Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау

Менің ойымша, Қазақстанның қазіргі заманғы дамуы экономикалық одан әрі интеграциалануы, экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланысуының күшеюмен, елдің экономикалық біртұтас әлеуметтік -экономикалық комплекске айналуымен сипатталады. Сондықтан да, оның дамуын стратегиялық жоспарлау біртұтас экономикалық қана емес, сонымен бірге республиканың әлеуметтік аспектілерінің дамуын да қамтуы тиіс. Осыған байланысты аудан мен облыстың экономикасының дамуының жинақталған жоспарын құру әдістемесімен методологиясын жетілдіру мәселесі елдің экономикасын стратегиялық жоспарлау жүйесімен өзара байланысты, жоспарды экономикалық дайындау жүйесін құру қажетті өзекті мәселесі болып табылады.

“Қазақстан – 2030” Президенттің стратегиясының шараларын жүзеге асыру жағдайында стратегиялық жоспарларының ролі ерекше көрінеді. Аймақтық және салалық аспектісінде стратегиялық жоспарларды іске асырудың объективті қажеттілігі Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан анық көруімізге болады. Осының негізінде министрліктер, ведомстволар мен облыс басшыларына жаңа 1998 жылға дейін агенттік пен құрастырылған “әдістемелік ұсыныстарды” ескере отырып, ағымдағы және орта мерзімдік стратегиялық жоспарларды әзірлеуге бұйрық берілді.

Әлеуметтік - экономикалық дамуының аймақтық стратегиялық жоспарларын басқаруды жетілдіру басты бағыттарының бірі, эконмикалық жоспарлау жүйесіндегі аймақтық комплексті жоспарлаудың ролін арттыру жатады. Өйткені, мемлекеттің экономикалық саясатының жалпы міндеттері облыстар, аудандар мен қалалардың денгейінде нақтыланады.

Аймақтық жоспарлаудың өзара байланысты төрт кезеңін бөліп алып қарауға болады. Олардың әрқайсысында өзіндік міндеттерін шешу үшін методикалық ғылыми жобалау және жоспарлау дайындықты талап етіледі. Бұл кезеңдерге мына төмендегілерді жатқызуға болады :

1. Түрлі аймақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикасының даму перспективасының жоспарлау алдындағы ғылыми техникалық – экономикалық негізделуі.

2. Мемлекеттік ұлттық бағдарламалардың негізінде маңызды экономикалық мәселелер бойынша әлеуметтік - экономиканы ұзақ мерзімді аймақтық жоспарлау.

3. Түрлі аймақтық құрылымдардың перспективалық жинақты жоспарлауы.

4. Облыстар, қалалар, аудандар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы жалпы жоспарлауы.

5. Әлеуметтік – экономикалық дамуды аймақтық жоспарлау кезінде облыстар, қалалар мен аудандардың комплексті дамуының түйінді мәселелерін жүйелі шешуге баса назар аудару керек.

Аймақтың комплексті жоспарлар Қазақстан Республикасының экономикасының даму жоспарының базисі болып табылатын, республиканың облыстары мен қалалары , аудандарымен ауылдарының экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының критериі жоспарлардың өзара байланысты жүйесін құрайды .

Қазақстан Республикасының аймақтарынының әлеуметтік - экономикалық даму процесінің қазіргі кездегі дәрежесі, ОҚО әлеуметтік сфераларының жағдайы және негізгі салаларының дамуына талдау жасалып, аймақтардың дамуына кедергі болатын мәселелері мен олардың пайда болу көздері анықталған. ОҚО-дағы аймақтық бағдарламалары мен жоспарларының роліне баға берілген және олардың әлеуметтік жағдайға әсері мен аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуына кедергі болатын проблемаларды шешу жолдары және зерттеулердің ғылыми маңыздылығы көрсетілген.

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

Нарықтық экономика артықшылығы

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]