Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

58) Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.

Жұмыссыздық - еңбек рыногының құрамдас элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатысуна байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді. Әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады: жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол – жұмыссыз саналады. Алғашқы екі санатқа кірмейтін азаматтар(мәселен студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді.

Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы.

Жұмыссыздық деңгейі = жұмыссыздар саны * 100/ жұмыс күшінің жалпы саны.

Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі:

Фрикциондық жұмыссыздық - Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде «жұмысаралық" жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орындарын іздеу үстінде болады. Ал басқалары тұрақты жұмыс орындарын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады. Сонымен қатар еңбек нарығында жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер де жұмыссыздар қатарына кіреді. Осы жұмыс орнын іздеп жүрген және жұмысқа орналасуын күтіп отырған еңбекке қабілетті адамдар экономистер «Уақытша жұмыссыздық» деп атайды.

Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады.

Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларында өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс, және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі түрде өзгеріп отырады. Жұмыссыздықтың маусымдық түрі жұмысшы жасасқан келісім шарттар арқылы болжана алады.

Циклдық жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Яғни, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен қамтудың циклдік ауытқуларын құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.

Еркін жұмыссыздық – бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек нарығынан шығуы және әр түрлі себептермен “өз еркімен” жұмыссыздарға айналуы.

Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық мәселелердің ең ауырына жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар формаларына нақты қауіп тудырады.

Түріне қарағанда экономиканың тиімді дамуына кері әсерін тигізеді. Өйткені елде жұмыссыздықтың циклдік түрінің өсуіне байланысты халықтың тұрмыс тіршілігі төмендейді, әлеуметтік сала нашарлайды., яғни бір сөзбен айтқанда, өндірістің құлдырауын көрсетеді. Бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасынның егемендік алғаннан соң 6-7 жылды айтсақ болады. Яғни, елімізде өндірістің жаппай жабылуымен, экономиканың дағдарысқа ұшырауымен бірге жұмыссыздық деңгейінің тым жоғары болуына әкеледі. Сол жылдары еліміздің ЖІӨ 40% -дан астам құлдырады. Инфляция орын алып, адамдардың еңбекке деген ынтасы кеміді.

Инфляция термині латынша аударғанда inflatio ісіну дегенді білдіреді. Тұнғыш солт.Америкада 1861-1865 ж азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен комерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс. Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, сонын нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтеруіне әкеледі. Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі. Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеуді талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындардың өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясын бір-бірімен тығыз байланысты және оларды ажырату мүмкін емес. Дүние жүзілік тәжірибеде иннфляцияны мынадай шартты түрлерге бөледі: 1.экономикны қамтитын аумағына байл-жергілікті, ұлттық, әлемдік.2.қозғалыс қарқынына байл-біркелкі, үздіксіз,сатылы.3.даму қарқынына байл-жылжымалы иннфляция, онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 %-дан аспайды; қарқынды инфляция-онда бағаның өсуі орта есеппен 10%-дан 50%-ға жетеді. Ұшқыр инф-онда бағаның өсуі жылына 100%-дан асады. Инф-ң тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байл ашық және басыңқы деп бөледі. Ашық инф бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. ашық инф рынок механизмін едәуір бұрмалағанымен оны толық бүлдіре алмайды. Ал басыңқы инф бағалар реттелетін экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнім сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда көрінеді. басыңқы инф ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын төмен ұстап отыруды мемлекеттің қолдауы нәтижесінде пайда болды. Инф-ға осы елдегі саяси жағдай да әсер етеді. Ақшаның саси жағдайдағы өз бағамын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта рыногындада анықталады. Инф-ға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай фактолары: ақша айналысының бұзылуы, халық шаруашылығындағы несие ақша-ң көртігі, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалай емес факторлар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі; шаруашылық механизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемл-ң экон-қ саясаты және т.б. бұл екі топта бір-бірімен тығыз байл, тауарлар мен қызметтің бағасын өсіріп инф-ға әкеледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]