Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.

Кейінгі зерттеулерде, жалпы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін классикалық тұжырымдамаларды қолдану тиімді емес, себебі мемлекеттік араласу болмаған жағдайда жиынтық сұраныстың өсуі бағаның инфляциялық өсуіне алып келеді.

Біздің ойымызша, жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары деңгейіне демеу көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы ұсынылады. Бұл араласу қолда бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық сұранысқа әсер етуге қолдануы керек.

Неоклассиктердің пікірінше, ақша рыногында ақшаға тең баға ұсынатын тепе-теңдік пайызы орнайтын болады. Бұл жағдайда жинақталған ақша саны инвестицияланған ақша санына тең болады. Егер де жинақ қорының көлемі инвестициядан асып кететін болса, онда пайыз деңгейі төмендейді де, жаңа тепе-теңдік орнайтын болады.

Жинақтаулар мен инвестициялар теңдігі неоклассиктер ақша рыногына кепіл болады деп санайды. Егерде тұтынушыларға құнттылығы үшін жоғары пайыздар төленетін болса, онда олар жинақтау жүргізеді, және де пайыз ставкасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жинақ қорының көлемі де жоғары болады. Аталмыш пайызды өндірістің дамуына жинақталған ақшаны пайдаланатын инвестор-кәсіпкерлер төлейтін болады.

Егер жинақ қорының көлемі инвестициядан жоғары болатын болса, онда өнімге жұмсалатын жалпы шығындардың азаюы оған деген бағаның төмендеуіне алып келеді. Өнімге сұраныстың төмендеуі жағдайында бәсекелестер оның бағасын төмендетеді, бұл жинақ қорлары жоқ тұлғаларға тауар сатып алуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да жинақ қоры өндіріспен және жұмыспен қамтудың қысқаруына емес, баға төмендеуіне алып келеді. Сонымен бірге тауарларға деген сұраныстың төмендеуі ресурстарға деген сұранысқа, соның ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді деп пайымдалады. Ал бұл жалақының төмендеуіне алып келетін болғандықтан, сол – төмен ставка бойынша жұмыс істеуге тілек білдіргендердің барлығы да жұмысты болады, яғни жұмыссыздық болмайды.

Басқаша айтқанда, неоклассиктердің пікірі бойынша нарықтық механизм пайыздың иілімді ставкалары, баға мен жалақы икемділігі арқылы шығындар мен кірістерді сәйкестендіреді, өндірістің қажетті көлемін, толық жұмыспен қамтуды және макроэкономикадағы тепе-теңдікті демеп тұрады.

80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады, Құрылымы бойынша қаржы нарығы үш нарықтан тұрады. Сол нарықтың бірі бағалық қағаздар нарығын Қазақстанда толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жұйесін қалыптастырып, тереңдету керек. Бұл жерде айрықша атап өтетін мәселе бұл, саланың құқықтық базамен толыққынды қамтамасыз етілуі, қолданыстағы заңнамалардың қазіргі заман талаптарына сай жасалуы,бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының арасындағы қатынастардың бір жүйеге келтірілуі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын жетілдіру жолында тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Сондықтан, осы орайда тұрғындарға кепілдендіріп, заңмен қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күнге дейін бұл бағытта көптеген жұмыстар жүргізілді, дегенмен қалыптасқан мәселе азая қойған жоқ. Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар – меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін, сондай-ақ, олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10-13 жылда болған өзгерістер- еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы, ал мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды. Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқыұ беретін ақшалы құжат немесе қарыз беретінге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі, бұл өзінің тауарлық, өндірістік және ақшалық формасынан ерекшеленетін капиталдың бар болуының ерекше түрі, ол нарықта тауар сияқты айналады және табыс әкеле алады, және де бағалы қағаз – бұл, заңмен анықталатын және сол тәртіпте орнатылатын, мүліктік құқық түрлерін куәландыратын құжат.

Нарықтық экономикада қаржы нарығы аса маңызды мәнге ие болады. Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы дамуының негізгі мақсаты – инвестицияларды тартудың қолайлы механизмін және Қазақстан Республикасындағы шаруашылық ссубъектілер мен экономика салалары арасындағы капиталды тиімді қайта үйлестіруді құру. Отандық бағалы қағаздар нарығын жаңа, әлемдік стандартқа сәйкес, деңгейге шығарудың негізі бағалы қағаздар сату көлемінің ұлғаюы, олардың потенциалды инвесторлар үшін өтімділігі мен тартымдылығын жоғарылату болып табылады . бүгінгі күнде маңызды мәселе, инвестициялық тартымдылығы жоқ, «екінші эшелондық» кәсіпорындардың акцияларын биржалық нарыққа шығару болып қала береді. Бірақ осының бәріне әлемдік қаржы нарығындағы, соның ішінде ҚР-дағы, қор сегментінің маңызды элементі – бағалы қағаздар табиғатының мәні мен ұғымын толық және мүлтіксіз түсіну негізінде жетуге болады. Осы Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын дамуына келетін болсақ, ол үшін 1995 жылдың қаңтарында Бағалы қағаздар жөніндегі ҚР-ның Ұлттық комиссиясы құрылып, алүкімет Бағалы қағаздар нарығын дамытудың үш жылдық бағдарламасын бекітті. Оны орындаудың нәтижесінде БҚН-ның кезде қалыптасу және одан әрі даму барысы мынадай:

  • Бағалы қағаздарды шығару мен айналысқа түсіруді және қатысушы субъектілердің реттейтін, сондай-ақ Бағалы қағаздарда туындайтын мемлекеттік реттеу қатынастарының құрылымын анықтайтын заңнамалық негіз қалыптасты.

  • Бағалы қағаздар нарығының институттың инфрақұрылымы қалыптасып, оның негізі болатын брокер-дилерлік фирмалар, кастодиандар және зейнетақы активтерін басқару компаниясы, сонымен қатар техникалық инфрақұрылымы, орталық депозитарий қор биржасы қызмет істеуде.

  • Қалыптасқан акциялар және облигациялар нарығы одан әрі дамуда;

  • Бағалы қағаздар нарығына арнайы мамандарды дайындау жуйесі қүұрылып одан әрі жұмысын жетілдіруде;

  • ҚР-ның Бағалы қағаздар нарығы әлемдік нарық жүйесімен интеграциялануда.

Алайда, эмитенттердің нақты эмиссиялық белсенділігінің төмендігінен Қазақстан қор биржасы өзінің нарықтың өсу деңгейіне жетті деуге болмайды. Сондықтан біртіндеп ішкі инвестициялық базаның өсіру инвестициялау реттеудің тиімділігін арттыру есебінен бағалы қағаздар нарығын дамыту мумкіндіктерін жалғастыру қажет. Соңғы уақытта қазақстандық бағалы қағаздар нарығында біршама оң өзгерістер бар, мысалы Қазақстан компанияларының 30-40 пайыз акциялары ішкі нарықта. Сонымен қатар Қазақстан компанияларының АДР,ГДР -3 деген қаржылық иинструменттерді шығару қызығушылықтары туып отыр, оның мақсаты шетел капиталын тарту. 2006ж нәтижесі бойынша акция инвестордың ең табысты салымы болып табылатындығы көрсетілді. Қорытындылай келе кез-келген бағалы қағаз инвестициялық сапасының жиынтығымен анықталады, олар табыстылық, сенімділік жіне өтемшілдік. Олар эмитенттің қаржылық жағдайына тәуелді. Ол фундаментальді және техникалық талдау көмегімен анықталады. Сонымн, бағалы қағаздар нарығы мемлекетіміздің экономикасын дамытуда қолданылатын қуатты құрал екені белгілі. Осы құралды икемді пайдалану үшін бірінші кезекте қолданыстағы заңнамалардың толық әрі мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Екінші,қалыптасқан нарықты бір жүйеге келтіру, осы саладағы инфрақұрылымды дамытып, қатысушылардың құқықтарының толық қанды қорғау. Осы мәселелердің шешілуі болашақта бағалы қағаздар нарығының ілгері жылжуына кепіл болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]