
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В1002010 - ақпараттық қауіпсіздендіру жүйеcі мамандығының студенттері үшін
- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері астана – қазақстан республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Біздің институт ақпараттық технологиялар институтының тарихы
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
Ұлы іс отаншылдықтан туады
Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.
Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адамға керекті ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей. Намыс - азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Ер жігіттің елі - ата-анасы. Отаны - өз үйі.
Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген – осы. Патриотизм осыдан басталады.
(Бауыржан Момышұлы).
Тапсырмалар:
1. Мәтіннен сын есім сөздерді тауып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.
2. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін ажыратыңыз.
3. Мәтіндегі тәуелдік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз.
4. Төмендегі сөйлемді аударыңыз.
Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген – осы. Патриотизм осыдан басталады.
5. Төмендегі сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Намыс - азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Ер жігіттің елі - ата-анасы. Отаны - өз үйі.
6. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Намыс деген не?
Ер жігітттің елі кім?
Ұлы іс неден басталады?
Отаншылдық қандай қасиет?
Қандай адам отаншыл болады?
Қандай Отан туралы мақал – мәтелдер білесің?
7. Мәтін бойынша сұқбат құраңыз.
8. Мәтінді әңгімелеп беріңіз.
Атамекен
Сөзін жазған: Қадыр Мырзалиев.
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.
1.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен!
2.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем!
Қайырмасы
3.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем!
Тапсырмалар:
1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.
2. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: қазағымның, аспаныммен, ойнаймын.
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: самал, атамекен,
асқар тау, күннің нұры.
3. Өлеңнен тәуелдік жалғауларды табыңыз.
4. Өлеңнен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
5. Өлеңді жаттап алыңыз.