
- •1)Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2)Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3)Капиталдың мәні, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4)Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5)Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6)Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары
- •7)Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі
- •8)Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9)Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •10)Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11)Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12)Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13)Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14)Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15)Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16)Ренталық қатынас теориясы.
- •18)Тауарлы шаруашылық:пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19)Нарық:мәні,анықтау белгілері,негізгі қызметтері.
- •20)Ұдайы өндіріс теориясы.Ұдайы өндіріс типтері.
- •21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.
- •22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •23)Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері
- •24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты.Есептелу әдістері
- •25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.
- •26)Нарықтық инфрақұрылым:мақсаты мен негізгі түрлері.
- •27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
- •28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
- •30)Жұмыссыздық және оның түрлері
- •31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •33)Ұсыныс, ұсыныс заңы,ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34)Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •41) Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42)Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43)Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44)Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46)Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47)Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48)Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49)Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50)Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51)Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52)Шекті пайдалылық теориясы.
- •53)Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54) Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55)Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56)Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57)Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58) Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59)Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •60)Жұө-ді өлшеудің негізгі әдістері.
- •62)Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық даму ( 2003-2015 жылдарға арналған) мемлекеттiк стратегиясының мәні
- •63)Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64)Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау
- •65)Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы.
- •66)Қазақстандағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау
- •67)Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі
- •68) Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •69)Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •70)Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі
- •71) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары
- •72)Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары
- •73)Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74)Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары
- •75)Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету
- •76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.
- •77) Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол
- •78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары
- •81)Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
- •82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- •84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
- •89) Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары
- •90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.
Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).
ЖҰӨ-ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды.
Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.
Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.
ЖІӨ-ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.
Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.
Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады.
Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.
Таза экономикалық табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді.
ЖҰӨ мен экон/қ тұмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары болады.
29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
Ақшаның ролі әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У.Гладсонның айтуы бойынша адамзатты «қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та соншалықты аздырған жоқ». Әртүрлі халықтарда ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептеледі. Олар мал, қолөнер бұйымдары, балық аулайтын қармақ, маталар, әр түрлі терілер, жүндер, пышақтар, қылыштар, найзалар, оқтар және т.б. болды. Бұндай әр түрлі пікірлер көптеген экономистердің «ақша бұл тауар мен қызмет көрсетуге айырбастайтынның бәрі» деген тұжырымдауына себепші болды. Бірақ бұл ғылыми анықтама болып табылмайды. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті. Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі. Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша бұл жалпы эквивалент ролі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы ақша қатынастарының дамуының нәтижесі. Ақша – бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртін,деп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті: 1.сапалық біртектілік 2.сандық (еркін) бөлінуі 3.қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді) 4.сақталуы әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
1.құн өлшемі,
2.айналыс құралы,
3.төлем құралы,
4.қор және қазына жинау құралы,
5.дүниежүзілік ақша.
1) Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады.
2) Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
3) Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
4) Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді.
Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.
5) Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.