Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.

Өндірістің түпкі мақсаты – тұтыну болып табылады, яғни әр трүлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі. Дамуы бойынша мұқтаждықтар сан жағынан да, сапа жағынан да түрленеді. Олардың осы ерекшелігі өндіріс дамуының ынталандырушы құралы болып табылады, мұның өзі жаңа мұқтаждықтардың пайда болуын негіздейді.

Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері пайдаланылады. Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады, олар келесі топтарға бөлінеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік.

Шектеулі ресурстар жағдайында таңдау мәселесі туындайды. Оларды пайдаланудың ең тиімді тәсілін табу керек, ол үшін мына сұрақтарға жауап беру қажет: не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Не үшін өндіру керек?

Минималды шығыстар арқылы максималды кірістер табу қамтамасыз етілетін шешім дұрыс болады. Шешім қабылдаудың негізгі критерийі – рационалдық.

Шаруашылық қызмет үрдісінде барлық субъектілер тауарларды өндіру және сатумен байланысты белгілі бір шығыстарға тап болады, - шығындар.

Баламалы шығындар немес пайдалан алмаған мүмкіндіктердің шығындары - бұл қаулыға жету үшін бас тартуға тура келетін нәрсе

32)Инфляция: мәні, себептері, түрлері. .

Инфляция термині қазақша қампаю, ісіну дегенді білдіреді. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.

Қағаз ақшаның құнсыздануы және тауар бағаларының өсуі инфляцияға әкеп соқтырады.

Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканың емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтерді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігінен де асып кетті.

Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Жоғарыдағыны ескере отырып, мынадай қорытындыға келуге болады.

Қазіргі заманғы инфляция бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі.

Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі бағаның өсуі, еккіншісі тауардың жоғалуы.

Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР-да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді және тепе теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады.

Қажет тауарды іздеуде сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп, бұдан ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.

Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірнеше белгі қажет:

  1. Бағаның өсу қарқыны (баға индексі)

  2. әр түрлі туар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы

  3. инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы

Бірінші белгі тұрғысынан баяу инфляцияны ажыратады, мұнда баға баяу өзгереді, әдетте жылына 10%, секірмелі, мұнда бағаның өсуі жылына жүздеген процентпен өлшенеді; гиперинфляция, мұнда бағаның өсуі 1000%-тен жоғарылайды және ақша айналымы толық бұзылады.

Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда ір тауардың бағасы бір біріне қатысты өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.

Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, нда тиімді рынок жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.

Инфляцияны сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп екі түрге бөледі.

Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе теңдігі сұраныс жағынан бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне итермелейді.

Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне байланысты, бағаның өсуі. Бұның салдары жалақының өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны көтереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]