Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері

Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі.

Қазақстанның қаржы нарығы Ресейге қарағанда барынша жақсы реттелген.«Қазақстан қаржы нарығын реттеуде көп жұмыстар жасады.  Қазір Кеден одағы аясында заңнамаларды сәйкестендіру үдерісі жүріп жатыр. Бұл бағытта Қазақстанға қарағанда Ресейде атқарылатын жұмыс көбірек.

Қаржы нарығы мен оның кәсіби қатысушылары басымдылықтарға ие табысы мол экономика салаларында ішкі және сыртқы инвесторлардың қаражатынан тартылған уақытша бос ақша қаражаттары мен капиталдық құйылымы функциясын орындайды, халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің бірігуіне ықпал етеді. Біздің елімізде экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық алғышарттары бар қаржы нарығын қалыптастырушы процесс жүріп жатыр. Оны ары қарай дамыту мақсатында институтционалдық құрылымдарды құруға, инвесторлардың қажеттілігіне жауап бере алатын шетелдерде дамыған әр түрлі қаржы құралдарын және қаржы нарығын талдаудың әдістемесін енгізуге, даму тенденцияларымен мемлекеттік қолдаудың бағыттарын бөлуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Өндірістік салалардағы инвеститцияларды жүзеге асыру үшін ішкі ресурстардың жеткіліксіздігі Қазақстанның өтпелі экономикасындағы аса ірі мәселелердің біріне айналды. Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады.Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін өзіндік аймақты қалыптастырады.Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтың қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы нарығы  ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибемен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуынаң өзіндік ерекшеліктеріне сай әртүрлі түсіндіріледі. Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөл атқарады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылар арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.

Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп шеңберінде қаржы тұрақтылығын айқындайтын мынадай аспектілерді бағалау жүзеге асырылады:

1) қаржы ресурстары ақшаны сақтайтын жəне инвестициялайтын адамдар арасында

қаншалықты тиімді жəне уақтылы қайта бөлінуде;

2) тəуекелдерді барабар бағалау жəне тиімді басқару жүзеге асырылады ма;

3) қаржылық күйзелістер айтарлықтай сілкіністерсіз қаржы жүйесіне сіңіп кетуі мүмкін бе.

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында каржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.       Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын каржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:       • реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарынын және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;       • акпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;       Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

86)Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі Біздің экономикалық өсуіміз телеарна, телестанциялардың табыстарын үлкен нәтижеге жеткізді. Оның өзінде жергілікті телеарналар кабельдік және спутниктік телеарналар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдайда өмір сүреді.Басқа салаларға қарағанда, телеарналар өз өндірісін әрдайым өсіре алмайды.Телеарна басқа арнаның аудиториясын жаулап ала алады, бірақ өз тауарын басқа нарыққа «экспорттай» алмайды. Сондықтан бүкіл табысты эфирлік уақыттың бағасын көтеру арқылы табады.Мысалы, 2005 жылы республиканың барлық телерадио арналары президенттік сайлау кезінде көп табысқа кенелді. Эфирлік уақыт барлық кандидаттар арасында тең бөлінгенімен, мұнда қаржы аспектісі үлкен рөл

атқарды. Бөлінген бюджеттен басқа, кандидат өз қалтасынан жарнаманы қаржыландырып отырды. Осы кезде әр кандидаттың жарнамалық компаниясы ұйымдастырылып, жарнамалық роликтерді экранға шығарып,бұл әрекеттер тек кандидат пайдаланған телеарнаның пайдасына шешіліп отырды.

Жарнаманың тиімділігі және сапасы көптеген аспектілерге тәуелді.Жарнаманың бізге белгілі түрлері мен бағасы әртүрлі. Жарнаманың бағасы оның тасымалдаушы құралымен байланысты болады. Жарнаманы тасымалдаушы құралдар мен арналарды таңдау жұмысы ерекше рөл атқарады. Бұл қандай құралдар болатынын анықтау қажет.

 Баспа жарнамасы:

-листовка: кішкентай форматты, қымбат емес басылым;

-даңғыл: көпбетті, жақсы суреттелген басылым, бағасы графикасынабайланысты;

-каталог: формасы бойынша даңғыл сияқты, бірақ  мазмұнымен ерекшеленеді: оған тауардың, қызмет жайында тек маңызды мағлұматтаркіреді. Әрине, оның бағасы қалыңдығына және суреттер санына байланысты.(1 данасының орташа бағасы 500 теңгеден басталады);

Қанша дегенмен құдіретті асқандар мен ақылы тасығандарды қастерлей өскен халықпыз. Сондықтан да ақша үшін асылдарымыздың аруағынқорламағанымыз жөн болар.Қазір қисыны жоқ, тіптен ұлттық намысқа тиетін жарнамалар көптенберіліп жүр. Мысалы, «Банк Центр Кредиттің» («Хабар арнасы», 2000ж.,25мамыр, сағ.10.45) жарнамасы соның дәлелі. Атасы – қазақ, кемпірі-орыс,келіні – татар, немерелері – қазақ. Шынын айту керек, бұл жарнама емес,әзіл-ысқақ сияқты. Қазір шай, май, азық-түлікті жарнамалауға елдегі белгілі адамдар көптеп тартыла бастады. Бірақ мардымсыз ақшаға бола сапасынашар өнімдерді жарнамалағандарға қарның ашады. Шет мемлекеттерде өз-өзін сыйлайтын тұлға еш уақытта сапасыз затты жарнамаламайды. Бұлжайтты олар беделіне нұқсан келтіреді деп түсінеді. Ал бізде ше? Ақшаберсең тіптен ішкі киімдерді де мақтау, мадақтаудан тайынбайды. 

Сондай-ақ, қазіргі таңдағы телеарналарда жарнаманың көп тірлігінің белең алғандығы ақиқат екендігіне көзіміз әбден жеткен тұс осы уақыт.Дегенмен, телевизияның адам өмірінен алатын мән-маңызын ескерер болсақ,қалың бұқараға рухани азық алар, өзін-өзі тәрбиелер бірден-бір орталығы.Жарнаманың жоғарыда келтірілген мысалдарынан басқа да, күнделікті өмірқажеттілігінен туындайтын өзге тұтынатын заттар насихатталғандығы анық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]