- •1)Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2)Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3)Капиталдың мәні, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4)Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5)Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6)Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары
- •7)Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі
- •8)Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9)Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •10)Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11)Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12)Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13)Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14)Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15)Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16)Ренталық қатынас теориясы.
- •18)Тауарлы шаруашылық:пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19)Нарық:мәні,анықтау белгілері,негізгі қызметтері.
- •20)Ұдайы өндіріс теориясы.Ұдайы өндіріс типтері.
- •21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.
- •22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •23)Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері
- •24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты.Есептелу әдістері
- •25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.
- •26)Нарықтық инфрақұрылым:мақсаты мен негізгі түрлері.
- •27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
- •28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
- •30)Жұмыссыздық және оның түрлері
- •31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •33)Ұсыныс, ұсыныс заңы,ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34)Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •41) Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42)Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43)Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44)Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46)Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47)Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48)Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49)Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50)Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51)Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52)Шекті пайдалылық теориясы.
- •53)Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54) Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55)Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56)Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57)Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58) Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59)Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •60)Жұө-ді өлшеудің негізгі әдістері.
- •62)Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық даму ( 2003-2015 жылдарға арналған) мемлекеттiк стратегиясының мәні
- •63)Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64)Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау
- •65)Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы.
- •66)Қазақстандағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау
- •67)Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі
- •68) Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •69)Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •70)Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі
- •71) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары
- •72)Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары
- •73)Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74)Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары
- •75)Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету
- •76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.
- •77) Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол
- •78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары
- •81)Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
- •82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- •84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
- •89) Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары
- •90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
Натуралды шаруашылық:
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады;
2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі;
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.
Тауарлы шаруашылық:
1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады;
2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек;
3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс.
Қоғамдық өндірістің алғашқы нысаны натуралды шаруашылық, осыған қысқашаа тоқталып өтейік, онсыз шаруашылықтың басқа нысандарының мәнін түсіну де қиынға соғады. Натуралды шаруашылық еңбек өнімдері рынокқа түсетін айырбас үшін емес, ең алдымен өндірушілердің өз қажеттерін өтеу үшін ұ йымдасатын шаруашылық.Яғни еңбек өнімі өндірушіннің де жеке басының қажетін қанағаттандыруға арналады да ол, тұтынушының қолына тікелей бөлу жолымен тиеді. Мұнда тұтыну өндірумен сәйкес келеді де, олардың арақатынасын реттеу қиынға соқпайды. Мұндай қатынастар, әсіресе алғашқы қауымдық құрылыста кең орын алады. Натуралды шаруашылыққа патриархалды шаруалар қожалығы және феодалдық игіліктегі шаруашылықтар жатады. Натуралды шаруашылықтың тауарлы нысанмен алмасуы ұзақ та, күрделі процесс. Жоғарыда атап өтілгендей, натуралды шаруашылық әрі тұйық, әрі тұрақты әрі өсуі өте баяу. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе экономикасы әлсіз елдерде елеулі орын алуда. Тіпті дамылған елдің өзінде де натуралды шаруашылықтың кейбір нысаны сақталуда. Натуралдыы шаруашылықты ығыстырып шығарудың бірден-бір жолы –шааруашылықтарды тауар алмасуға, сатып алу, сатуға қамту. Мұнда өндірістің мамандануын тұрақтандыру аса маңызды. Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:
өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
жеке меншіктің болуы;
тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.
жеке меншіктің пайда болуы;
тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;
еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;
экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.
Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:
адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:
Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.
Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң.
36)Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қ
Экономикалық өсудің типтері
Интенсивті
Экстенсивті
Аралас
Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
жұмыс күшінің санының өсуі;
капиталдың көлемі өсуі.
Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның бос уақытының көбеюі;
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
адам капиталына инвестицияны өсіру;
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: |
Жанама факторлар: |
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
|
|
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.
37) Нарықтық баға және оның функциялары.
Нарықтық баға – нарық жағдаятының, сұраныс пен ұсыныс заңдарының, бәсекенің ықпалымен қалыптасатын еркін баға.
Тауардың бағалы қағаздардың валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ, олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін баға деңгейі; # негізгі құрал-жабдықтың (кәсіпорындардың, жабдықтардың) құны.
Нарықтық баға өзіндік құнды, пайданы, көптеген тауарлар бойынша қосымша құн салығын, сатылым салығын, кейбір тауарлар бойынша акцизді қамтиды. Бұл орайда пайданың нақты мөлшері келісілген бағаның деңгейіне байланысты. Нарықтық баға шарттарда, бағаны келісу хаттамаларында немесе құжаттарда тиянақталады. Ол шикізат, материалдар бағасының өзгеруіне қарай және шығынның қалыптасуына ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, тараптардың келісуімен қайта қаралуы мүмкін. Сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағы орташа баға мен нарықта тауарлар ақшаға немесе бір-бірімен айырбасталатын (баспа-бас айырбас) баға да нарықтық бағаға жатады.
38)Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістері. Мемлекеттік Реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.
Рынок үшін әкімшіл-әміршіл жүйенің қажеті жоқ, оған ерекше инфрақұрылым қажет. Ал мемлекеттік реттеу – осы инфрақұрылымды жасап, оның тиімді іс-әрекет етуіне қол жеткізуі қажет, яғни мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.
Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер етуіне мыналар әсер етеді:
-индикативті жоспарлар арқылы ел экономикасы дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтау;
-белгілі бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар;
-бағдарламалар, тапсырыстар және шарттарды мемлекеттік қолдау;
-технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;
-белгілі бір тауарларға құқықтық және әкімшілік шектеулер қою;
-тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.
Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:
-салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;
-бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;
-ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;
-экспорт және импортты кедендік реттеу;
-валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.
Көптеген экономистер салықтық реформаны тиімді деп санайды, сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің босаңсуы экономикаға тиімдірек жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі Паретто бойынша жақсы болып табылмайды. Жеңгендер немесе табысы жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт пен ақшаларын жұмсайды.
Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:
1.қаржы – несие саясаты
2.фискальді саясат
3.еңбек ақы және тариф саясаты
4.мемлекеттік инвестиция саясаты
5.әлеуметтік саясат т.б.
Меншік қатнастарына байланысты: адамның қоғамдағы алатын орыны, қоғамдық өнімдегі адамның үлесі, қоғамдық өмірдегі адамның ролі және тағы басқа анықталады. «Ешкімдікі емес» қоғамдық меншік белсенді шаруашылық қызметін ынталандырмайды. Жеке меншік керісінше жеке мүдделер тұрғысынан анағұрым нәтижелі еңбекке жетелейді. Бірақ мұнда байлық пен кедейлік жіктеліп, әлеуметтік шиеленіс пайда болады.
Қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалыптастыруы қажет. Мысалы, табиғи байлықтар, орман, парктер т.б.
Мемлекет – қоғамдық мақсатты қамтамасыз ету үшін шаруашылық тұлғалары мен рынокты бақылауды қамтамасыз ету үшін заңды және саяси билікті іске асыратын үкімет мекемелерінен тұрады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыру, басқару органдарының қоғамдық тиімді нәтижеге жетуі үшін жалпы өндірістік процеске әсер етуі болып табылады. Басты мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қлыптастыру яғни әртүрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, тапшылықты жою болып табылады. Ол қоғам дамуының объективті заңдарына сүйенеді. Экономикалық ретеудің мазмұнына «белсенді әлеуметтік саясат» жүргізу (кедейшілікке қарсы) кіреді.
Мемлекеттің экономикаға араласу сфералары:
-бәсекелестікті қолдау;
-жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Яғни, рынокта табыс бойынша бөліну т.б. салдарынан халық шаруашылығында ішкі тұрақтылық бұзылады. Салалық диспропорция пайда болады. Сондықтан мемлекет ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді ауытқуларға араласады.
-әлеуметтік қамсыздандыру және тепе-теңдік. Жаңа қоғамда жалдамалы жұмысшылар, зейнеткерлер, балалар мен жастарды құрғау қажеттілігі туады. Рыноктық экономикада олар ешнәрсе өндірмейді және ештеңе ұсына алмайды. Яғни табыссыз, сондықтан мемлекет оларға көмектер көрсетеуі қажет.
-микро деңгейдегі тапшылықтарды жою. Мысалы, фирмалардың банкроттығын болдырмау, салықтық көмектер беру т.б.
-Мемлекеттің мақсаты: -экономикалық өсу;
-толық жұымбастылықпен қамтамасыз ету;
-бағалардың тұрақтылығы;
-сыртқы және ішкі экономикалық тұрақтылық.
39)Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыным капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. 1) Тұтынушылардың саны. Табыс деңгейі. Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы. Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар: Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар. Тұтынушының табысы. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі. Тауардың қажеттілігінің деңгейі. Тұтынушының күтуі. Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады Ed=% ∆Q / %∆PИкемділік коэффициенті бағаның бір пайызға өзгерісінің нәтижесінде сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді. Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді (Еd=1). Егер бағаның өсуіне қарғанда сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді. Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың негізгісі болып баға аталады. Баға мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар: бағаның көтерілуі сұранысты түсіреді және керісінше.
40)Несиенің мәні және формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары. Несиенің мәні және қажеттілігі.
Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма – қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады. Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несие сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп ж/е сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім-бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады. Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайттарды айту керек:несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы.несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.Коммерциялық несие төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның обьектісі-тауарлық формадағы құралдар. Мақсаты-тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады. Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Халықаралық несие-бұл ссудалық капиталдың халықаралық экон-қ қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы н/е ақшалай нысаны болады. Үкімет, банктер, жеке фирмалар несие берушіде, несие алушыда бола алады. Мемлекеттік несие-мемлекет несиені халыққа ж/е жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік займ облигациялары болып табылады. Тұтынушы несие-жоғары поцентте(30%) көбіне анықталған мерзімге(1 жылдан 3 жылға дейін) жеке тұлғаға берілді. Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы н/е банк ссуда беру түрінде беріледі. Кепілдік несие-несие кепілдеме түрінде беріледі, яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады. Ақша-несие саясаты-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкон-қ деңгейдегі обьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатынң басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету ж/е теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.ақырғы мақсат:1.экон-қ өсу 2. толық жұмысбастылық 3.бағаны тұрақтандыру4.төлем балансын тұрақтандыру. Аралық мақсат: 1.ақша жиыны 2. пайыз мөлшерлемесі 3.айырбас курсы. Қазақстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күні негізгі мақсаты: нақты сектордың қаржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.
