
- •1)Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2)Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3)Капиталдың мәні, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4)Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5)Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6)Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары
- •7)Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі
- •8)Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9)Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •10)Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11)Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12)Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13)Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14)Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15)Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16)Ренталық қатынас теориясы.
- •18)Тауарлы шаруашылық:пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19)Нарық:мәні,анықтау белгілері,негізгі қызметтері.
- •20)Ұдайы өндіріс теориясы.Ұдайы өндіріс типтері.
- •21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.
- •22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •23)Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері
- •24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты.Есептелу әдістері
- •25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.
- •26)Нарықтық инфрақұрылым:мақсаты мен негізгі түрлері.
- •27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
- •28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
- •30)Жұмыссыздық және оның түрлері
- •31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •33)Ұсыныс, ұсыныс заңы,ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34)Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •41) Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42)Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43)Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44)Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46)Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47)Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48)Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49)Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50)Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51)Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52)Шекті пайдалылық теориясы.
- •53)Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54) Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55)Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56)Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57)Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58) Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59)Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •60)Жұө-ді өлшеудің негізгі әдістері.
- •62)Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық даму ( 2003-2015 жылдарға арналған) мемлекеттiк стратегиясының мәні
- •63)Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64)Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау
- •65)Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы.
- •66)Қазақстандағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау
- •67)Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі
- •68) Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •69)Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •70)Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі
- •71) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары
- •72)Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары
- •73)Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74)Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары
- •75)Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету
- •76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.
- •77) Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол
- •78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары
- •81)Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
- •82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- •84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
- •89) Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары
- •90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
Өндіріс факторлары:жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген ж\е өндірістік тұтынуда пайд\н игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше оны өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдаланубастапқыдан адам қолынан келетін істің бірі. Әр уақытта болатын жайт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада қолданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл бір пайдалылықтар –жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылыады. Еңбек адамның мақсатында сай қызметті, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін қтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен –еңбек »,-айтуы да бекер емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.Еңбек өндңрңс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болтан адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамңың мақсатты іс-әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр. Жұмыс күші –адамның дене еңбегі мен рухани қабілетінің жиынтығы. Өндіріс процесінде жұм. Күшін пайдалану еңбек болып табылады. Немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адамнығ мақсатты іс-әрекеті. Іс-әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажеті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай-ақ жиақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардан, құрал-жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан ж\е жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалды емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды жинақталған еңбек деп қарастырады.Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, өндірістік ғимараттарж\е т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер кап. Ұқымын ақшамен байланысады. Мыс., Дж. Робинсон «Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы» деген еңбегінде, «Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған», -деп жазады.
83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілік - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншілерінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығы;мемлекеттің сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі. XX ғасырда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру көптеген елдердің сыртқы экономикалық саясатында негізгі басымдықтарға, мемлекеттік реттеудегі сыртқы бағдарға айналды. Халықаралық бәсекелестік мәні бойынша әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесінде өз орнын алу құралы болып табылады, оған тек ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Экономикалық жаһанданудың басталуымен бәсекелік қатынастар шын мәнінде ғаламдық сипат алды. Елдер арасындағы бәсекелестіктің ғаламдық процестеріне негізделген жағымсыз үрдістерді азайту үшін ұлттық экономикалар арасында валюталық, несиелік, салықтық қатынастарды реттеу мақсатында көптеген ұйымдар, комиссиялар, конвенциялар, тағы басқа институттар құрылған. 20 жылдан астам уақыт Бүкіләлемдік экономикалық форум қамқорлығымен бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша ғылыми зерггеу жобасы жұмыс істейді. Осы жобаның шеңберінде ұлттық бәсекеге қабілеттілік ретінде "жалпы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынымен есептелетін шынайы жан табысының өсу қарқынын тұрақты жоғары деңгейде ұстап отыру қабілеттілігі" түсініледі. Осы индекстер жиынтығы қарастырылып отырған елдердің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін анықтап, сәйкесінше, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламалары жасалып, қабылданады.
Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.
Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа да пайдалы кен қазбаларының запасы жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар.
Қазіргі таңда Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда көптеген әрекеттер жасалуда, еліміздің өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Негізінде біздің халықаралық нарыққа шығуымызда, яғни дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алуымызға қаншама асулардан өтуіміз керек. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларын реттеу ең өзекті мәселе, яғни осы мәселелерді шешпейінше бәсекеге қабілетті болу екіталай. Президентіміз өз үндеулерінде ылғи да ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті етуіміз керек деген ойды қозғап өтеді. Үкімет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық дамуға ден қоймақ.
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде технологиялық дамуды басқару жүйесі құрылады, нормативтік-құқықтық базасы жетілдіріледі, инновациялық қолдау бағдарламаларының жаңа түрлері әзірленеді, сондай-ақ оның үдерістерін сараптамалық қолдау жүйесі іске қосылатын болады. Ал екінші кезең жаңа бағдарламаларды жүйелі қолдану және бірінші кезеңде әзірленген инновациялық дамуды қолдау тетіктерімен сипатталады. Ал экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру - бағдарламаның негізі мақсаты болып табылады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартысында еліміздің индустрияландыру картасы бойынша 72 жобаны сәтті іске қосқан Үкімет, екінші жартыжылдықта тағы 80 өндіріс орнын пайдалануға беруді жоспалап отыр. Отырыста осы жайттарға кеңінен тоқталған Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау: «21 желтоқсанда Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасы аясында 80 жоба таныстырылады. Сондай-ақ сол күні «Қазақстан» концерт залында «Алтын сапа» аталымы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» Президенттің арнайы сыйлығын және әлеуметтік жауапкершілік бойынша «Парыз» сыйлығын тағайындау шаралары өтеді», - деді.
Жақында Алматыда өткен кәсіп-керлер конгресінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Индустриялық саясат туралы» заңның жобасын таныстырды. Заң жобасының мақсаты – экономиканың басымдық берілетін секторларының дамуын ынталандыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ол ел Үкіметі әзірлеп, жүзеге асырып отырған индустрияландыру бағдарламаларын ретке келтіреді.
Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды.
Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі – бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.
Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру жолдарын жүзеге асыру әрбір азаматтың, өндіріс сферасының, кәсіпкерліктің жүктеуінде болып табылады. Сондықтан да экономикалық бәсекеге қабілетті, іргесі шайқалмайтын, экономикалық тұрақтылыққа ие мемлекетті қалыптастырайық.