
- •1)Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2)Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3)Капиталдың мәні, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4)Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5)Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6)Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары
- •7)Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі
- •8)Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9)Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •10)Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11)Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12)Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13)Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14)Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15)Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16)Ренталық қатынас теориясы.
- •18)Тауарлы шаруашылық:пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19)Нарық:мәні,анықтау белгілері,негізгі қызметтері.
- •20)Ұдайы өндіріс теориясы.Ұдайы өндіріс типтері.
- •21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.
- •22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •23)Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері
- •24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты.Есептелу әдістері
- •25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.
- •26)Нарықтық инфрақұрылым:мақсаты мен негізгі түрлері.
- •27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
- •28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
- •30)Жұмыссыздық және оның түрлері
- •31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •33)Ұсыныс, ұсыныс заңы,ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34)Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •41) Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42)Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43)Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44)Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46)Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47)Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48)Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49)Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50)Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51)Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52)Шекті пайдалылық теориясы.
- •53)Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54) Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55)Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56)Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57)Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58) Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59)Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •60)Жұө-ді өлшеудің негізгі әдістері.
- •62)Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық даму ( 2003-2015 жылдарға арналған) мемлекеттiк стратегиясының мәні
- •63)Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64)Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау
- •65)Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы.
- •66)Қазақстандағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау
- •67)Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі
- •68) Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •69)Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •70)Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі
- •71) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары
- •72)Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары
- •73)Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74)Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары
- •75)Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету
- •76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.
- •77) Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол
- •78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары
- •81)Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
- •82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- •84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
- •89) Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары
- •90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
Әлемдік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар мәселелерге тап болып отыр. Негiзгi мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: өндірістің бiржақты, шикiзаттық бағыты, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және аймақ аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканың ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық деңгейге өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Осы орайда нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі үшін өндіріс тиімділігін арттыру өте маңызды. Себебі әрбір кәсіпорын өз қызметінің, еңбек өніміділігінің жоғары болғанын қалайды. Сондықтан да әрбір кәсіпорын нарықтық позицияға сай өзінің тиімділігін арттыруға тырысады.
Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы – ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.
Атап өткен мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат. Бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;
Өндірістің экономикалық тиімділігі кәсіпорынның тұрақты экономикалық өсуі және дамуы, өндірістік өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты. Өндіріс аясында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі болғанда ғана емес, қызмет масштабы өзгермеген кезде де, өсу өз кезегінде дамуға кедергі келтірмейді.
Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі стратегиялық қағидаларды ескерген жөн:
Шығармашылық көзқарас – кәсіпорын болашағын көре білу;
Инновация – техника мен технологияны жаңарту; өндірістік ұйымдастыру және нарық саясатын жаңарту;
Икемділік және бейімделгіштік – нарық талаптарына сәйкес үнемі өзгерістер енгізіп отыру;
Кәсіпорын қызыметінің үнемі есебін және бағалауын жүргізіп отыру;
Кәсіпорын дамуының әлсіз және күшті жақтарын өзіндік бағалау;
Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру;
Ресурстық мүмкіншіліктерге сәйкес болу;
Персоналды ынталандыру.
Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпы стратегиясы жоқ, әр кәсіпорын өзінің даму стратегиясын жекелей, нарықтағы орыны, оның потенциалы, ұйымдастырылуы, бәсекелестері, өндірілетін өнім ерекшеліктері және басқа да факторларға тәуелді әзерлейді.
Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жеке-жеке есепке алуды ғана емес, сонымен қатар оларды тиімді үйлестіру, өзара толықтыру әдістерін табуды талап етеді. Ең жаңа техника нашар ұйымдастырылған өндірісте күтілген нәтижені бермейді, ұйымдастыру үшін менеджмент деңгейі маңызды орын алады.
Өндірістің тиімділігі көбінесе өндіріс технологиясын таңдауға тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әрекеттесуін, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген өндіріс құралдарының еңбек затына әсер етуі тәсілдерін көрсетеді.
Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.