Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

55)Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

            1. Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді.

            2. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуына әкеледі.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  • Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

  • Нарықтық құрырылымы.

  • Өнімділік.

  • Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

56)Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.

Ауытқу - экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы

цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл, өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.

Циклдің басты қасиеті - бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:

1. Тұрақты өсу;

2. Өсудің біркелкі еместігі;

3. Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі даму).

Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі.

Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық (отрицательную) динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша циклда болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік және т.б. циклда өмір сүреді .

57)Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.

Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.

Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.

Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.

Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.

Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: "табыстар -> сұраным", бірақ "табыстар -» жинақтау" емес.

Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа тең.

Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.

Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады.

Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.

Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.

Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модел.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]