Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
2.55 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______

Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың алғы шарттарын оқып үйрену.

Жоспары:

1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар.

2. Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны.

3. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және мазмұны.

4. Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқықтық мемлекет - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекеттік билікті құқық көмегімен шектейтін саяси билікті ұйымдастыру. Ол гуманистік бастауларды, әділеттілікті бекітуге арналған әлеуметтік құндылықтардың біреуі ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға бостандығын, ар-ожданы мен намысын қамтамасыз етудің құралы, халықтық биліктің өмір сүруінің нысаны.

Құқықтық мемлекеттің жәй мемлекетке қарағанда айырмашылықтары болады: 1. Мемлекетте билік шексіздігімен сипатталса, құқықтық мемлекетте құқық үстемдігі танылады, 2. Мемлекет қоғамнан алшақ кетсе, құқықтық мемлекетте азаматтық қоғам мемлекет әрекетін бақылап отырады, 3. Мемлекет өз тарапынан азаматтарға бассыздық пен күштеуден қорғауға толық кепілдік бермесе, құқықтық мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары шынайы қорғалады.

Құқықтық мемлекет мәнінің екі жағын ажыратып көрсетуге болады:

  1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз ету, жеке тұлға үшін құқықтық көтермелеу режимі қалыптастыру. Бұл құқықтық мемлекеттің әлеуметтік мазмұндық жағы.

  2. Мемлекеттік билікті құқықтың көмегімен шектеу, мемлекеттік құрылымдар үшін шектеу құқықтық режимін қалыптастыру (формальді заңды жағы).

Құқықтық мемлекет функцияларын шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады. Оның ішкі функцияларына:

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың тең құқылығын және заңдылық негізінде қоғам мүддесін қамтамасыз ету;

  • меншіктің әр түрлі нысандарын тең қорғау;

  • монополизмді жоққа шығаратын нарықтық экономиканың дамуын қамтамасыз ету;

  • азаматтардың еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау;

  • азаматтардың мүддесіне сай рухани құндылықтарды қорғау және байыту.

Құқықтық мемлекеттің сыртқы функцияларына:

  • бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру үшін күрес функциясы;

  • елді сыртқы басқыншылықтан қорғау;

  • дүниежүзілік қауымдастық елдерімен экономикалық ынтымақтастық;

  • басқа мемлекеттермен саяси ынтымақтастық;

  • қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзге елдермен өзара әрекеттестіктің әр түрлі нысандарын қалыптастыру шаралары жатады.

Аталған функциялардың негізінде азаматтық қоғамның еркі жатады, олар қатаң түрде қолданыстағы заңдарға және адам құқықтары бойынша халықаралық актілерге сай, тиісті органдарда жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарымен және олардың теңдігімен санасады.

Сонымен, құқықтық мемлекет – заң жоғарылығына негізделген, оның жалпыға міндетті еркін білдіретін және жүзеге асыратын, жалпыны қамтитын қоғам ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерінің қатарына заң жоғарылығы қағидасы жатады. Аталған қағидаға сәйкес қандай да болмасын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға, ұжым, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым не болмаса жеке тұлға заңға бағыну міндетінен босатылмайды. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық кепілдендірілуі және ажырамастығы, сондай-ақ азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидасын бекіту және үнемі қолдап отыру болып табылады.

Келесі бір негізгі қағида – мемлекеттік билікті тәуелсіз тармақтарға бөлу болып табылады. Мемлекеттің дұрыс қызмет ету процесін қамтамасыз ету үшін, онда бір-бірінен дербес, тәуелсіз билік тармақтары болуы қажет. Олардың қатарына заң шығару билігі, атқару билігі және тәуелсіз сот билігі жатады. Заң шығару билігі парламентке берілген, атқару билігі үкіметке, сот билігі соттарға беріледі.

Биліктердің теңділігі халық егеменділігіне негізделеді. Оған сәйкес, заң шығару билігі заңдар қабылдауға, атқару билігі олардың орындалуын ұйымдастыруға, ал сот билігі заң шығарушы органмен қабылданған заңдарды негізге ала отырып, құқық туралы дауларды шешуге тиісті.

Құқықтық мемлекеттің өзге де қағидалары: заңдылық қағидасы, мемлекеттік биліктің шектеулілігі, адам құқықтары мен бостандықтарының ажырағысыздығы, саяси, идеологиялық және экономикалық плюрализмнің болуы танылған.

Құқықтық мемлекет қалыптастыруды анықтаушы факторлар мен мәселелер төңірегінде сөз қозғағанда басым міндеттер қатарында материалдық және идеалдық сипаттағы алғы шарттарды қарастыру қажет. Материалдық сипаттағы қажетті алғы шарттарға әділ, тәуелсіз сот билігінің болуы, мемлекеттік билікті жіктеу, мемлекетте құқықтың (заңдардың) үстемдік құруы, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының шынайы кепілдендірілуі жатады.

Құқықтық мемлекет қалыптастырудың өзге алғы шарттарына тоқталатын болсақ, алдымен оның қоғам тұрақты демократиялық, құқықтық, саяси, мәдени дәстүрлерді ұстанатын жерлерде пайда болатынын атауға болады. Егер мәдениет, құқық, демократия, заңдылық әрбір жеке тұлғаның ішкі құндылығына айналмайтын болса, онда құқықтық мемлекет туралы ойлар да негізсіз болады.

Глоссарий (терминдер): Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, әлеуметтік жүйе, демократиялық мемлекет, зайырлы мемлекет.

1 СӨЖ тапсырмасы: Мына сұрақтар бойынша өздігінен дайындалу:

  • Құқық типі түсінігі. Құқық типін анықтайтын факторлар

  • Формациялық көзқарас тұрғысынан құқық типі

  • ¤ркениеттік көзқарас тұрғысынан құқық типі

  • Құқықтық жүйе және құқық жүйесі.

Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйе

  • Англо-саксондық құқықтық жүйе

  • Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

  • Мұсылмандық құқықтық жүйе

2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: «Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында реферат жазу.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө.. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Нормативті әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.

2.Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.

3.Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ахметова Н.С. Разделение властей-важнейший принцип формирования правового государства / / Проблема воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан. Караганда,1995.

2. Аюпова З.К. Особенности построения демократического правового государства. С.17-20. Мысль, 1999. № 4

3. Баймаханов М.Т. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан. Алматы: КазГЮА, 2001.

4. Бельгибаев С. развитие гражданского общества в Казахстане. Саясат. № 1. 2002 г. С.43-45

5. Бельгибаев С. Роль гражданского общества в переходный период. Евразийское сообщество. № 4. 2000 г.

6. Злотников С. Правовое обеспечение институтов гражданского общества в Казахстане. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 1999 г.

7. Ибраева А.С. Судьба идеи правового государства в новом веке. Вестник КазГУ. № 2. 2000 г.

8КарГУ им.Е.А.Букетова Теория и практика формирования правового государства в РК. Сб.научн.тр.-Караганда:Изд-во КарГУ, 1990, 260 с

9. Марача В.Г., Матюхин А.А. Гражданское общество и государство в Казахстане: основные понятия и особенности становления. Алматы,1999.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтық мемлекет» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық мемлекеттің түсінігі және мазмұны. Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]