Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

45)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау

Ақшаның ролі әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У.Гладсонның айтуы бойынша адамзатты «қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та соншалықты аздырған жоқ».

Әртүрлі халықтарда ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептеледі. Олар мал, қолөнер бұйымдары, балық аулайтын қармақ, маталар, әр түрлі терілер, жүндер, пышақтар, қылыштар, найзалар, оқтар және т.б. болды. Бұндай әр түрлі пікірлер көптеген экономистердің «ақша бұл тауар мен қызмет көрсетуге айырбастайтынның бәрі» деген тұжырымдауына себепші болды. Бірақ бұл ғылыми анықтама болып табылмайды. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.

Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.

Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша бұл жалпы эквивалент ролі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.

Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте бірте айырбас мөлшері қалыптасады.

Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.

Бірте бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады: Ақша – бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

  1. сапалық біртектіоік

  2. сандық (еркін) бөлінуі

  3. қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді)

  4. сақталуы

әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.

Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталу формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.

Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың қалай дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.

Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:

Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезінде пайда болады. Оның өкілдері меркантилистер, яғни, У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаның әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж. Стюарт (Шотландия) дамытты. «Металлистерге» сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін: айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. «Номиналистер» ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.

Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж. Локк (ХҮІІ ғасырдың соңы), Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғасырдың соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандыұ теоиясының жақтаушыларының ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияның модернизациясына И.Фишер (ХХ ғасырдың басы), А.С.Пигу (ХХ ғасырдың ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]