Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

65)Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы.

Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзектi болып отыр. Қазіргі экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сол себепті адам капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды. Экономикалық стратегияның бағытын, басымдылығын таңдауда жеткізуші мақсатты қойылымды анықтап, әлемдік тенденцияларды ескеру арқылы қоғамдық өмір мен экономикада не болып жатқанын түсінген дұрыс. Қазіргі таңда қоғамдық дамудың басты факторы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам сапасы болып отыр. Менің ойымызша жаңа менталитеттiң құрылуы мен экономикалық қайта өңдеудiң, шаруашылық субъектiлердiң ойлауы мен әрекетiнiң идеологиялық негiзiнiң бiрi, адам капиталы теориясы болу керек, ол қазiргi күндегi нарықтық экономика жағдайын есептеп, ондағы ғылым мен бiлiм орнын анықтайды, халықтың әлеуметтiк қарым-қатынасын құрудағы тұрақты теориялық база бередi. Әлемдік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адам капиталының сапасына байланысты. Өтпелі кезеңде әсіресе адам дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адам капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге әсер етуі керек және еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда. Кез-келген елдегi бiлiм беру жүйесi – ұлттық мәдениеттiң, ұлттық танымның көрсеткiшi, ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерiстердi көрсетiп қана қоймай, өзгерiстерге әсер етедi. Бiлiм тұлғаны әлеуметтiк-экономикалық процеске тиiмдi қатысуын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор болып табылады. Сол себептi бүкiл әлемде бiлiм беруге ерекше көңiл бөлiнедi. Білім беру саласының дамуы, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді. Сондықтан, мемлекет білім беру жүйесін  реттеп қана қоймай, оны ары қарай дамытып, жетілдіруі тиіс. Инновация тартып, жаңа технологияларды енгізуі қажет. Соған мемлекет күш салуда: стратегиялар, бағдарламалар және тұжырымдамалар қабылдануда. ҚР Президенті Н. Ә Назарбаевтың « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты » халыққа жолдауында білім беру саласының әлеуметтік маңыздылығына және оны дамыту қажеттігіне ерекше мән береді. Елбасымыздың бүгінгі мен қарастырып отырған тақырыбыма сәйкес, білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор,-деді.Олар:

- оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді.Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.

- педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.

- біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.

- мемлекет-жеке меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажет.

- оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.

Мен қарастырып отырған тақырыбымды қорытындылайтын болсам,білім берудің дәстүрлі ұйымдастырылуы мен институционалдық құрылымын, мектептік, жоғарғы оқу орындағы, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруден және ересектерге білім беруден бастап түбегейлі қайта құру керек.Осылай, біз әлемдік аренаға бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде енуіміз қажет.Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің мақсаты адам капиталын дамыту болуы керек деген болар едім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]