Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

51)Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей: 1.Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. 2.Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі. 3.Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді. 4.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де. Тоқырау фазасының сипаттамасы:1.Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады. 2.Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады. 3.Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады. Жандану фазасының сипаттамасы: 1.Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді. 2.Инвестициялар өседі. 3.Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі. 4.Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды. 5.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Өрлеу фазасының сипаттамасы: 1.Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2.Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады. 3.Тауарлардың бағасы өседі. 4.Қарыз капиталының ұсынысы өседі. 5.Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады. Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

52)Шекті пайдалылық теориясы.

Шекті пайдалық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынына қоғамдық қажетті сипат береді. Шекті пайдалық теориясы субьективті бағалауда игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемімен байланыстырады. Шекті пайдалық теориясының өкілдері бағалылықты пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияның жақтаушылардың пікірі бойынша әрбір адамның игілікті субьективті бағалауы оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал тауарлардың обьективті бағасы субьективті бағалауға байланысты және түбінде олда шекті пайдалылықпен анықталады. Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдалық теориясы бір жақты, сондықтан бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру жеткіліксіз екндігін көрсетті. А.Маршалл шекті пайдалық теориясын өндәрәс шығындар теориясымен байланыстырып, ұсыныс пен сұраныс теориясымен біріктірді. ХІХ ғасырдың ХХ ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты. Олардың бірі маржинализм мектебі. Оның ортаға салған мәселесі шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс.әрекетін субьективті психологиялық тұрғыдан эканомикалық талдау. Яғни, кезкелген адам игіліктің құндылығын субьективті түрде анықтайды. Оның пайдалылығына қарай бағасын орнықтырады. Осы мектептің өкілдері К.Менгер, Э.Бем-Бверг, В.Визер. Эканомикалық теорияның келесі бір жаңа бағыты «неоклассикалық баңыт» негізін қалаушы ағылшын эканомисі А.Маршалл. оның басты еңбегі «эканомика ғылымының қағидалары» 1890ж жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайдалылық және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]