Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

63)Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау

Дағдарыстан шығу кілті

Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕВ, Қазақстан  Республикасының  Президенті. Бүгінде елдер мен континенттерді тіті­рен­тіп тұрған жаһан­дық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрық­ша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәр­тіп­ті, барлық экономикалық бастауларды түбе­гейлі өзгертетін құ­былыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны тал­дауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі дог­ма­лар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет.

Осыған байланысты айыптылар мен кінәлілерді іздеу қажетсіз іс. Қазір осындайлық қуатты әлемдік катаклизмді туындатқан жүйенің терең ақаулықтарын анықтауға, ең бас­тысы – оларды толық жою жол­дарын іздестіруге жұмылу ма­ңыз­дырақ. Бұл үшін біздің түбе­гей­лі жаңа, әлемдік экономиканың, сая­саттың және жаһандық қауіп­сіз­діктің басқаша құрылған моделін жасау шебінде тұрғанымызды мой­ындаудың батылдығы болуы керек. Егер біз Ескі әлемнің жетіл­меу­шілігін еңсерудің бірегей мүм­кін­дігін тиімді пайдаланып, Жаңа әлем құрудың шынайы ниетінде болсақ, басқаша жол жоқ. Бұл үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың ора­сан зор күш-жігерін, интеллектуал­дық және материалдық ресурстар­ды жұмылдыру және көп уақыт қа­жет болатыны түсінікті. Бізге түбе­гейлі жаңа қисынды құру және әзір­ге шартты түрде жаһандық (не­месе ұлы) Транзит әлемі деп атауға болатын осы өткел бойынша ортақ жаңа “қозғалыс ережесін” әзірлеу қажет болады. Бірақ та алдымен осынау жаһандық дағдарыстың, оның бастауларының алғашқы себептерін белгілеy көрек. Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын бы­лай деген екен: “Сыртқы күш де­ге­німіз – ішкі күштің туындысы”. Бұл ойды басқаша айтсақ, “Сырт­қы дағдарыс дегеніміз – ішкі дағ­дарыстың туындысы” екенін әбден анық пайымдауға болады. Сондықтан да қазіргі жаһандық дағдарыс – бұл мүлде қандай да бір табиғи апат емес және жағ­дай­лардың кездейсоқ қиылысының нә­­тижесі емес, бәзбір терең ішкі ақау­лықтың заңды сыртқы салдары. Содан да біз оны нақты айқын­дап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау алған әлемдік валюта-қаржы жүйесін жөндеу жөніндегі біз­дің бүкіл күш-жігеріміз тек кос­метикалық сипатта ғана болады. Бұл жағдайда біз жоймаған ақау кейін де жиілей түсетін және сал­да­ры әлдеқайда ауыр болатын жаңа дағдарыстарды туындата береді. Солай болып отыр, бүкіл біздің әлеміміз күтпеген ретте және бай­қаусызда жаһандық дағдарыс тун­нелінің “кіре берісінен” өтіп кеткен, ал одан “шығар есік” бүгінде еш­кімге дерлік көрінбей тұр. Бұл, бәлкім, біз бүгінгі әлемге, сол секілді болашақ Жаңа әлемге бұрынғыша ескі ойлау құралдары­ның оптикасы арқылы қарайты­ны­мыз­дан орын алған болар. Бірақ та түбегейлі жаңаруды бастау үшін бізге бүкіл ойлау жүйемізді жаңарту керек. Тиісінше барлық ұғымдарды, категорияларды, теорияларды, кес­телерді, ойлау тұжырымдарын және жаңа дүниенің деректері мен құ­бы­лыстарын белгілейтін терминдерді жаңарту керек. Әлемдік дамудың негізіне не алынған? Оның дамуының ядросы мен моторы – бұл туындаған әлем­дік байлық ретіндегі әлемдік ка­пи­тал. Ал бұл капиталдың негізіне не алынған? Жауап – әлемдік валюта жүйесі. Ал әлемдік валюта жүйе­сінің негізіне не алынған? Оның не­гізінде туындату және айналу те­тіктері – заңдар, ресімдер, эми­тент­тер, арналар, пайдаланушылар және с.с. жатыр.

Стратегиялық жоспарлауды ғылыми-методикалық тұрғыда қамтамасыз ете алмағандықтан, ҚР Президентiнiң мемлекеттiк стратегиялық жоспарлау жүйесi туралы Жарлығының қабылдануы елдiң ұзақмерзiмдiк және кешендi даму бағдарламасын түзуге негiз бола алмады. Үкiметте жалпы стратегиялық жоспарлау жүйесi туралы нақты түсiнiк жоқ. Егер осы қиындықтар тез арада шешiмiн таппаса, Қазақстанның дамуы толығымен, сыртқы жағдайларға тәуелдi болып қалуы ғажап емес. Қазақстандық экономиканың нақты ұзақмерзiмдiк даму жоспарының орнына бiз жекелеген жобалардың жиынтығы мен орындалуы қиын түрлi бағдарламаларды қанағат тұтуға мәжбүр боламыз. Жалпы алғанда, Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасының басымдықтары, менiңше, дұрыс айқындалған жоқ. Бөлiнген қаражаттың 80 пайыздан астамы қаржы саласын тұрақтандыруға және үлескерлiк құрылыс саласындағы қиындықтарды шешуге, яғни, экономикалық дағдарыстың туындауы себеп болған басты кiнәлiлерге бағытталды. Мемлекеттiң жекелеген iрi банктердi, банкротқа жiбермей, керiсiнше, олардың үлесiне кiруi – жаңсақ стратегия. Осының кесiрiнен сыртқы кредиторлар шағым айтып, жағдайды одан ары ушықтырды. Кен өндiрушi компаниялардың мүддесiн қорғау мақсатында жүргiзiлген теңгенiң құнсыздануы да елдегi жағдайға керi әсер еттi. Үкiметтiң құрылыс фирмаларды сақтап қалуға жанталасқан талпынысы мен құрылысы бiтпеген тұрғын үйлерге тиесiлi бағаны тұрақтандыруға ұмтылуы тұрғын үй бағасын жасанды жолмен, яғни, қолдан қымбаттатуды жалғастыруда. Осылардың барлығы елiмiздегi қаржылық капитал мен iрi бизнестiң билiк элитасымен бiте қайнасып жатқанын көрсетедi. Қарапайым азаматтардың мүддесi кейiнгi кезекке ысырылуы онша таңдандырмайтыны сондықтан. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымдық нысандар құрылысына небары бiр миллиард теңгеден ғана қаржы бөлiндi. Үкiмет дағдарыстың кесiрiнен қызметтерiнен қысқарып қалған жұмысшыларды "Жол картасы" шеңберiнде жұмыспен қамтамасыз ету керектiгiн 2011 жылдың сәуiрiнде ғана есiне алды. Аталған шара қоғамдағы әлеуметтiк ширығуды басқанымен, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге қауқарсыз болды. Қоғамдық жұмыстардың аяқталуы еңбек нарығындағы ахуалдың нашарлауына себеп болды.Мұны дағдарыстан келген шығындардың қатарына жатқызып, аталған жайттың барлық елде кездесетiнiн, ал Қазақстандағы ахуал ТМД елдерiндегi барынша тұрақты екендiгiн көлденең тартуға болар едi. Алайда, Қазақстандағы өзiн өзi жұмыспен қамтыған 2,7 млн. азамат пен ауылды жерлер мен шағын қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейде сақталғанын ұмытпаған жөн. Бұл дағдарыстың кесiрiнен туындаған жағдай емес, керiсiнше, еңбекпен қамту саясатының жоқтығы мен кiрiстердi зерттеу жұмыстарының қамтылмауынан. Бiзде Өндiрiстiк күштердi дамыту және орналастыру схемасы да жоқ. Есесiне, тиiмдiлiгi шамалы жобаларға кенде емеспiз. Аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуын жүзеге асыруы тиiс Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялардың маңызы мен рөлiдеешкiмгетүсiнiксiз. Тағы бiр маңызды жайт – Үкiмет дағдарысқа қарсы күресте "қолын мезгiлiнен кеш сермедi", дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау мен оларды iске асыруға арналған қаражатты бiр жерге шоғырландыру тәсiлi болмады. Мысалы, бiз Қазақстанға 2007 жылдың жазында жеткен дағдарысты 2008 жылдың соңына дейiн (қарашаға дейiн) мойындамадық. Тоқырауды жеңiлдететiн Ұлттық қор болса да, ондағы қаражатты дағдарысқа қарсы күрес шараларына жұмсау тәсiлдерiн ешкiм ойластырмапты. Бiздегi экономиканың дамуын қолдауға мiндеттi қаржылық құрылымдар бар. Алайда, олар коммерциялық банктер режимiне сәйкес жұмыс iстейдi. Өздерiнiң қызметтерiн қолдау көрсеткен жобалардың тиiмдiлiгiне сай емес, түсiрген кiрiсiне сәйкес салмақтайды. Ең негiзгiсi, экономикалық саясатты жүзеге асыру үшiн жүктелетiн жауапкершiлiк жоқ. Жауапкершiлiк мәселесi елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын басқаруға мiндеттi тараптардың арасында үштi-күйлi кетедi. Кедендiк Одақтың құрылуының арқасында Қазақстан дағдарыстан шығудың тамаша мүмкiндiктерiне ие болады. Бiрақ менiңше, жаңа экономикалық саясатты қабылдау қордаланып қалған қиындықтарымызды түбегейлi шешiп бере алмайды. Қазақстанды дамытудың қазiргi үлгiсiн сапалы жаңартудың кезi келдi. Менiң пiкiрiмше, елiмiздi тұрақты дамытудың ұзақмерзiмдiк стратегиясын қалыптастыру және жүзеге асыру саяси модернизациямен бiрге атқарылуы тиiс. Бұл жерде тек көппартиялық Парламент туралы ғана сөз қозғап отырған жоқпыз. Барлық саяси күштердiң елдегi жоғары органдарда өкiлдiктерi болуы шарт. Мемлекеттi басқару жүйесiн қайта ұйымдастыру да өте маңызды, менiңше. Үкiметтiң тек орындаушылық қызметпен шектелетiнiн ескере отырып, бар билiктi Президенттiң қолына шоғырландырып, Министрлер кабинетi мен Президент әкiмшiлiгiн бiрiктiрiп, премьер-министрдiң қызметiн таратып беру әлдеқайда тиiмдi. Жекелеген министрлiктердiң, әсiресе, экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қызметтiк мiндеттерiн де қайта қарастыру қажет. Аталған министрлiктi болжамдық-жоспарлық құжаттарды дайындауға баса назар аудартып, бюджеттi түзу мiндетiн қаржы министрлiгiне қайтарып беру керек. Ұлттық қор мен мемлекеттiк меншiктi басқарудың жаңа тұжырымдамаларын әзiрлеу, халықты әлеуметтiк тұрғыда қорғауды күшейтетiн бiрқатар әлеуметтiк заңнамаларды қабылдау, саяси партиялар, сайлаулар мен Қазақстан секiлдi Конституциясына сәйкес, әлеуметтiк бағытқа негiзделген елдiң т.б. заңдарына өзгертулер енгiзу де – бүгiнгi күннiң еншiсiндегi маңызды шаруалар. Елдi саяси және экономикалық тұрғыда модернизациялау жөнiндегi кешендi шаралар ғана дағдарыстан шығуға және әлеуметтiк-экономикалық даму траекториясында бекуге мүмкiндiк бермек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]