Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.

Менің бүгінгі таңдаған тақырыбым “Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары”.

Еңбек нарығының өзіне тән қасиеттері, яғни ерекшеліктері бар. Еңбек нарығы бұл ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі – нарықта маңызды институттардың, яғни мемлекет, корпорация кәсіподақтардың болуы. Осы институттарды ескермей еңбек нарығында ұсыныс пен сұранысқа анализ жасай алмаймыз. Еңбек – ресурс, яғни өндіріс факторы. Еңбектің басқа да факторлардан, яғни жер мен капиталдан айырмашылығы, еңбек – адамның қызмет етуі, әрекет етуі. Осы себептен нарықта еңбек нарығының мәселелерін қарастырғанда ресурсқа сұранысты білдіріп, шешім қабылдайтын тек фирма ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілеті бар экономикалық субьекттер. Субьекттер – еңбек нарығында ұсынысты қалыптастырады.

Еңбек нарығының құрылуы, оның ерекшеліктерінің дәл өту кезеңіндегі маңызы зор, өйткені бұл кезеңге өндірістің кенет төмендеуі мен қарқынының тез өсуі, көп бос жұмыс орындары жекешелендіру мен мемлекетті басқаруына шығаруымен байланысты мәселелер тән болады.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының нарық қатынасына өту кезеңінде ерекше, инфляциялық жұмысбасталықтың қолдауының түрі ол кезде жұмыссыздық жасырынды болады. Осы негізгі мәселелерді мен өзімнің осы тақырыбымда қарастырдым.

Қазіргі уақытта оқуды жаңа бітірген жас мамандарға айтарым – ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйытқы болуымен “Дипломмен – ауылға” атты шара ұйымдастыруда.

Оқуды жаңа бітірген жас маманның «құлағына алтын сырға». Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйытқы болуымен «Дипломмен - ауылға» атты шара ұйымдастырылуда. Мұндағы мақсат - оқуды тәмамдаған жастарға жұмыс ұсыну. Ұсынып қана қоймай, барынша жағдай жасау. Тек қойылған талап біреу. Ол - уақыт создырмай, шалғайдағы елді мекендерге жылдам аттану. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерге жас кадрлар аттап баспайды. Жасы ұлғайған мамандардың орнын басар маман жоқ. Ал қалада жұмыс таппай, қаптап жүрген кадр көп. Парадокс. Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті реттеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі таяуда тағы бір шараны қолға алды. ТМД төңірегінде тұңғыш рет қолға алынған бұл бағдарлама - мемлекеттің жастарға көрсеткен қолдауы.

Министрлік таратқан деректерге сүйенсек, 2009-2011 жылдары облыс аймақтарындағы зәрулік 26 584 маманға жеткен. Оның ішінде: білім беру саласына - 13 300, денсаулық сақтау саласына - 7 340, мәдениет саласына - 3 755, спорт саласына - 1 122, әлеуметтік қамсыздандыру саласына 1 037 адам қажет. Әсіресе, жекелеген облыс басшылары мамандардың жетпейтінін айтып, дабыл қағуда. Нақтырақ айтқанда, Қызылорда облысы (4 315 адам), Қостанай облысы (2 778 адам), Алматы облысы ( 2 523 адам), Ақмола облысы (2 072 адам), Батыс Қазақстан облысы (2 059 адам).

Осыдан екі жыл бұрын Елбасы ауылға баратын дәрігерлер мен ұстаздарға, басқа да әлеуметтік сала мамандарына қолдау мен ынталандыру шараларын қабылдау туралы тапсырма берген еді. Осыны ескерген Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оған қарасты мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс жасауға білек сыбана кіріскен.Заң аясында жас мамандарды қолдау үшін республикалық бюджеттен 20 482 735 мың теңге қаражат бөлініпті. Бір реттік көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға да ақша қарастырылыпты. Ендеше, жастардың алаңдамай-ақ ауылға аттануына болады. Карьера жасауға құмар мамандарға берілген тағы бір мүмкіндік – осы деп білемін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]