
- •1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларын тану, 7 хқес
- •2. Ақшалай қаражаттарды қолдануға қойылатын шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау жасау.
- •3. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.
- •4. Ақша қаражаттырың қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдарын ұсыну.
- •4. Ақша қаражаттарының жасырын ағымдарын бейнелеу.
- •1. Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу.Бастапқы бағалау.
- •2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштарының есебі.
- •3. Жеңілдіктер мен тауарлардың қайтарылуы.
- •4. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару.
- •5. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері.
- •1.Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі.
- •2. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштары.
- •Салықтық активтер есебі: берілген аванстар; алдағы кезең шығыстары; аяқталмаған құрылыс және басқа активтер.
- •1. Қорларды тану (2 хқес). Қорларды тану критерийлері.
- •Қорларды бағалау. Сатып өткізудің мүмкін болатын таза құны.
- •4. Қорлардың шығыс етілуі.
- •5. Дайын өнімнің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі.
- •6. Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелері.
- •7. Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептен шығару бойынша резерв
- •Негізгі құралдарды сатып алу есебі.
- •Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары.
- •4. Негізгі құралдардың кейінгі есебі: тарихи құны бойынша есепке алу, негізгі құралдарды қайта бағалау.
- •5. Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қызмет мерзімдері және есептеу әдістері, оларды есепте бейнелеу.
- •6. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету.
- •Материалдық емес активтерді тану (хқес 38). Бірегейлендіру. Бақылау. Болашақ экономикалық тиімділік.
- •Материалдық емес активтерді сатып алу сәтіндегі бағалау және тану. Кәсіпорында құрастырылған материалдық емес активтердің өзіндік құны.
- •Кәсіпорында жасалған саудалық маркалар, іскерлік бедел.
- •Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі есепке алу моделі.
- •Қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі. Пайдалы қызмет ету мерзімі. Шектелмеген пайдалы қызмет ету мерзімі бар материалдық емес активтер.
- •Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері.
- •Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.
- •Материалдық емес активтермен операциялар есебі.
- •36 Хқес қолдану аясы. Орны толтырылған құн.
- •Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділ құн. 3. Қолдану құндылығы. Басты (генерирущая) бірлік. 4. Құнсызданудың белгілері.
- •5. Құнсызданудан алынатын зиянды тану. 6. Құнсызданудан алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (реверсирование). 7. Активтердің құнсыздануының есебін ұйымдастыру.
- •Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі, оларды тану.
- •Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері.
- •Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •Уақытша және тұрақты айырмашылықтар. 5.Уақытша айырмашылықтардың салықтық әсері.
- •6. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі.
- •7. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; жал бойынша; төленуге тиісті сыйақылар бойынша.
- •8. Зайымдар бойынша шығындарды тану, 23 хқес. 9. Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі.
- •Түсімді тану критерийі 18 хқес. 2. Мәмілені бірегейлендіру.
- •Тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден, пайыздар, лицензиялық төлемдер, дивидендтер түріндегі түсімді тану.
- •4. Кірістер және шығыстар түсінігі. 5. Қаржыландырудан алынатын кірістер есебі. 6. Басқа да кірістер есебі.
- •7. Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құндарының есебі. Кезең шығыстарының есебі. 8. Өзге де шығыстар есебі.
- •9. Қорытынды кірісті немесе зиянды тану, жабылушы жазбалар. 10. Корпоративні табыс салығы бойынша шығындар есебі.
- •Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар.
- •2. Эмиссиялық кіріс есебі. 3. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер.
- •4. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. 5. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу.
- •8. Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын ең аз талаптар. 9. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімге жіктеу.
- •10. Пайда және зиян жөніндегі есепке қойылатын талаптар. Пайда және зиян жөніндегі есептің екі нысаны.
- •11. Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы, оның нысаны.
- •12. Ақша қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері.
- •13. Түсініктеме жазбаларда апараттарды ашып көрсету.
- •14. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы. 15. Есеп саясатындағы өзгерістер. Кейіндетілген жағдайлар.
- •Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыздандырылуы Оқулықтар, оқу құралдары және монографиялар
- •Пән тақырыптары бойынша тарату материалдары
- •1010,1020 Шоттардың дебеті бойынша 1-ші тізімдеме
- •1010, 1020 Шоттардың кредиті бойынша журнал-ордер 1
- •Слайд 4 - тмқ бағалау әдісін салыстыру
- •Журнал-ордер 12
- •Қаржылық есеп беру
- •Шоттар жоспары
- •1300 Запастар
- •2 Бөлім. Ұзақ мерзімді активтер. Активті
- •2200 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынған инвестициялар.
- •2300 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар. /Салымдар/
- •2400 Негізгі құралдар
- •3 Бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер. Пассивті
- •4 Бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер. Пассивті
- •5 Бөлім. Капитал мен резервтер. Пассивті
- •6 Бөлім. Табыстар. Пассивті
- •7 Бөлім. Шығындар. Активті
- •8 Бөлім. Өндірістік шоттар. Активті
4. Ақша қаражаттарының жасырын ағымдарын бейнелеу.
Банк ұйымдардың шоттары бойынша әрбіріне жеке шот ашады (көшіргіш қағаз арқылы екі данад). Бірінші данасы жеке шоттан көшірме болып саналады және шаруашылық ұйымына беріледі, екінші – жеке шот (есеп беті) банкіде есеп жүргізу негізі болып қалады. Көшірме орындаушының қолымен және көшірме үшін банк мөрінің бедерімен расталады. Көшірмелер, бірінше немесе екінші қол құқығына ие тұлғаларға немесе ұйым сенім хаты бойынша өзге қызметкерлерге, ұйыммен келісе отырып белгіленген мерзімде беріледі. Көшірмелер поштамен жіберілуі немесе клиент үшін ыңғайлы жерде банк жабдықтаған абонеттік жәшіктер арқылы берілуі мүмкін. Клиент өкілі көшірмелерді алу үшін жеке шотта (бет есепте) немесе жеке карточкаға қол қояды.
Банктен келіп түскен көшірмелер оған тіркелген құжаттар бойынша бухгалтерияда тексеріледі. Ұйым қате жазулар туралы 10 күннен кешіктірмей банкке хабарлауы тиіс, егер де ол басқа елді мекенде болатын болса – көшірме тапсырылғаннан кейін 20 күннен кешіктірмей хабарлауы қажет. Банктің жетекшісі мен бас бухгалтері қате жазулардың әрбір жағдайының нақты себептерін анықтап, алдағы уақытта соған ұқсас қателіктерден сақтандыруды қамтамасыз ететін шаралар қолдануы тиіс.
Дәріс 3
Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу. Бастапқы бағалау. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштарының есебі. Жеңілдіктер мен тауарлардың қайтарылуы. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері.
Дәріс 4
Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштары.
Салықтық активтер есебі: берілген аванстар; алдағы кезең шығыстары; аяқталмаған құрылыс және басқа активтер.
1. Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу.Бастапқы бағалау.
Дебиторлық борыш – деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектілердің оларға көрсеткен үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:
ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық төлем;
вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық борышы.
Ал бір жылдам астам уақыт алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» -деп аталады.
Халықаралық тәжірбиеде баға жеңілдіктері терминімен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады.
Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.