Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

74)Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары

Егемен Қазақстан жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Әсіресе, алдағы уақытта демографиялық процестердің біршама шиеленісуіне байланысты және еңбек сапасына деген талаптар дүниежүзілік бәсекелестік ортада күнен күнге артуына байланысты, бұл проблеманың өзектілігі де арта береді. Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы жұмыссыздық - еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру – өзінің шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы.Осы эссенің тақырыбын талқылауды екі бағытта қарастырылмақшымын:

Біріншіден: ҚР-да жұмыссыздық проблемасы және оның себеп-салдары.

Екіншіден: ҚР-да жұмыспен қамту саясаты, яғни төмендету жолдары.

Осы сұрақтарға жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Біріншіден: Жұмыссыздық - жұмыс істегісі келетін енбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен камтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінін бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның кұрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздыктың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы дұрыс емес кұрылымдық саясатын салдарнан болуы мүмкін.

Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар ықпал етеді:

  • ғылыми – техникалық прогресс;

  • экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылык;

  • сыртқы экономикалық бәсекелестіктің күрт күшеюі.

Жұмыссыздар ішінде көп жағдайда әйелдер мен 30 жасқа дейінгі ерлердің үлес салмағы біршама жоғары болады. Еліміздегі соңғы жылдардағы еңбек нарығы көрсеткіштеріне бойынша нарықтық экономикаға өту кезеңінде еңбек нарығындағы жағдай республика бойынша еңбек ресурстарының төмендеуімен және жұмыссыздықтың көбеюімен байқалды. Алайда бұл жағдай қазір біртіндеп оңтайланып келеді.

Яғни, Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі азайып, жұмыс орындары көптеп ашылып жатыр, оның басты себебі еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуымен, отандық өндіріс орындарының қайтадан жұмыс істей бастауымен түсіндіріледі.

Екіншіден: Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығындағы мәселелерді шешудегі негізгі мемлекеттің іс – шараларының бағыттары, Үкімет тарапынан қабылданған стратегиялық бағдарламалар, Президенттің Жолдауларында жоспараланған және бекітілген тапсырмалардың негізінде жүзеге асырылуда.

Мемлекет тарапынан 2004 жылы Халықты жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған кешендi бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ 2006 – 2008 жылдары кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту мақсатында Үкімет бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламалардың жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат - еңбек нарығында белсендi саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшiлiктi азайту және тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күшiнiң сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiн өсірудi ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделеді.

Бүгінгі күні, яғни соңғы бір жарым жыл ішінде мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін азайту мәселесіне байланысты қабылданған мемлекеттің саясатытарды атап өтсек - Дипломмен ауылға, «Жол картасы» бағдарламасы және т.б. осындай бағдарламалар бар. Осы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша көптеген іс-шаралар қолға алынды. Ерекше атап өтетін болсақ былтыр күз кезінде қалалық жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен «Жол картасы» бойынша жұмыссыз жүрген мамандарды қайта оқыту және бос орындарға мамандарды тарту жәрмеңкесі өткізілді. Осы «Жол картасы» 2009 жылдың 6 наурызында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты Жолдауындағы іс-шараларды жүзеге асыру негізіне бағытталып, қабылданған бағдарламасы болатын.

«Жол картасы» көпнесе әкімшілік тарапынан қаладағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда, Ж. К. негізінде қала көшелерін ретке келтіру тазалық жұмыстары, аялдамаларды жөндеу, жолдарды жөндеу, әртүрлі саябақтарда гүлдер отырғызу сияқты жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға көптеп тартты. Оны бәріміз күнделікті көріп - біліп жүрміз.

Сонымен, осы мәселелерді шешуде мемлекет тарапынан қабылданған іс – шараларды дұрыс деп ойлаймын. Мысалы: тек бір «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздық деңгейін азайту мен жастардың жұмыспен қамтылуына жол ашуда. Осы бағдарлама әрі қарай болашақта жалғасын тауып, мемлекеттік бюджеттен қаражат ресурстары көптеп бөлініп, алдағы уақытта жас мамандарға жұмыс орындары ашылса, халықтың әлеуметтік – экономикалық тұрмыс жағдайы көтеріледі, сондай-ақ экономикамыз алға басады. Сондай – ақ осындай мақсатпен ашылган іс шараларды дұрыс деп санаймын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]