
- •1)Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2)Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3)Капиталдың мәні, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4)Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5)Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6)Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары
- •7)Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі
- •8)Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9)Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •10)Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11)Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12)Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13)Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14)Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15)Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16)Ренталық қатынас теориясы.
- •18)Тауарлы шаруашылық:пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19)Нарық:мәні,анықтау белгілері,негізгі қызметтері.
- •20)Ұдайы өндіріс теориясы.Ұдайы өндіріс типтері.
- •21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.
- •22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •23)Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері
- •24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты.Есептелу әдістері
- •25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.
- •26)Нарықтық инфрақұрылым:мақсаты мен негізгі түрлері.
- •27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
- •28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
- •30)Жұмыссыздық және оның түрлері
- •31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •33)Ұсыныс, ұсыныс заңы,ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34)Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •41) Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42)Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43)Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44)Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46)Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47)Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48)Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49)Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50)Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51)Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52)Шекті пайдалылық теориясы.
- •53)Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54) Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55)Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56)Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57)Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58) Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59)Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •60)Жұө-ді өлшеудің негізгі әдістері.
- •62)Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық даму ( 2003-2015 жылдарға арналған) мемлекеттiк стратегиясының мәні
- •63)Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64)Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау
- •65)Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы.
- •66)Қазақстандағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау
- •67)Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі
- •68) Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •69)Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •70)Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі
- •71) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары
- •72)Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары
- •73)Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74)Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары
- •75)Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету
- •76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.
- •77) Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол
- •78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары
- •81)Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
- •82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- •84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
- •89) Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары
- •90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
26)Нарықтық инфрақұрылым:мақсаты мен негізгі түрлері.
Нарықтық инфрақұрылым – нарықтағы тауарлармен мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттар жүйесі. Нарықтың инфрақұрылымның негізі–жабдықтау, өткізу, брокерлік, делдылдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі–көлік жүйесі, ақпарат және байланыс жүйесі. Несиелік –есептеу негізі банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер. Нарық инфрақұрылымның негізгі элементтері:
несие жүйесі және коммерциялық банктер
тауар, қор, валюта биржалары
жәрмеңкелер, аукциондар
мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары
ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары
салық жүйесі және салық инспекциясы
сақтандыру жүйесі
кеден жүйесі
коммерциялық–көрме кешендері
кеңес беруші және аудиторлық компаниялар
қоғамдық және мемлекеттік қорлар
еркін арнайы экономикалық аймақтар
Жәрмеңкелер–белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок және ортағасырларда Европада пайда болды.
Аукцион–рынокта өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату басты мақсам болып табылады.
Мәжбүрлі аукцион–қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион–тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады.
Биржа–сатушы мен сатып алушы қатынас жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері:
–қор биржасы–бағалы қағаз рыногы, әсересе облигацияны белгіленген бағамен сату мен сатып алу шарттары жасалынатын рынок. Валюталық биржада валютаның бір партиялар саудасы жүргізіледі.
– еңбек биржасы–арнайы тауар ретінде жұмыс күшін сату және сатып алу процесін ұйымдастырумен маманданған қызметтері
–тауар биржасы–материалдық, заттық объектілердің рыногы(мамнданған).Түрлі тауарлардың ұсынылған биржалары әмбебап деп аталады.
27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
Тауар дегеніміз- айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Тауардың екі түрлі қасиеті бар: 1.айырбастау құны –тауарлардың өзге тауарлармен нақты қатынаста айырбасталуы. 2.тұтыну құны–адамның қандай да болмасын қажеттілігін қанағаттандыратын қасиеті.ол тұтыну бұйымдары не өндіріс құрал– жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:–тұтыну құны негізінен сол заттардың қасиетімен байланысты. –Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз–Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бұл қасиеттерінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушілердің тауарға сіңірген еңбегі екі жақты болады: нақты еңбек–тұтыну құнын құрайды; абстракты еңбек–тауардың құнын құрайды. Тауар : 1) қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі. 2) қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін.Тауар ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Аукционлық Тауар, биржалық Тауар, ақшалай Тауар, тұтынушылық Тауар, қолда бар Тауар, көпшілік қолды Тауар, арзанқол Тауар, төменқол Тауарөтімді Тауар, еркін айналыстағы Тауар, стандартталған Тауаримпорттық Тауар, экспорттық Тауар, стратег. Тауар, отандық Тауар, шетелдік Тауар, Тауар б. түрлерге бөлінеді. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін 3) кеден құқығында – мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары. Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін.
Еңбек-Құн теориялары.Құн– тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы — экономикалық теория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі. Экономика ғылымында бұл мәселеге екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Классикалық және маркстік теорияда құн жеке адамға қатысы жоқ санат ретінде қаралып, ұсталған не жұмсалған шығын бірінші орынға қойылды. Еңбек құны теориясы тұрғысынан ол тауар түріндегі затқа айналған сапа жағынан бір текті абстрактілі қоғамдық еңбек болып табылады. Құн тек айырбас үдерісінде ғана жұртшылыққа танылған жеке еңбек өнімдеріне, яғни қоғамдық тұтыну құны бар тауарларға тән. Тауар құнының мөлшері рынокта еркін белгіленеді және қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен айқындалады. Құн ақшаға айналдырылып бағаланатындықтан, нарықтық экономикада жетекші рөл атқарады. Құн заңы — нарықтық шаруашылықтың реттеушісі, ол тауар өндірісінің, нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды. Жаңа классикалық мектеп құнды пайдалы нәтиже деңгейімен айқындалатын және белгілі бір уақытта мұқтаждыққа айналып отырған пайдалы, қажет нәрсенің сирек кездесетіндігіне тәуелді субъективті санат деп есептейді. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды деп есептейтін экономикалық теорияның бұл бағытын экономистердің көбісі қолдайды. Құн мәселесін шешуге принципті жаңа көзқарасты — шекті пайдалылықты талдау көзқарасын таратушылар: ағылшын У.Джевонс (1835 — 82) пен А.Маршалл (1842 — 1924), австриялықК.Менгер (1740 — 1821), Ф. фон Визер (1851 — 1921), Э. фон Бм-Баверк (1851 — 1914), швейцариялық Л.Вальрас (1834 — 1910), америкалық Дж.Б. Кларк (1847 — 1938), швед К.Виксель (1851 — 1926)Құн теориясындағы басты жаңалық — игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Белгілі бір игілік бірлігінің әр түрлі құндылығы болуы мүмкін емес. Сондықтан құн игіліктің шекті мөлшерімен айқындалады. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық (фр. margіnal — шекті) деп аталады. Шекті пайдалылық теориясы “жаңа классикалық экономикалық талдау” немесе саяси экономиядағы екінші классикалық жағдай деп аталды (біріншісі — А.Смит (1723 — 90) пен Д.Рикардо (1772 — 1823) заманында жасалған). Шекті пайдалылық теориясын таратушылар жеке-дара экономикалық талдауға салыстырмалылық (релятивизм) қағидасын қолданды, бірақ оны жалпы шаруашылық жүйені талдауға қолданбады. Жалпы жүйеде еңбектің көмегімен нені өндіру керектігін айқындау үшін оның меншікті құны белгілі болуға тиіс. Бірақ еңбектің құндылығын білу үшін еңбек өнімінің құндылығын білу қажет. Бұл түйткілдің шешімі — шекті пайдалылық теориясы мен классик. Құн теориясын жинақтау, яғни екі құндылықты өзара бірлікте және бір мезгілде айқындау әдісін қолдану.