар көздері.
- •68.Бағалы қағаздар және олардың түрлері
- •69.Қамқоршылыар мен қорғаушылар, патронаттар.
- •70.Қр Конституциялық кеңесі
- •71.Сот билігі: түсінігі, мазмұны.
- •72.Үкіметтің конституциялық құқтық статусы
- •73.Адам мен азаметтың конституциялық құқтары мен бостандығы,міндеттері.
- •74 Сайлау жүйесі түрлерімен түсінігі
- •75. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен қағидалары.
- •76. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздері
- •77.Әкімшілік алдын-алу мен ескерту шаралары.
- •78.Қаржы құқығының әдісі,түсінігі,пәні.
- •79. Мемлекеттік қызметті реттеуші қағидалар.
- •80. Құқық қорғау органаның жүйесі.
- •82. Қр бюджеттік жүйе.
- •83. Экологиялық құқықтың объектісі
- •85.Құқықтық жүйенің субъектісі.
- •86.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар
- •87.Қр ақша реформасы (1924,1947,1961,1993 гг)
- •1922 - 1924 Жж. Ақша реформалары
- •1947 Жылғы ақша реформасы
- •1961 Жылға деноминация
- •88.Конституцияның жалпы қағидалары.
- •89.Міндеттемені қамтамасыз ету әдістері.
- •90.Нормативті-құқтық актілердің иерархиясы.
40.Қылмыстық әрекет, оның түрлері.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенбі немесе енжар түрде қоғамдық қатнастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқы көрінісі балып табылады. Әрекетсіздік құқыққа қарсы болғанда ғана қылмыстық-құқықтық мәнге ие болады, яғги әрекет жасау міндетті қылмыстық-құқықтық нормалардың талаптарынан туындайды. Белсенді әрекет жасау міндетінің әр түрлі негіздері болуы мүмкін. Мұндай негіздерді, бірқатар жағдайларда тікелей қылмыстық заң белгілейді. Мысалы, мерзімді әскери қызметке шақыруға тиісті адам әскери комиссариат белгілеген уақыттта шақыру пункіне келуге тиіс. Автомабиль апатынан жарақат алған адамға жүргізуші дереу көмек көрсетуге міндетті.
Мысалы, өмірі қауіпті жағдайда қалған адамға көмек көрсету міндетті (ҚК-тің 119-бабы) сол көмекті көрсету мүмкіндігімен байланыстырылады. Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс-әрекеттен міндетті түрде туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты) болуын заңның өзінде атап көрсетеді. Мұндай ретте заң шығарушы бьективтік жақтың- уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді. Біршама қылмыстық-құқықтық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекет атап өтумен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (312-бап), қызметтік жалғандық жасау (314-бап). Қылмыстың түрлері.
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген:онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.
Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.
Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.
Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.
41. Жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
1. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады: а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы; б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру; в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау; г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару; д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту; е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау; ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау; з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау; и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау; к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау; л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау; м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы; н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы; о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы; п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау; р) құқық қорғау органы қызметкерінің, судьяның өз қызмет жағдайын пайдаланып қылмыс жасауы. 42. Жауапкершілікті жеңілдедетін жағдайлар
53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән жайлар
1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады: а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау; б) айыпкердiң кәмелетке толмауы; в) жүктiлiк; г) айыпкердiң жас балалары болуы; д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер; е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау; ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау; з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында, жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде қылмыс жасау; и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы; к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу. 43. Қылмыстық процессуалдық құқықтың түсінігі
Қылмыстық- процессуалдық құқық- бұл қылымстық іс жүргізу тәртібін орнату мен қылмыстық істі қозғау, тексеру, сотта қарау және укімді орындау барысындағы алдын ала тексеру, прокуратура және сот органдарының қызметтерін реттеуші құқықтық нормалардың жүйесі. Қылмыстық- процессуалдық құқықтың құқық жүйесіндегі орнын анықтауда мынадай қатынастар маңызды болып табылады: а)қылмыстық- процесуалдық құқық пен қылмыстық- процессуалдық заң; б) қылмыс және қылмыстық- процессуалдық құқық; в) қылмыстық- процессуалдық құқық және қылмыстық процесс.
Қылмыстық- процессуалдық құқықтың пәні мыналар: сот, прокуратура және тергеу органдарында қылмыстық істі жүргізуді реттеуші қылмыстық- процессуалдық құқықтың нормалары; қылмыстық істі тергеу және шешудегі процессуалдық заңға негізделген сот, прокуратура және тергеу органдарының қызметтері; сот, прокуратура және тергеу органдарының өз функцияларын орындау кезінде қылмыстық процесстің қатысушылары арсасында туындайтын қатынастар.
Қылмыстық – процессуалдық құқықтың жалпы мақсаты қылмысты тергеу нәтижесінде, не болмаса қылмыстық істі соттың қарауы немесе шешуі нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.