Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.

Нарықтің негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады: 1. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа: -тұтыну тауарлары, яғни азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары жатады. – қызмет көрсету (тұрмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет). – тұрғы үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыноктары жатады. 2. Өндіріс факторларының нарығы. Оның құрамы: - жылжымайтын мүліктер рыногы; - еңбек құралдарының рыногы; - шикізаттар мен материалдар рыногы; - пайдалы қазбалар рыногы;

3. Қаржы нарығы. Оған: -капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок; - несие рыногы; - бағалы қағаздар рыногы; -валюта- ақша рыноктары жатады. 4. Интеллектуалдық өнімдер нарығы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары). 5. Еңбек нарығы;6.Аймақтық нарықтар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық).Нарықтық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке.Жетілген бәсекенің белгілері:- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз; - рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ; - өндіріс факторларының мобилділігі жоғары; - рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ; - ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады. Жетілмеген бәсеке түрлері: 1. Таза монополия – тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен монопольды пайда. 2.Монопсония- белгілі бір тауардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымының типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопльдық пайда алады. 3. Олигополия- өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті. 4. Монополистік бәсеке- дифференциялданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды. Кез-келген нарық құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі , дербестігі, тәуелсіздігі. Сату түріне байланысты: 1. Көтерме сауда нарығы; Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді. 2. Бөлшек сауда нарығы. Бұнда сатып алушылар жеке азаматтар. Географиялық жағдайына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік нарықтық. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, еркін, аралас нарық. Экономикалық міндетіне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, қаржы нарығы, құнды қағаздар нарығы.

22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Макроэк/ка эк/ны бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэк/ка теориясының негізі ретінде микроэк/ка теориясы пайдаланады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну ж/е т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэк/қ факторлар үй шаруаш/ры мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро ж/е макроэк/қ үрдістер өзара тығыз байл/ты. Макроэк/қ талдауды 3 кезеңге бөледі:

І кезеңде фирмалар мен үй шар/ң шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэк/қ құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі эк/қ жағдайларға байл/ты қарастырады.

ІІ кезеңде фирмалар мен үй шар/ң жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы эк/қ беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. М, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі.

ІІІ кезеңде макроэк/қ ақпаратты талдау ж/е жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэк/ка – макроэк/қ теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байл/ты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

Макроэк/қ талдау ж/е саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылар (алғашқы, «сырттан» ендірілетін ақпараттар) бірқатары бар. Егер макроэк/ка жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен н/се саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті эк/қ талдау болады. Позитивті талдауда эк/қ саясаттағы, эк/қ шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті эк/ка арқылы экономист «егер ... болса, онда ... болады» деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен ж/е сандармен салыстырылу арқылы расталуы н/се жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды ж/е қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.

Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалырақ екенін білу үшін нормативті эк/қ талдауды пайдаланады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: «мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс», «осындай саясатты жүргізу оңды болады». Жалпы нормативті талдауды нақты эк/қ шарттардың, эк/қ саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын эк/қ талдау деп айтсақ та болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]