Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5тезисы лек ФУ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать
    1. Материалдық емес активтерді сатып алу сәтіндегі бағалау және тану. Кәсіпорында құрастырылған материалдық емес активтердің өзіндік құны.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

  • Заңды түлғалармен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

  • Басқа шаруашылық субъектілірінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объктілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Егер ұйым қандай да бір бапты материалдық емес актив ретінде танитын болса, ол мұндай баптың:

а) материалдық емес активтің анықтамасын ;

және

б) тану критерийлерін қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.

Бұл талап материалдық емес активті сатып алумен немесе ішкі өндірумен байланысты бастапқы кезеңде шеккен шығындарға, сондай-ақ оны өсіруге, ішінара алмастыруға немесе қызмет көрсетуге арналған кейінгі шығындарға қолданылады.

Бөлек сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты тану критерийлерін қолдану мәселелері қарастырылады, ал мұндай критерийлерді кәсіпорындарды біріктірудің нәтижесінде сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты қолдану туралы айтылады. Мемлекеттік жәрдемақы арқылы сатып алынған материалдық емес активтердің бастапқы бағалау мәселелері, материалдық емес активтерді айырбастау мәселелері, ал ішкі қалыптастырылған іскерлік беделді есепке алу мәселелері қарастырылады. Ішкі өндірілген материалдық емес активтерді алғашқы тану және бағалау мәселелеріне арналған.

    1. Кәсіпорында жасалған саудалық маркалар, іскерлік бедел.

Кейде ішкі құралған материалдық емес активтер тануға жататындығын немесе жатпайтындығын бағалау қиын болады, бұған себеп ретінде:

a) күтілетін экономикалық табыстарды құрайтын бірегейленетін активтің бар екендігін анықтаумен байланысты;

және

б) мұндай активтің өзіндік құнының мағынасын анықтаумен байланысты проблемалар болып табылады. Кейбір кездерде ұйым ішінде материалдық емес активті құрудың өзіндік құнын ішкі қалыптасқан іскерлік беделді немесе күнделікті қызметті қолдаудың немесе күшейтудің өзіндік құнынан анықтау мүмкін емес.

Тиісінше, материалдық емес активті тану және алғашқы бағалау үшін жалпы талаптарды орындаумен қатар, ұйым ішкі құралған материалдық емес активтерге қатысты талаптары мен ұсынымдарын қолдануға міндетті.

Материалдық емес активтің өзіндік құнын шынайы бағалау материалдық емес активті тану үшін шарт болып табылатындығын белгілейді. Теңдес нарықтық операциялары жоқ материалдық емес активтің әділ құны, егер (a) осы активке қатысты әділ құнның негізделген бағалар диапазонның вариативтігі айтарлықтай болмаса, немесе (б) осы ауқымдағы түрлі бағалар ықтималдығы негізді белгіленіп және әділ құнды бағалау кезінде қолданылса, шынайы бағалануға жатады. Егер ұйым алынған немесе табыс етілген активтің әділ құнын шынайы анықтай алса, алғашқы құнын анықтау үшін, алынған активтің әділ құны нақты болған кездерді қоспағанда, табыс етілген активтің әділ құны қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]