Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259.47 Кб
Скачать

18)Тауарлы шаруашылық:пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.

Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.

Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.

Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтижелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.

Тауарлы шаруашылық дегеніміз - шаруашылық субъекттерінің әрекеттері рынок арқылы байланыстырылатын, өнімнің қоғамдық сипаты тікелей емес,жанама жолмен анықталынатын, өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы мен зквиваленттік қатынастарына негізделген шаруашылық түрі.

Тауарлы шаруашылықтың ерекшелігі, шаруашылық субъекттері эквививалентті айырбас негізінде ғана пайда тауып, шаруашылықтарын өркендете алады.

Тауарлы шаруашылық:

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Тауарлы шаруашылықтың тарихи үлгілері:

1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;

2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;

3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;

4. Деформацияланған рыноктың тауарлы өндірісі;

1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі -қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезенде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана рынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.

2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі- түбегейлі жаңа белгіге ие болды. Ол жалпы ортақ сипат алады, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:

а) Адамның жұмыс күші тауарға айпалады және өндірушінің өз еңбнегінің орнына жолдамалы еңбек келеді;

б) Қоғамдық өмірдің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналады.

3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндіріс- экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.

Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктың экономикаға араласқанымен, рыноктың реттеуші ролі-“көрінбейтін қолды” жоққа шығарылмайды.Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасаты. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалары жатады.

Реттелетін рыноктың тауарлы шаруашылықтың бірнеше моделдері бар:

а) Әлеуметтік рыноктық шаруашылық

б) Аралас экономика

в) Корпоративтік экономика

4. Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі- әміршіл-әкімшіл экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]