
- •Білім алушыларға арналған пәннің
- •Мазмұны
- •Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)
- •8. Пәннің-күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •10. Соөж жүргізу жоспары
- •11. Сөж тапсырмаларын орындау мен өткізудің графигі
- •12. Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
- •«Саясаттану және құқық» кафедрасы лекциялық кешен
- •Глоссарий
|
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті |
БЕКІТІЛДІ
«Әлеуметтік қызмет және бизнес»
факультетінің деканы
э.ғ.к., доцент Е.М.Нұрпейіс
« »________2011ж
Білім алушыларға арналған пәннің
оқу-әдістемелік кешені
KN 1110 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Барлық мамандықтарға арналған
АЛМАТЫ, 2011ж
Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған з.ғ.к., доцент м.а. Байгелова Нұргүл Елеусізқызы
«Саясаттану және құқық» кафедрасының Оқу-әдістемелік секциясының мәжілісінде талқыланған, __________, № хаттама.
Кафедра меңгерушісі.с.ғ.д., профессор Жүнісов А.М. ____________
«Басқару» факультетінің Ғылыми кеңесінің мәжілісінде мақұлданған, ___________, № 11 хаттама.
«Басқару» факультетінің Оқу-әдістемелік
бюросының төрағасы Кубаева О.В. ____________________
Мазмұны
1. Силлабус
2. Дәрістер тезистері
3. Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы (жоспарлар, семинар және практика сабақтарын жүргізуге арналған тапсырмалар, СОӨЖ, СӨЖ);
4. Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер
6. Интернет-ресурстардың тізімі
7. Глоссарий
|
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті |
Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)
KN 1110 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
|
Оқу түрі |
|
|
|
Күндізгі |
Сырттай |
|
||
Кредит саны |
2 |
2 |
|
|
Курстар |
1 |
1,2 |
||
Семестрлер |
1,2 |
1,3 |
||
Экзамен (семестр) |
1,2 |
1,3 |
||
Дәріс (сағ.) |
15 |
7 |
||
Тәжрибе сабақтары (сағ.) |
15 |
7 |
||
ОСӨЖ (сағ.) |
15 |
7 |
||
СӨЖ (сағ.) |
45 |
69 |
Барлық мамандықтарға арналған
АЛМАТЫ, 2011
1. Оқытушылар жөнінде мәліметтер: Байгелова Нұргүл Елеусізқызы «Саясаттану және құқық» кафедрасы, з.ғ.к., доцент міндетін атқарушы
2. «Саясаттану және құқық» кафедрасы, 552
3. Пәннің пререквизиті: Осы курсты бастамастан бұрын, студенттердің мемлекет және құқық теориясынан, Конституциялық құқық, Саясаттану, Философия пәндерінен білімі болуы қажет.
4. Пәннің постреквизиті: бұл пән мыналарды білу үшін керек: Кеден құқығы, Кеден заңдарын бұзғандық үшін жауапкершілік, Қылмыстық процесс, Халықаралық жария құқық, Халықаралық жеке құқық және т.б.
5. Пәнді оқыту мақсаты –студенттердің құқық және мемлекет, Қазақстан құқығы салаларының негіздері бойынша қажетті білімдер алу.
Аталған пәнін оқып-үйрену арқылы келесі мақсаттар шешіледі:
Мемлекеттік–құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктерін қалыптастыру;
Мемлекет және құқықтың пайда болу, даму және әрекет ету заңдылықтарын түсіну;
Негізгі заң түсініктерінің мәнін және мазмұнын ұғыну;
Арнаулы заң терминологиясын үйрену;
Конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық сияқты қазақстандық құқықтың негізгі салалардың негіздерін оқып білу.
Пәнді оқыту міндеттері: Қазақстан Республикасы құқықтық демократиялық мемлекет және азаматтық қоғам құру жолында. Біздің мемлекеттің демократиялық және өркениетті дамуының негізгі факторларының бірі – азаматтарда құқықтық сауаттылықты арттыру.