Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5тезисы лек ФУ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

«Есеп және аудит» кафедрасы

«Қаржылық есеп-1» пәні бойынша қысқаша лекциясы

Дайындаған: э.ғ.к., аға оқытушы Атенова К.А.

Шымкент-2012

КІРІСПЕ

Қаржылық есепті пайдаланушылардың түрлі топтарының болуы, сыртқы және ішкі пайдаланушылардың ақпараттық талаптарына байланысты, бухгалтерлік есепті ақпараттық жүйе ретінде келесідей түрлерге жіктеуге соқтырады: қаржылық есеп және басқару есебі. Қаржылық есептің мақсаты мен міндеттеріне әлеуетті инвесторлардың, акционерлер мен кредиторлардың қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, сол сияқты мемлекеттік, статистикалық, салы қызметтеріне және басқа да сыртқы қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған дұрыс та тиімді шешімдерді қабылдау үшін сыртқы қолданушыларға толық та шыншыл қаржылық есептілікті ұсыну жатады.

«Қаржылық есеп-1» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттеріне кәсіби білімге деген жоғарғы талаптарға жауап беретін және басқару шешімдерін талдап және қабылдайтын, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын, қаржылық есептілікті ХҚЕС-на сәйкес қалыптастырып, ұсына алатын қаржы саласында жоғарғы білікті мамандарды дайындау болып табылады. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын студенттер «Бухгалтерлік есеп қағидалары» курсын табысты аяқтағаннан кейін келесі салаларда теориялық және тәжірибелік дағдыға ие болуы тиіс: қаржылық есептің негізгі принциптері мен тұжырымдамасы; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің есебі; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі; капитал есебі; табыстар мен шығындар есебі; сол сияқты қаржылық есептіліктің барлық нысандарын халықаралық стандарттарға сәйкес дайындау.

Тақырып 1. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар

Дәріс 1

Ақша қаражаттарын және олардың баламаларын тану, 7 ҚЕХС. Ақшалай қаражаттарды қолдануға қойылатын шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау жасау. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.

Дәріс 2

  1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті ұсыну.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдарын бейнелеу.

1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларын тану, 7 хқес

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі-кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал -жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрысбағалау үшін қажет.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген соммалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Овердрафт дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы соммадан артық соммада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сомма қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық соммсдан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкенг көлемде болатын болса, онда бұл сомма кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.

2. Ақшалай қаражаттарды қолдануға қойылатын шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау жасау.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттілігі:

а) активтердің түгелдігін бақылау үшін;

ә) кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін;

б) бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін және тағы да басқа жағдайларға байланысты.

Ақшалар және басқа да өтімділігі жоғары активтерге ішкі бақылау жасаудың қатал жүйесі қаржылық есепті ұйымдастырушылар үшін ақшалармен олардың балама-ларына (эквиваленттеріне) жүргізілген бақылаулар дәл және сенімді ақпарат болып табылатындығына сенімділіктерін арттырады (ұлғайтады). Ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни оны қорғау кептеген кәсіпорындар мен ұйымдардың ең маңызды мәселесі болып табылады. Ақшаларды жасыру немесе оны ұрлау өте оңай, өйткені олардың белгілі бір белгілері жоқ және тез айырбасталады (конвертизацияланады). Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшаларға ішкі бақылау жасау мынадай фунцияларды жүзеге асыруы, яғни атқаруы қажет:

- ақшалардың жеке есебін жүргізу мен бөлек сақталуын бақылау;

- қолма-қол есеп айырысу негізінде жүргізілген операциялардың есебін бақылау;

- кассада тек қана күнделікті қажетті мөлшерде ақша сақтау;

- касса қалдығын белгіленген мерзімде уақтылы тексеру;

- табыс өкелмейтін ақшалардың қайтарылуын қамтамасыз ету;

- ақшалардың сақталуына жеке тұлғаның жауап беруі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің ақшаларын банк мекемесінде сақтауға тиіс екендігін бұның алдында айтып кеткен болатынбыз. Бұл бір жаданан кәсіпорындар мен ұйымдар үшін ақшаларының қозғалысын бақылаудың маңызды әдісі болып табылады және оның мынадай артықшылықтары да бар:

- Ақшаларының түгелдігіне, сақталуына банк мекемесі толығымен жауап береді.

- Банк мекемесінің тарапынан ақшалардың жеке есебі жүргізіледі.

- Бұл жерде сақталатын ақшалардың ұрлану қаупі (мүмкіндігі) кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінде сақталатын ақшаға қарағанда төмен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]