Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

68) Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары

Еңбек нарығының тек өзіне тән қасиеттері, яғни ерекшеліктері бар. Еңбек нарығы бұл ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі нарықта маңызды институттардың ( мемлекет, корпарациялар, кәсіби одақтар ) болуы. Осы институттарды ескермей еңбек нарығында ұсыныс пен сұранысқа анализ жасай алмаймыз. Еңбек ресурс, өндіріс факторы. Еңбектің басқа факторлардан, яғни жер мен капиталдан айырмашылығы , еңбек адамның қызмет, әрекет етуі. Сол себептен нарықта еңбек нарығының мәселелерін қарастырғанда ресурсқа сұрнысты білдіріп, шешім қабылдайтын тек фирма ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілеті, ырқы бар экономикалық субъекттер. Субъекттер еңбек нарығында ұсынысты қалыптастырады. Еңбек нарығының құрылуы, оның ерекшеліктерінің д эл өту кезеңіндегі маңызы зор, өйткені бул кезеңге өндірістің кенет төмендеуі мен қарқынның тез өсуі, көп бос жұмыс орындары, жұмысшылардың өндіріс өрісінен қызмет ету өрісіне өтуі және жекешелендіру мен мемлекетті тарау басқаруына шығарумен байланысты мэселелері тэн болады. Осыған байланысты жаңа эдістермен жұмыс бастылықтың зерттеуін жақындатып өңдеу керек, сонымен қатар, Қазақстан еңбек нарығының даму мэселесін және негізгі тенденциясын табу керек. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының нарық қатынасына өту кезеңінде ерекше, инфляциялық жұмыс бастылықтың қолдауының түрі, ол кезде жұмыссыздық жасырынды болады.

69)Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары

Шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі үлкен маңызға ие, себебі бұл секторды дамыту жалпы ұлттық экономикалар үшін тұрақтандырушы өзек болып отыр. Осыған байланысты Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту елдің экономикалық саясатының басымдықтарының бірі болып табылады. “Қазақстанда дағдарыс кезеңінде қабылданған шағын және орта бизнесті қолдау шаралары’’ ауқымы жағынан ТМД елдерінің ешқайсысымен салыстыруға келмейді. Соңғы екі жылда дағдарысқа қарсы шаралардың аясында 2,8 миллиард долларға жуық қаржы бөлінген. Нәтижесінде 9 мың шағын және орта бизнес субъектісіне қолдау көрсетілді, сондай-ақ 27 мың жұмыс орны құрылды.

Шағын және орта бизнесті дамыту қоры — бейкоммерциялық қаржы ұйымы 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгінгі таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы — кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банктер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банктер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 — 07 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге

қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4 миллиард теңге жұмсалды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын. Іске асырылатын бағдарламалар: Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторы үшін халықаралық қаржы институттарының кредиттік желісі; -бюджеттік қаражаттардан шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бағдарламасы ; Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеу, соның ішінде: -факторинг; -қаржылық лизинг (таза және қайтарылатын лизинг); -дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру; -екінші деңгей банктерімен шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын ортақ қаржыландыру; - шағын кәсіпкерлік субъектілердің ойдағыдай жобаларын қайта қаржыландыру; - шағын кәсіпкерлік субъектілер іске асыратын франчайзинг жобаларын қаржыландыру; - жұмыс істеп тұрған бизнестің айналым қаражаттарын қаржыландыру; - шағын кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын кейін 50 пайызға дейін өтейтін сапаның халықаралық стандарттарын енгізуді қаржыландыру; -шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдау инфрақұрылымының қатысушыларын кредиттеу; -оралмандар, жастар, зейнеткерлік жастағы әлеуетті кәсіпкерлер, қолөнершілер, мүгедектер іске асыратын жобаларды қаржыландыру; Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын және орта бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы - төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында. Қордың өңірлік филиалдарының торабы, кәсіпкерлік практиканың республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және кәсіпкерлікке консалтингтік қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік орталықтары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]