Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

10)Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын,кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркісіптік капиталды пайдалану негізінді жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесте, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынана қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады: А-Т ... Ө ... Т11

Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы д.а. Формула көрсетіп тұр-капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді: d=A1-A Мұнда A-бастапқы жұмсалған капитал, d-үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауйыспалы айналымнаң әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. Капитал қорлануының факторлары:

  • қосымша құнның нормасы

  • қызмет атқаратын капитал мөлшері

  • еңбек өнімділігінің артуы

  • қосымша құн бөлігінің қорлануы немесе тұтыну арасындағы пропорция

Осы аталған факторлардың барлығы да бір мезгілде жүзеге асады. Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша құрылымы өзгереді. Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады: капиталдың шоғырлануы, капиталдың орталықтануы. Капиталдың орталықтануы бұл қосымша құн есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың оталықтану дегеніміз капиталың бірігу жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте барлық капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады. Капиталдың орталықтануының бір түрі акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы өндщірітің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барыгша өнідіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыру. Практикада қорлану күрделі қаржыны тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен қайта жабдықтауға, мәдениет тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. Инвестиция немістің investition деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капиал мөлерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделоі қаржыға қарағанда ең мағына береді. Инвестицияның қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау жатады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру керек. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]