Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214.1 Кб
Скачать

24.Некеге тұру және некені тоқтату.

Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.

  • некеге тұрушылардың өзара келісімі болмаған;

  • неке жасына жетпеген адаммен некелескен;

  • іс-әрекетке қабілетсіз адаммен;

  • жақын туыстарымен;

  • өзге біреумен тіркелген некеде тұратын адаммен;

  • бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында.

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады. Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады.

Некені бұзу, ажырасу:

  • АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;

  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;

  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

«Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».

Бiр атадан және бiр анадан тараған туыстар арасында (ата-аналары және балалары, атасы, әжесi және немерелерi), толыққанды және толық емес (ортақ әкесi немесе анасы бар) ағалы-iнiлiлер және апалы-сiңлiлер, сондай-ақ бала (қыз) асырап алушылар мен бала (қыз) асырап алынушылар арасындағы некеге тыйым салынады.

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Ерекше жағдайларда неке жасын төмендете алады (жүкті болған, ортақ бала туған кезде 2 жылдан аспайды, келісімі болу керек),

Неке некеге отыратын адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, қамауда немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Неке қию некеге отыруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.

сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса, сот әрекетке қабілетсіз деп таныса, сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса, қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.

25.Жас жұбайлардың өзіндік және мүліктік құқығы мен міндеттері.

Ерлі зайыптылар жеке құқықтары мен міндеттері

Ерлі зайыптылар құқықтары мен міндеттері АХАЖ органдарында неке тұру мемлекетік тіркелген күннен бастап туындайды.

Жұбайлардың әрқайсысының құқықтары

  • Қызмет таңдауға;

  • Кәсіп түрін таңдауға;

  • Тұрғылықты жерді таңдауға ерікті

Қандай мәселелерді ерлі зайыптылар бірлесіп шешеді?

  • Ана болу;

  • Әке болу ;

  • Балаларды тәрбиелеу;

  • Балаларға білім беру мәселелері

Ерлі зайыптылардың міндеттері

Ерлі зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құру, отбасының игілігін мен нығаюына жәрдемдесу , өз балаларының денсаулыгын , өсіп жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

Ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері

Ерлі зайыптылардың ортақ мүлкін иелену , пайдалану және оған билік ету заң бойынша немесе неке шарты бойынша реттеледі.

Ерлі зайыптылар мүлкінің заңды режимі

Ерлі зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі

  • Әрқайсысының еңбке қызметінен , кәсіпкерлік қызметтен, санаткерлік қызметтен нәтижелерінен тапқан табыстары;

  • Олардың ортақ мүліктерінен және олардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнет ақылар , жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер;

  • Ерлі зайыптылар ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер;

  • Бағалы қағаздар мен жарналар, салымдар , несие мекпемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер;

  • Басқа да кез-келген мүлік.

Ерлі зайыптылардың ортақ мүлкіне құқығы некеде тұрған кезінде үй шаруашалығын жүрзігуді, балаларды бағып күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәелді себептермен /аура, оқу,әскерге қызмет ету секілді/ жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.

Ерлі зайыптылардың әрқайсысының меншігі

  • Некеге тұрғанға дейін әрқайсысына тиесілі болған мүлік;

  • Некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұралерлік тәртібімен немесе өзге мәмілеге жасау бойынша тегін алған мүлкі;

  • Қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда,некеде тұрған кезеңде олардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары/киім-кешек, аяқ-киім,және т.б/.

Ерлі зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу

  • Неке кезеңінде;

  • Ол бұзылганнан кейін де;

  • Сондай- ақ ортақ мүлкінде ерлі зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін олардың ортақ мүлкін бөлу туралы несие берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін;

Мүлікті бөлу қалай жүзеге асады?

  • Ерлі зайыптылар арасында келісім бойынша;

  • Дау туған жағдайда сот тәртібімен жүргізіледі;

Кәмелетке толмаған балалардың мүлкі

  • Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алған заттар /киім-кешек,аяқ киім , мектеп және аспаптар, балалар кітапханасы және басқалары/ бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.

Ерлі зайыптылар мүлкінің шарты режимі

Түсінігі

Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі зайыптылардың некедегі және /немесе/ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады;

Шартты қашан жасауға болады?

  • Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін;

  • Неке кезеңіндегі кез келеген уақытта.

Нысаны

Жазбаша түрде жасалған және нотариалды түрде куәландырылады.

Мазмұны

Неке шартын ерлә зайыптылар:

  • Өзара күтіп бағу жөнінде өз құқықтары мен міндеттерін,бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін,олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға;

  • Неке бұзылған жағдайда ерлі зайыптылар әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге;

  • Неке шартында ерлі зайыптылардың қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізу құқылы;

Неке шартында көзделмейтін жағдайлар

  • Ерлі зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілін , олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды;

  • Олардың арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, олардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды;

  • Еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздейді;

  • Ерлі зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке- отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамталмайды

Тоқтатылуы

Неке тоқталған кезден бастап тоқтатылады.

Өзгерту және бұзу

  • Ерлі зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін;

  • Ерлі зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.